Ұлттық экономика және оның қызмет ету деңгейі

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Ұлттық экономиканың құрылымы

2. Экономикалық құрылымның пропорциясын және қарқының стратегиялық

жоспарлау

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Менің таңдап алған жұмысымның тақырыбы Ұлттық экономика және оның

қызмет ету деңгейі.

Мен осы тақырыпты жаза отырып, өзімнің мамандығымның қыр-сырын ашық

түрде түсімнемін, яғни бұл тақырып маған жалпы ұлттық экономика және

ұлттық экономиканың қызмет ету деңгейі туралы кеңінен түсіндіретін

мағлұмат береді деп ойлаймын.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының экономикасын жетілдіруде

ұлттық экономиканың қызмет ету деңгейі алғашқы орынды алатыны сөзсіз.

Жалпы, ұлттық экономика кез-келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы

экономикалық қатынастардың құрамдас бөлігі. Ұлттық экономиканың қызмет ету

деңгейі – яғни, ұлттық экономика жүйесін экономикалық ғылымда баланстық,

қызмет ету деңгейінің, бағыттарының бірі болып табылады.

Экономикалық теорияда шаруашылық практикасы сияқты қоғамдық өнімнің

әр қилы өлшемдерін пайдаланады. Бұл әр қилылық мына жайлармен байланысты:

Біріншіден, қоғамдық өндірісті сипаттауға теориялық тұрғыдан жан-

жақты қарау;

Екіншіден (бұл бірінші жағадйдан туымдайды) статистикалық есептеудің

сан алуан метологиясы;

Үшіншіден, қоғамдық өнім қозғалысының әр түрлі сатысы тиісінше

макроэкономикалық көрсеткіштерді талап етеді.

1. Ұлттық экономиканың құрылымы

Ұлттық экономика құрылымын қарастыруда қоғамдық өндіріс құрылымы

түсінігін анықтаудан бастаған жөн. Ұлттық экономика құрылымы дегеніміз,

сол мерзімде экономикада әр қилы факторлар ықпалымен, қоғамдық еңбек

бөлінісі мен қоғамдық ұдайы өндіріс пропорцияларын сипаттайтын салалардың

арақатынасы. Қоғамдық ұдайы өндірістің пропорциялары өндірістің әр қилы

элементтері мен бөліктерінің қалыптасқан арақатынасы. Қоғамдық ұдайы

өндірістің пропорциялары өндірістің әр қилы элементтері мен бөліктерінің

қалыптасқан арақатынасы және ұдайы өндірістік процестің жеке фазаларының,

8 стр., 3933 слов

Влияние девальвации тенге на технологическую трансформацию казахстанской ...

... началось, что дало импульс для национальной экономики. Благодаря экспорту сырья начался приток иностранной валюты в национальную экономику, поступление налогов и бонусов позволило правительству ... экономикасыны? те?герімсіздік сіз барабарлы? филиалы ??ру ж?не отанды? к?сіпорындарда ?ндірілген ?лтты? валютаны? м?ні ?амтамасыз ету, ?лемдік нары?та технологиялы? т?уелділікті е?серу кезде ?ана же?уге ...

факторларының, салаларының т.б. арасындағы өзара байланыс пен өзара

тәуелділікті сипаттайды.

Қоғамдық ұдайы өндіріс пропорцияларының құрылуы объективті

экономикалық заңдар ықпалымен қалыптасатын күрделі әрі қайшылықты

экономикалық процесс. Оны орнату, ұстау, өзгерту шаруашылық тетігінің

тиімді қызмет етуіне әсерлі ықпал етеді және өз кезегінде сол елдің

әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалына, өндіргіш күштерінің даму дәрежесіне,

ғылыми-техникалық прогресс қарқыны мен ауқымына тәуелді.

Экономикалық процестердің арасындағы байланыс белгісі бір сандық

пропорциялар арқылы көрсетуге қарай былайша бөлінеді:

1. Жалпы экономикалық қоғамдық ұдайы өндірістің элементтерінің

арасындағы сандық арақатынас (мысалы, тұтыну мен қор жинау, жалпы

ұлттық өнім мен ұлттық табыс, өндіріс құрал-жабдықтары өндіріс пен

тұтыну заттары, өндірісі т.б. арасындағы);

2. Салааралыққа — қоғамдық өндірістің әр қилы салаларының сандық

арақатынасы (мысалы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы материалдық пен

материалдық емес, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп т.б. арасындағы);

3. Ішкі салааралыққа – сала мен өндіріс ішіндегі сандық арақатынас

(мысалы, шойын мен болат, мақта-мата өндірісі т.б.);

4. Мемлекетаралыққа – ұлттық шаруашылықтар мен әр қилы елдердің жекемен

өндіріс салаларының сандық арақатынасы.

Ұлттық экономиканың құрылымы жалпы өнімнің ұлттық салалық құрылымы арқылы

көрініс алады.

Ұлттық экономиканың салалық құрылымындағы сияқты, жұмыспен қамту

саласында да осы заңдылықтар байқалады, ауыл шаруашылығында қызмет

ететіндер үлесі күрт қысқарады да, өнеркәсіп өндірісіндегі еңбек ететіндер

үлесі артады. Қазіргі кезеңде ұлттық экономиканың құрылымына ғылыми-

техникалық революция шешуші ықпал етеді. Ғылыми-техникалық рефолюция

қоғамның өндіргіш күштерін дамытуда жаңа тарихи дәуірдің бетін ашып отыр.

Ғылым қоғамның өндіргіш күштерінің маңызды элементтерінің біріне айналып

отыр.

Ұлттық экономика және оның қызмет ету деңгейі барысында қоғамның

басты өндіргіш күші – адамның өндіріс процесіндегі ролі мен орны түбегейлі

өзгереді. Техника дамуының әр қилы тарихи кезеңдерінің критерийі атқарушы

қызметтің адамнан техникаға көшуі, осыған сәйкес адамның машинамен

байланысының технологиялық әдісі түбірлі өзгеріске ұшырады. Осы критерийге

сай қоғамдық өндіріс дамуының былайша айтқанда, технологиялық өндіріс

әдісінің дамуының негізгі кезеңдерін бөлуге болады:

1. Қол еңбегіне негіздеоген өндіріс. Бұл кезеңнің ерекше сипаты

технологиялық процесте адамның техникамен байланысының күшеюінде,

адам еңбек процесінің материалдық негізіне, ал еңбек құралдары оның

жұмыс орындарына қуат беріп отырады.

2. Еңбек процесін механикаландыруға негізделген машина өндірісі. Еңбек

процесінің материалдық негізін машина қалайды, адам оны толықтырады.

3. Автоматтандырылған өндіріс. Өндіріс процесінің материалдық негізін

машина автоматтар құрайды. Адам өндіріс қатарында творчестволық,

жасампаздық қызмет атқарады. Мұндай жағдайда өндіріс технологиясы

3 стр., 1442 слов

Араша лтты валюта к н

Осы күн тарихи датаға айналды, бұл күнді Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы Күні ретінде атап өтеді. Ұлттық валюта – теңге Қазақстан ... үшін қабылдауға міндетті заңды құралы болып табылады. “Ұлттық валюта – теңге (қолма-қол ақша) банкнота және ... ғы суреттерде мифологиялық сюжеттер, тұрмыс-салт көріністері бейнеленген. Монеталар – халықтардың экономикалық және саяси тарихын, олардың материалдық ...

адамның физикалық және психологиялық мүмкіндіктерімен де шектелмейді.

2. Экономикалық құрылымның пропорциясын және қарқының стратегиялық

жоспарлау

Енді дамыған елдердің қоғамдық өндірісіндегі құрылымдық өзгерістердің

қазіргі тенденциясын қарастыруға көшелік, ол барынша жоғары дәрежеде ғылыми

техникалық революциялық дамуымен сипатталады. Бұл мыналармен байланысты,

  • біріншіден, ғылыми-техникалық прогресс жетістігі, принципиалды

жаңа технологиялар, осымен байланысты ұлттық экономиканы қайта құруды талап

етеді.

  • екіншіден, салалық құрылымдағы интенсивті қозғалыс пен өзгерістер

ғылыми-технологиялық жетістіктердің қолдану дәрежесін, қоғамның өндіргіш

күштерінің дамуының объективті қажеттілігі дәрежесінің көрсеткіші. Қазіргі

кезде ғылым мен техниканың дамуының негізгі бағыты экономиканы қайта

индустрияландыру ол болса бүкіл қоғамдық өзгерісті одан әрі

интенсивтендіруді мына негізде қамтамасыз етеді: өндірісті принципиалды

жаңа ресурстар мен энергияны үнемдейтін, әрі экологиялық тұрғыдан таза

технология негізінде қайта құру, өндірілетін өнімдер мен өндірістің

техникалық-экономикалық параметрінің сапасын жақсарту, өнеркәсіптің сапасын

жақсарту, өнеркәсіптің ғылымды көп қажет ететін салаларын одан әрі дамыту

және олардың жалпы ұлттық өнімдегі үлесін көтеру, ғылым мен техниканың

соңғы жетістіктерін енгізу жасымен өндірістік емес салалы индустрияландыру.

Алға қойылған міндеттерді практикалық тұрғыдан шешу жолы мемлекеттің

экономикалық саясатын, ең алдымен инвестициялық саясатының икемділігіне

тәуелді. Ұлттық өнімнің өсу қарқынын тезделуге бағытталған мемлекеттің

экономикалық процестерді реттеуге белсенді араласуын қолдайды.

Мұндай жағдайда мемлекеттің инвестициялық саясаты күрделі қаржы

көлемін сандық тұрғыдан өсіру арқылы өндіріс көлемін ұлғайтуға

бағытталады. Қоғамдық өндірісті интенсивтендіру негізінде экономиканы

құрылымдық қайта құрудың міндеттері жаңа инвестициялық саясатты ұсынады.

Өнеркәсібі дамыған елдерде бүгінгі таңдағы салалық құрылым ғылыми-

техникалық революцияның негізгі бағыттары мен ауқымын анықтайтын өндірістің

ғылыми сыйымдылығы жоғары салаларға біртіндеп ауысуда. Ұлттық экономиканың

мұндағы негізгі қызметі өнеркәсіптің ғылыми сыйымды салаларына тек сандық

өсім ғана емес, сапалық өлшемдерде тән. Ең алдымен мұнда еңбек

өсімділігінің өсу қарқыны басқа салалармен салыстырғанда 2,5, 3 есе

жоғары. Соншалықты еңбеу өнімділігінің жоғары қарқынмен өсуі осы салалық

қазіргі жоғары автоматтандырылған материалдық базасы есебінен қамтамасыз

етіледі. Әр жыл сайын бөлінетін күрделі қаржының үштен бірі және өңдеуші

өнеркәсіпті ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаржының 75-80% осы саланың

үлесіне тиеді.

Дәстүрлі салаларда қайта құру мен модернизациялауды жүргізудің

мақсаты:

Біріншіден, өте тиімді жабдықтарды енгізе отырып, өндіріс шығындарын

14 стр., 6707 слов

Банкнота. Сфера обращения банкнот

... платежи. Впоследствии название «банкноты» сохранилось и за неразменными бумажными деньгами. В данном реферате мы расскажем о истории появления банкнот, о том почему появилась необходимость создания ...

азайту және осы саланың өнімдерінің бәсекелік қабілетін көтеру.

Екіншіден, шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайына, экономикалық жаңа

құрылымына бейімдеу, мұнда жетекші рөл өндірістің ғылыми сыйымды саласына

ауысады. Сонымен, ұлттық экономиканың қызмет ету деңгейі, барысында

құрылымдық қайта құру ең алдымен шаруашылықтың дәстүрлі салаларының

арасындағы өзара тәулділік пен дара байланыстылықты күшейтеді. Қазіргі

кезеңдегі ғылыми жұмыстар мен зерттеулердің ауқымы соншалықты, қоғамдық

өндірістің құрамында ғылыми-зерттеу және конструкторлық сынақ сияқты жаңа

бір саланың орын алғаны ғылыми-техникалық прогреспен қызмет етеді.

Ұлттық экономикадағы белгілі дәрежедегі түпкі өнім бойынша

фирмалардың ғылыми зерттеу бюджетіндегі қаражаттың құрылымы да маңызды.

Өнеркәсіп фирмаларының мақсаты пайданы көп келтіру, түптеп келгенде, бүкіл-

ғылыми зерттеулер мен жұмыстар шығындарын азайтуға және өндіретін

тауарлардың бәсеке қабілетін көтеруге бағытталған. Бұл принцип ұлттық өнім

экономикасы түрлерін өндіру немесе технологиялық процестер мен өндірісті

жетілдіру жолымен мүмкін болады.

Мұнда корпорацияның экономикалық және ғылыми-техникалық стратегиясы

алғашқы екі бағыт жағына қарай ауысады.

Дамыған елдердің көпшілігінің ұлттық экономикасының басынан кешіп

жатқан қазіргі құрылымдық қайта құру тағдырын ғылыми-техникалық революция

анықтайды. Қазіргі құрылымдық өзгерістер жай сандық өзгерістермен емес,

сапалық белгілермен сипатталады, ол болса болашақта құрылымдық

қозғалыстарды зерттеу мекемесіне жаңаша қарауды талап етеді.

Алғашқы рет ұлттық есеп-шот жүйесінің кестесі 1953 жылы БҰҰ-ның

статистикалық бөлімінде басылып шықты. Қазір барлық әлемдегі елдерде ол

стандарт ретінде қабылданды. Ұлтық есеп-шот оның жүйесінде метрикалық түрде

бейнеленген, онда әрбір есеп-шот табыс және шығын матрицаларда көрсетілген.

Ұлттық деңгейін құрудағы ертеректегі талпыныстан А.Стоун ұсынған

айырмашылық сол, ал алғашқы рет макродеңгейде екі еселей жазу принципін

қоғамдық матрицаларда қолданады.

Стандарттық сипаттамалар – ұлттық өнім тұтыныс, сауда балансы және

басқалары солай топталған, олар экономика құрылысы мен оның қызмет жасау

процесіне толыққанды бейнеленгенін көрсетеді. Мұнда сондай-ақ қаржы балансы

ұлттық есеп-шот жүйесі және демографиялық есептеп шығару жүйесін құру

енген.

Қоғамдық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіштерінің ең маңыздысы:

жалпы қоғамдық өнім, жалпы ішкі өнім.

Стандарттық сипаттамалар ұлттық өнім, тұтыныс, сауда балансы

және басқалары солай топталған, олар экономика құрылымы мен оның қызмет

жасау