Ұзақ мерзімді міндеттемелерге мыналар жатады — банктердің ұзақ мерзімді қарыздар
- банктен тыс ұзақ мерзімдік қарыздар
- мерзімі шегерілген корпоративтіқ табыс салығы.
Банктердің және банктен тыс мекемелердің ұзақ мерзімді қарыздары 1жылдан астам мерзімге, әдепте, жаңа техниканы енгізу шығындарына, өндірісті кеңейтуге,оны қайта құруға, қымбат бағалы жабдықты алуға және басқа мақсатты бағдарламаларға беріледі.
Қарыздарды алу және өтеу бойынша операциялардың арнайы аудитін өткізу үшін келесі көрсетілген шоттар. 3010 «Банк қарыздар», 3020 «Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарызы» және 3390 бөлімшенің «Қарыздар», 3050 «Басқалар» қолданылды. Оларға «Ұзақ мерзімді қарыздар» мен «Қысқа мерзімді қарыздар» аралық шоттар 1040 бөлімшенің “Банктердегі аккредетивтердегі, чектердегі; карт-шоттардагы ақша,” 1050 ”Ұлттықвалютада ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша” 3320 Еншілес ұйымдарға кредиторлық берешек”, 3310 Берушілермен және мердігерлермен есеп айырысу” және басқа шоттармен корреспонденцияда алынған қарыздар сомалары кредит бойынша, ал дебет бойынша- ақша есебі жүргізілетін шоттармен корреспонденцияда өтелген қарыздар соммасы беріледі.
Қарыздарды беру мен өтеуге байланысты барлық мәселелер банк ережелерімен және қарыз алушы ұйым мен банк арасындағы кредиттік шарттармен реттеледі. Бұл мақсат үшін кредиттік шарт рәсімделеді, онда кредиттеу обьектісі, қарыз беру мен қайтару мерзімдері проценттік мөлшерлемелер, оларды төлеу тәртібі, тараптардың қарызды берумен өтеу жөніндегі міндеттемелерді, құқықтары мен жауапкершілігі, құжаттар тізбесі және оларды банкке ұсынудың мерзімділігі мен басқа жағдай көрсетіледі.
Ұзақ мерзімді міндеттемелерді тексерген де, аудитор бәрінен бұрын баланста көрсетілген, есепті кезеңнің басы соңындағы қалдықтың бас кітаптың жоғарда аталған шоттарының журнал ордердің мәліметтеріне қарап сәйкестігін анықтауға тиіс.
Алайда мұны бірден жасауға болмайды, өйткені баланста синтетикалық шоттардың қалдықтары емес, аналитикалық есептің мәліметтері келтіріледе. Басқаша айтсақ, баланстың «Қамтамасыз етілген қарыздар», «Қамтамасыз етілмеген қарыздар» және «Ұйымдардың бір-біріне және еншілес ұйымдарға беретін қарыздары», бабтары аналитикалық есеп мәліметтер негізінде толтырылуы тиіс. Сондықтан аудитор синтетикалық есептің аналитикалыққа сәйкес болуына баса назар аударуына тиіс.
Атап айтатын жайт 3020,4020 шоттары бойынша аналитикалық есеп мерзімінде өтелмеген қарыздар, оларды берген банк түрленрі бойынша: қарыз берушілер мен қарызды өтеу мерзімі бойынша иәліметтер банк көшірмелері мен расталуы тиіс. Қарыздарды банктер тиісті қамтамасыз етуге немесе кепілдікке және белгілі бір мақсаттарға беруге тиісті болғандықтан, Біріншіден кәсіпорын басшысын қамтамасыз ету құрамына кіруін немесе кепілдікті, екіншіден қарызды мақсатты пайдалану тексеру керек. Үшіншіден, олардан ынталандыруды толықтығы мен уақыттылығына ерекше назар аудару қажет. Бұл үшін банк көшірмелерін тексеру керек. Қайтару мерзімі бұзылғанда мұнын себебін анықтау талаб етіледі.
Анализ теоретических и практических аспектов технологии обслуживания ...
... Целью курсовой работы является анализ теоретических и практических аспектов технологии обслуживания клиентов в коммерческих банках. Объектом исследования дипломной работы является ... банках и банковской деятельности», банк - это кредитная организация, которая имеет исключительное право осуществлять в совокупности следующие банковские операции: привлечение во вклады денежных средств физических и ...
Басқа кәсіпорындармен ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді қарыздарды тексергенде, аудитор қарыз берушілермен мәліметтерді салыстыру нәтижелерімен анықтауға тиісті, қайтарылмаған қарыздың қаржы қалдықтарының дұрыстығын айқындауға тиісті. Аудитор бір мезгілде басқа кәсіпорындардан қарыз алудың негізділігімен эаңдылығында, сондай ақ оларды өтеудің толықтығымен мерзімділігін тексеруі тиіс.
Сонымен қатар аудитор қарыз дәне алынған несие үшін процент төлеудің дұрыстығын тексеріп, сондай ақ кәсіпорынның өтелмеген қарыз қалдықтарымен бірге осы қарыз үшін банке тиесілі процентті көрсету жайлы шешім қабылдағанын анықтауы тиіс. Проценттер соммасы банктердің қарыздары жөніндегі процеттерді төлеу бойынша, шығыстар есебінің тиісті шоттарымен бірге корреспонденциясында ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі шоттарышың кредиті бойынша көрсетіледі.
Тексеру кезінде аудитор берешек кәсіпорынға берілген вексельдермен қамтамасыз етілгенін, ұзақ мерзімді қарыздар шотынан есептен шығарылмайтынын, вексельдік операциялар есебі ережелеріне сәйкес ескерілетін назарда ұстауға тиіс.
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің сондай ақ «Кейінге қалдырылған салықтар» бабы жатады. Бұл отандық бухгалтерлік есептің мүлдем жаңа обьектісі, жаңа термин, оның және «Салықтық төлем», «Табыс салығы», «Бухгалтерлік табыс», «Салықтық табыс», «Салықтық әсерә тағы басқаларының мазмұны 11 «табыс салығы бойынша есеп» БЕС-те ашылып көрсетіледі.
Олардың кейбірін қарастырайық:
1. есепті кезең ішіндегі салықтық төлем міндеттемелер тәсілімен салықтық әсер есебі негізінде анықталады. Бұл тәсілде табыс салығы кіріс алу барысында заңды тұлға шеккен шығыс ретінде қарастырылады және табыс пайда болған кезеңге есептеледі;
2. есепті кезеңде пайда болған уақытша айырманың салықтық әсері салықтық төлемге кіргізіледі және бухгалтерлік баланста «Кейінгіге қалдырылған салықтар» бабы бойынша көрсетіледі;
3. бап бойынша кезең басы мен соңындағы қалдықтардың анықтығын айқындау үшін Бас кітаптың 4310 «Кейінгіге қалтырылған корпорациялық табыс салығы» шотынын және 5 журнал ордердің осы шотының мәліметтері мен салыстыруы керек
4. 4310 шот кредиті бойынша мыналар көрсетіледі
- 7710 Корпорация салығы бойынша шығыстар шоты мен бірге корреспонденцияда болашақта төлеуге тиісті салықтар сомасы.
- Дебет 7710 Кредит 4310 шотынын салықтық мөлшерлемесіне ұлғаюына байланысты түзету енгізу
— Дебет 5320 негізгі құралдарды қайта бағалаудан түсетін қосымша төленбеген капитал шоты Кредиті 4310 кейінгіге қалтылылған корпорация табыс салығы шотының салықтық есептегі өсімінің артуы кезіндегі активтерді қайта бағалауға байланысты әлеуметтік салықтық әсер сомасы
Рынок труда (рабочей силы) и человеческий капитал
... различных работников. Помимо этого, руководство должно оценить и качество труда своих работников. Некоторые ... труд - земля - капитал' является первый фактор, охватывающий совокупность образовательных, квалификационных, демографических и культурных характеристик рабочей силы. Вложения средств в человеческие ... -- тоже кажется вполне очевидной. К сожалению, зачастую планирование людских ресурсов ...
5. 4310 шот дебеті бойынша мыналар көрсетіледі;
— Уақытша айырмалардың пайда болуы мен жойылуы нәтижесінде төленуге тиісті немесе 3110 төленетін корпорациялық табыс салығы және 7710 корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар шоттары мен бірге корреспонденцияда зиянды өтеу нәтижесінде есептке жатқызылатын салықтар сомасы
- Салықтық мөлшерлемесінің 4310 шоты кредиті 7710 шотынын кемуіне байланысты түзету енгізу
- 5320 негізгі құралдарды қайта бағалаудан түсетін қосымша төленбеген капитал шоттары мен корреспондеция бухгалтерлік есептегі өсімнен салықтық есептесулердегі қайта бағалау сомасы.
15. Міндеттемелер мен капитал аудиті.
29 лекция.
1. Капитал аудиті.
2. Жұмыскерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу аудиті.
1. Капитал аудиті
Жарғылық капитал құру туралы құрылтайшылық құжаттарды, есеп және есеп беру деректерін тексеру, келесі бағдарлама бойынша жүзеге асырылады:
- құрылтайшылық заттардың болуы мен формаларын тексеру;
- құрылтайшылық заттар мазмұнының заңдық және нормативтік актілерге сәйкестігі;
- жарғылық капиталды салу мерзімдерінің сақталуы мен толықтығы;
- акционерлік қоғамды құру кезінде акция төлеуге құрылтайшылар салатын мүлік құнының ақшалай бағалануын тексеру;
- оның құрылтайшылары ұйымның жарғылық капиталына берген, құралдарға салық салынуын тексеру;
- қызмет түрлерінің заңдылығын тексеру;
- жарғылық капитал мөлшерінің аталмыш құрылтайшы құжаттар мен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігі:
- жарғылық капиталды құрудың толықтығы мен дұрыстығы;
- жарғылық капиталды төлеу бойынша түпкілікті есептеу үшін заңды белгіленген мерзімдерді сақталуы;
- жарғылық капиталды құрудың есепте көрсетілуінің дұрыстығын бағалау;
- жарғылық капиталға салынған соманың шынайылығын анықтау;
- жарғылық капитал мөлшерінің өзгеру негізділігі.
Нормативтік актілерге сәйкестігін тексеру үшін жарғылық капиталдық белгіленген есеп ережелерін реттейтін құжаттар пакеті қарастырылуы тиіс. Мұндай пакет тұтынушы (клиент) қызметінің ерекшелігін ескере отырып құрылады.
Құрылтайшылық құжаттармен танысу кезінде аудитор:
- құрылтайшылық құжаттармен қандай қызмет түрлері қаралған;
- жүзеге асырылатын қызмет түрлері құрылтайшылық құжаттарға сәйкес келе ме;
- лицензиялауға жататын қызмет түрлері, осыларды анықтайды.
Лицензиялауға жататын қызмет түрлері бойынша лицензиялық болуы және оның қолданылу мерзімдері тексеріледі, өйткені мұндай қызметтүрлерін жүзеге асыруды ұйымдастыру құқығы лицензия алған сәттен және онда көрсетілген мерзімнен бастап туындайды және оның қолданылу мерзімі аяқталғанда тоқтатылады. Ондай лицензиясыз жүзеге асырылатын қызмет заңсыз болып саналады. Егер ұйымдастырушы бір ғана құрылтайшы болса, онда ол осы құрылтайшы бекітуі тиіс жарғы негізінде әрекет етеді. Құрылтайшылық қызметтерімен танысу аудиторға, оның меншік иесі кім, қай пайдаланушылардың мүддесіне тексеру жүргізілуде, соларды нақтылуға мүмкіндік береді.
Егер ұйымды бірнеше құрылтайшы құрған болса, онда құрылтайшылық шарт жасалуы тиіс, ол жарғыны құрылтайшылар бекітуі қажет.
Шаруашылық субьектілері олардың қатысушыларының бүкілі қол қойған құрылтайшылық шарт негізінде құрылады және әрекет етеді.
Аудит стандарттары туралы
... -қисапты аудиторлық тексеруге аудит стандарттары, қызметкерлер құрамы жəне сапаны тексеру тұрғысынан бірдей ... аспектілері бойынша қаржылық есеп-қисапқа белгіленген талаптарға сəйкес жасалғаны туралы пікірін ... Аудит стандарттарын қабылдаумен ... бойынша шүбəлі болып табылатын деректердің енгізілгенін немесе елеулі деректерді өткізіп алуды айқындай алмауына, содан қаржылық есеп-қисаптың шүбəсіздігін бұзу ...
Аудитор тиісті құжаттардың барлығын, бекіту процедураларының және мемлекеттік тіркеуден сақталуын анықтайды. Өйткені заңды тұлға, оны құру туралы құрылтайшылар шешім қабылдаған сәттен бастап емес, оның мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап құрылған болып саналады, егер құрылтайшылық құжаттарға өзгерістер енгізілген болса, мемлекеттік тіркеуден өу және қайта тіркеуден өту туралы куәліктерінің болуын тексеру көзделеді.
Құрылтайшылық шарттармен танысу кезінде қандай жағдайлар айқындалған, солар анықалады:
- мүлікті беру;
- қызметке қатысу;
- қатысушылар арасында пайдалар мен зияндарды бөлу;
- заңды тұлға қызметін басқару;
- құрылтайшылардың (қатысушылардың) оның құрамынан шығуы.
Шаруашылық субьектісінің құрылтайшылық шартында келтірілген ақпараттардан өзге:
- серіктестікпен жарғылық капиталының мөлшері мен құрамы туралы;
- жарғылық капиталға қатысушылардың әрбірінің үлесінің өзгеру тәртібі мен мөлшері туралы;
- олардың салымдар жасау тәртібі, мөлшері, құрамы мен мөлшері туралы;
- салымдар жасау міндеттемелерін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы;
- салымшылардың жасайтын салымдардың жиынтық мөлшері туралы жағдайлар болуы тиіс.
Ұйымның жарғысымен танысу кезінде аудитор, онда:
- ұйымның айрықша түрде ұйымдық формасын көрсетуден тұратын фирмалы атауы;
- мемлекеттік тіркеуден өткен жерімен анықталатын, ұйымның орналасқан жері;
- жарғылық капиталдың мөлшері және барлық құрылтайшылар арасындағы оның үлестерін бөлу;
- ұйым қызметінің мақсаттары мен түрлері;
- атқарушы органдар тағайындау немесе сайлау тәртібі;
- қоғамды басқару органдарының құрамы мен құзыры және олардың шешім қабылдау тәртібі;
- ұйым өкілдіктері мен филиалдарының болуы;
- капиталдар қалыптастыру тәртібі;
- дивидендтерді бөлу тәртібі;
- қолданылатын заңдарда қаралған; сол сияқты құрылтайшылармен келісілгені бірақ заңдылықтарға қайшы келмейтін өзге
- де түбегейлі мәселелер онда айқындалған ба, осылар анықталады.
Қатысушылардың құрамын талдау кезінде шаруашылық субьектілерінің қатысушылары жеке және заңды тұлғалардың болуымүмкін екендігіне назар аударылады.
Құрылтайшылардың санын және жарғылық капитал салымдарындағы олардың үлесін тексеру кезінде аудитор бір құрылтайшының жарғылықкапиталға жасаған салымдарының ең көп үлесі мен құрылтайшылардың көп саны ескеріледі, сондай-ақ жарғылық капиталдың ең аз мөлшері заңды тұлғалар үшін (тиісті түрі бойынша) заңмен анықталады.
Бұл талаптарды орындау ұйымның қызмет істеуінің, сондай-ақ кредиторлардың мүдделерін құқықтық және экономикалық қорғаудың бірден бір жағдайы болып саналады. Бұл мақсатта, оның жарғылық капиталының мөлшерінен ұйымның таза активтері мөлшерінің артып кетуі (немесе теңдігі) туралы міндетті талаптардың сақталуы тексеріледі.
Егер аудитор жылдық есеп деректеріне сәйкес таза активтердің мөлшері тіркеуден өткен жарғылық капиталға қарағанда аз болып шықса, оның таза активтерінің құнынан артып кетпейтін мөлшерге дейін ұйым жарғылық капиталды азайтқан жоқ па, сол тексеріледі.
Уставной капитал
... и по другим причинам. Изменение размера уставного капитала предприятия всегда связанно с переутверждением его учредительных документов общим собранием учредителей и их перерегистрацией соответствующих государственных органах. Увеличение уставного капитала предприятия ... капитал сложившийся как акционерный, т.е. путем выпуска и продажи акций, имеет наиболее сложную структуру, порядок формирования и ...
Жарғылық капиталды салу мерзімдерінің сақталуы мен толықтығын тексеру:
- жарғылық капитал толық қалыптасқан ба;
- қатысушылардың нақты жарналары құрылтайшылық құжаттар жағдайларына сәйкес келе ме;
- заңмен және құрылтайшылық құжатпен белгіленген, жарғылық капиталға жарналар салу мерзімі сақталған ба, осыларды анықтау болжанады.
Аудитор, заңдарға сәйкес құрылтайшылар жарғылық капиталға өз салымдарын уақтылы және дұрыс салды ма, осыларды анықтайды.
Жарғылық капиталға жарналар ақшамен, бағалы қағаздармен, өзге заттармен немесе мүліктік құқықтармен немесе ақшалай баға, не өзге де құқықтармен салынуы мүмкін. Аудитордың қатысушылар салымдарының ақшалай бағалану дұрыстығын тексеру маңызды болып саналады. Шаруашылық субьектісі қатысушысының салымдарын ақшалай бағалау субьекті құрылтайшылары (қатысушылары) арасындағы келісім бойынша жүргізіледі, ал заңда қаралған жағдайларда тәуелсіз сараптық бағалауға жатады.
Капитал сомаларын салу шынайылығы, растайтын құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығын тексеру арқылы анықталады. Ақшалай жарналар кассалық және банктік құжаттармен бекітіледі. Бекітуші (растаушы) құжаттарда жарғылық капиталға салымдар жасағаны туралы ақпарат болуы тиіс. Бұл салық салу үшін маңызды болып саналады.
Ақшалай емес салымдар жасау, салымшылар шотынан жарғылық капиталға мүлікті, мүліктік және ақшалай бағалауға ие мүліктік құқықтарды (жүк құжаттары, шоттар, негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді өткізіп беру-қабылдау актілерін, сараптық бағалау актілерін, жарғылық капиталға салымдарды бағалау келісім актілерін және т.б.) беру фактілерін бекітетін бастапқы құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығын тексеру арқылы анықталады.
Шетел валютасында көрсетілген жарғылық капиталға салымдар бойынша құрылтайшылардың борыштары мен жарғылық капиталды құру құрылтайшылық құжаттарға қол қою күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бағамы бойынша теңгерген қайта есептеуге жатады. Аудитордың қолданылған шетел валютасы бағамының дұрыстығын және теңге эквивалентіндегі қайта есептеу дұрыстығын тексереді.
Бөлінбеген кіріс – бұл бүкіл салықтар мен міндетті төлемдерді төлеп болғанна кейінгі субьектісі кірісі. Ал бухгалтерлік есеп стандарты мен анықталатын субьекті кірістері мен шығыстары арасындағы айырма ретінде есептеліп шығарылады.
Негізгі және негізгі емес қызметтен алынған субьектінң бүкіл кірістері бухгалтерлік есеп шоттары Бас жоспары 7 бөлімі шоттарының кредиті бойынша есепті кезең ішінде есепке алынады, ал жыл соңында осы шоттардың дебетінен 5610 «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» шотына есептен шығарылады.
Субьектінің бүкіл шығыстары есепті кезең ішінде дебет бойынша, бухгалтерлік есеп шоттары Бас жоспары 8 бөлімінің шоттарында есепке алынады, ал жыл соңында осы шоттар кредитінен 5610 «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» шотына есептен шығарылады. Бұдан көзделетіндей, 5610 «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» шотының дебеттік айналымы субьектінің барлық шығыстарының мөлшерін, ал кредиттік айналым – кірістерді көрстеді. Дебеттік және кредиттік айналымдарды салыстыра отырып, қаржылық нәтижені анықтайды: егер дебеттік айналым кредиттік айналымнан көп болса, онда қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі – зиянды болады, егер дебеттік айналым кредиттік айналымнан аз болса, онда – табысты.
Теория капитала: стоимость, деньги, товарный фетишизм
... нельзя понять как законы и логику развития капитализма, так и формы использования товарно-денежных отношений в условиях социализма. Поэтому, я начну с изучения теории стоимости. ... анализировать условия материальной жизни общества, условия производства материальных благ. Центральной категорией теории товарного производства и теории стоимости, как её составляющей, является товар, которому исторически ...
Сөйтіп, 5610 «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» шоты бойынша алынған нәтиже (сальдо) 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)» шотына ауыстырылады.
Аудиторлық тексеру жүргізілетін субьекті бөлінбеген кірістері есебінен құрылтайшыларға дивидентерді алады, ал қалған соманы 5520 «Өткенжылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)» шотына ауыстырады. Аудитор 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)», 5520 «Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)» шоттары бойынша бірнеше кезеңмен сальдоның шынайылығын тексереді. Бірінші кезекте, аудитор: