Бүгінде ресми мәліметтерге қайшы келетін бейресми мәліметтерде соңғы 5 жылда Қазақстанның көлеңкелі экономикасындағы ақша көлемі ондап емес, жүз миллиардтаған доллармен есептелуде. Бұл еліміздің жалпы ішкі өнімінің көлеміне теңгеріледі. Жуырда 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасының жүзеге асырылу барысын сөз еткен ҚР Президенті Н.Назарбаев жалпы ішкі өнімді жедел арада екі есеге дейін көбейту керектігін айтқан болатын. Сарапшылар қауымы көлеңкелі экономикада жүрген қаражаттың көмегін пайдалануға болатынын айтады. Өйткені салық төленбейтін ақшаға мектеп, аурухана, емхана, балабақша салынбайды, көшелер жөнделмейді, жаңа жұмыс орындары ашылмайды, яғни елдің экономикалық-әлеуметтік дамуына үлес қосылмайды. Отандық БАҚ таратқан деректерге сүйенсек, Қазақстанның көлеңкелі экономикасындағы ақша 2007 жылы 18 млрд. долларға жеткен. Ал Халықаралық қаржы қоры 2011 жылы еліміздің жалпы ішкі өнімі 214,84 млрд. долларға жеткенін хабарлаған еді. Бұл Жер шарындағы 182 мемлекеттің ішіндегі 53-орын. Мамандар қауымы көлеңкелі бизнес пен экономикадағы қаржы көлемінің артуы қолма-қол ақшаның молдығынан дейді. ҚР Ұлттық банкі 2012 жылдың 1 қаңтарында елдегі қолма-қол қаражат көлемі 14 пайыз екенін айтқан.
Дамыған елдердегі бұл көрсеткіш 2 есеге төмен. Негізі солай болуы тиіс. Қаражаттың ағыл-тегіл ағылуына екінші деңгейлі банктердің де қосқан «үлесі» мол. Мысалы 2011 жылы жекеменшік банктер141,9 млрд. теңгені ақшаға айналдырған. Бұл жерде ақшаға айналдырылған шетелдік валюта туралы айтудың өзі артық. Үкімет заңсыз ақша көлемін банктердегі ақшаға айналдыруға байланысты алынатын төлемді 10-15 есеге дейін (қазіргі төлем – 5 пайыз) көтеру арқылы төмендетуді жоспарлап отыр. Жуырда ғана Экономикалық және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Айбар Боданов бұл шараны бір күндік және тұрақты жұмыс істейтін кәсіпкерліктің барлығына дерлік бірдей қолданатынын жеткізген. Әлбетте әзір бұл қағаз жүзіндегі жоспар. Оның үстіне қағаз ақшаның барлығын Еуропа мен Америкадағы секілді электорнды ақшаға айырбастау мәселесі қолға алынған. Демек оңай олжаға құныққандар қолдағы ақшасын өз еркімен жариялап, салықты ешкімнің қыспағынсыз төлей қоюы неғайбыл.
отыр
T03.08.2012
АЛМАТЫ. 31 шілде. ҚазАқпарат — Көлеңкелі экономикадағы өндіріс көлемі әлі белгісіз. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Көлеңкелі экономика және көшедегі базар: мүмкіндіктері мен әлеуметтік-саяси және экономикалық тәуекелдері» деп аталатын конференцияда айтылды.
Заманауи экономикада ы биржа
... үйесі. Экономикалық және әлеуметтік шығындар қозғалысы кезіндегі ашық экономикадағы болып ... Отандық компаниялар нашар үйренуде заманауи корпоративтік басқару стандарттарын тұ ... де салаларды жұмыс істейтін ішкі сұраныс, өйткені сол ... $137 млрд. құрады. бұл Ретте, экспорт ($92 млрд) екі есе импорт ($45 млрд). Осылайша, ... құрылымдары, биржа, монополияға қарсы реттеу туралы заңнама, сыртқы экономикалық қ ...
«Қаржы полициясының мәліметі бойынша, көлеңкелі экономикадағы ақша айналымы 30 миллиард доллардан асып отыр. Жалпы ұлттық өнімнің көлемі 2011 жылы 27 триллион теңгені құрады. Бұл көлеңкелі экономиканың жалпы экономикадағы көлемі 16 пайыз деген сөз. Оны заңға сәйкес жұмыс жасайтын секторға шығару үшін ең алдымен бизнес жүргізу тетіктерін оңтайландыру қажет», — дейді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Басқарушы директоры Ғабит Лесбеков.
Оның айтуынша, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Қаржы министрлігінің мәліметіне қарағанда, бір жолғы талонмен жұмыс жасайтын өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етушілер саны елімізде 130 мыңнан асады. Оның әрқайсысында 3-4 адам жұмыс жасайды десек, оның бәрі көлеңкелі секторда деуге болады. Сондықтан 2013 жылы бір жолғы талон қолданыстан алынған соң олардың бәрі жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге мәжбүр болады. Олар белсенді кәсіпкерлердің саны көбейтеді.
Ғ.Лесбековтің сөзіне қарағанда, «қазір тіркелген 1 миллион 300 мыңнан астам кәсіпкердің 747 мың ғана белсенді түрде жұмыс жасауда. Оған әсер етуші факторлар өте көп. Оның ең негізгісі, әкімшілік кедергілер. «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасының белсенді кәсіпкерлердің жұмысын жандандыруға әсері бар. Егер кәсіпкерлер ресми түрде тіркелсе, әлеуметтік бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік алады».
Елбасы Үкіметтің алдына шағын бизнес ұлттық өнімнің 40 пайызын құрауы керек деген тапсырма жүктеді. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өкілінің пайымдауынша, кәсіпкерлерлікті тіркеу жүйесі енгізілген кезде статистика агенттігі өнім көлемі мен онда жұмыс жасайтындардың санын есептеп шығады. Сондықтан кәсіпкерлік субьектілердің саны мен сапасы қаншалықты өзгергеніне бір жыл өткен соң ғана талдау жасауға болады. Ал оған дейін көлеңкелі экономикадағы өндіріс көлемі мен онда жұмыс жасап жатқандардың нақты үлесін ешкім айта алмайды.
АСТАНА, 3 қыр – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік органдарда қаржылық тәртіпті қатал жолға қоюды, көлеңкелі экономика үшін заңнамалық кедергілер құруды, сондай-ақ еліміздің ішкі және сыртқы қарызын бақылауды жеделдетуді тапсырды.
«Жалпы алғанда қаржылық тәртіпті нығайту қажет. 2011 жылы заң бұзушылықтармен жұмсалған қаражат көлемі 300 миллиард теңгені құрады. Жауапкершілікке алты саяси және 130-дан астам әкімшілік қызметкер тартылды. Мұнда парламенттің депутаттары және «Нұр Отан » фракциясы өте қатал болуы тиіс, осы процесті бақылаулары тиіс», — деді Назарбаев дүйсенбіде Қазақстан парламенті бесінші шақырылымының екінші сессиясының ашылуы барысында.
Бұл ретте ол тағы бір маңызды міндет көлеңкелі экономика үшін заңнамалық кедергілер құру және бюджет қаражатын «көлеңкеге» бұрып әкетудің жолын кесу жұмысы екенін атап айтты.
«Біз бұл туралы көп айттық. Үкімет те жұмыс істеп жатыр. Алайда, соған қарамастан «көлеңкелі» экономика әжептәуір ауқымға ие болып отыр», — деді Елбасы.
Сондай-ақ, мемлекет басшысының айтуынша, еліміздің ішкі және сыртқы қарызын бақылауды жеделдету қажет.
Оба ауруы туралы қазақша
... не 500 жыл. Кейбір мамандардың пікірінше, алғашқы тарихи аталу туралы обасы бар бесінші және алтыншы тарауларда Бірінші Кітап Мойындап, ... сондай-ақ жұқтыру адамдардың иттер мен мысықтарды, қаза болғандар пневмонической нысанын оба. Адам биттер мен кенелер, сондай-а ... ң сопровождающегося дамуына көбінесе өкпе аурудың түрлері. Патогенезі. Шаққан кезде жұқтырған чумными бактериялар бүрге адамның орнында ...
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментімен (қаржы полициясымен) көлеңкелі экономика саласында заңсыз ойын бизнесіне қарсы бағытталған ауқымды жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласында орналасқан барлық ірі базарларда тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде заңсыз жұмыс істеп жатқан бірқатар ойын залдарының жұмысы анықталды.
Атап айтқанда, ағымдағы жылғы 16 қыркүйекте Шымкент қаласында орналасқан «Алаш», «Самал» және «Айна» базарларында жалпы саны 14 ойын залдарының заңсыз қызметі анықталып, 141 ойын автоматтары айналымнан алынды, қазіргі таңда аталған заңсыз ойын залдарының қызметтері толығымен тоқтатылып, жауапты тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда.
Абай ОМАРОВ (коллаж)
Он шақты жыл бұрын еліміздегі көлеңкелі экономика үлесі 60 пайызды (!) құраса, қазір бұл көрсеткішті ресми статистика 20 пайыз деп көрсетеді. Бірақ отандық мамандардың көбі соңғысына күмәнмен қарайды. Яғни оның үлесі статистикадағыдан әлдеқайда жоғары болуы керек. Еліміздің жалпы ішкі өнім есебіне алынбаған мұндай заңсыз табыстың жылыстап қайда кетіп жатқаны да белгісіз. Бәрінен бұрын, ел экономикасы артқан сайын, сонымен бірге көлеңкелі бизнестің де өсуі бұл мәселені одан сайын ушықтыра түсуде. Кезінде мәселе шешімі ретінде Үкімет электрондық қаржы министрлігін құру қажеттігін айтқан-тұғын. Алайда осы бастамаға тікелей қатысы бар, бүгіндері арнайы жұмысшы топпен талқыланып жатқан «Электрондық сауда-саттық туралы» заң жобасына кейбір министрліктер көлеңкелі экономиканың үлесін күрт төмендетуге ықпалы бар электрондық коммерцияны бастапқы белгілі бір мерзімге салықтан босатудан бас тартып отыр. Бұл туралы өткен апта соңында Алматыдағы Саяси шешімдер институтында өткен дөңгелек үстел барысында Экономикалық даму және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Қазыбаев мәлім етті.
Экономикалық даму және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Қазыбаевтың айтуынша, бұл арада бірқатар мемлекеттік органдар елімізде салық деңгейі онсыз да төмен әрі бизнеске ыңғайлы болып табылады. Сондықтан бұл ретте қандай да бір салықтық жеңілдіктер туралы мәселені қозғаудың қажеті жоқ деген позицияны ұстанады.
– Біз былтыр аталған заң жобасының елімізге керек екенін айтып бастама көтердік, биыл оның қағаз жүзіндегі нұсқасын түрлі деңгейде талқылап жатырмыз. Аталған заң жобасы еліміздегі бірқатар заңнамаға түзетулер мен өзгерістер енгізуді қажет етеді. Олар: Қылмыстық кодекс, Салық кодексі, Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заң, Балалар құқығын қорғау туралы заң, Жарнама туралы және тағы басқасы. Мұның ішінде әзірге басы ашылмай тұрғаны Салық кодексіне қатыстысы. Өйткені бірқатар мемлекеттік органдардың пікірінше, еліміздің салық деңгейі онсыз да төмен әрі бизнеске ыңғайлы болып табылады. Сондықтан бұл ретте қандай да бір салықтық жеңілдіктер туралы мәселе қозғаудың қажеті жоқ, – дейді ол.
Аталған заң жобасында интернетте материалдық сипаты жоқ тауарларды сатып алу бойынша айналымды қосымша құн салығынан босату және төлем карталарының айналымы бойынша қосымша құн салығын 10 пайызға дейін төмендету ұсынылып отырғанын баса айта кетелік. Дегенмен осы норманы заң жобасына енгізуді сұрап отырған Қазақстандағы интернет қауымдастық өкілдері ресми органның мұндай уәжімен келіспейтіндігін айтады.
Ұлттық валюта: ұлттық тенгенің пайда болуы туралы қазақша
... ұлттық валютамызды енгізу туралы көптеген мәліметтер келтірген. Ал Қазақстан республикасы ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко жалпы теңге туралы ... талдаудан соң нұсқаның ішінен ұлттық валютаға тікелей көшу туралы шешім қабылдады. Біз сол кезде республика осындайда ... техникалық дайындықты қамтамасыз ету мен ақша-несиелік, салық –бюджеттік, әлеуметтік және сыртқы экономикалық салаларда шаралар ...
Константин Горожанкин, _«Award.kz» Ұлттық интернет-жүлде» қорының директоры:
– Біз бұл ұсынысты алдарыңызға тартпастан бұрын, ЮСАЙД-тың зерттеулерімен танысып, өзіндік мониторинг те жасадық. 1997 жылы АҚШ «Интернетті салық төлемдерінен босату туралы» Заңды қабылдады. Басында бұл жеңілдік үш жылға белгіленді. Бірақ ол бүгінгі таңға дейін ұзартылып келеді. Елімізде интернет-бизнес дамудың даңғыл жолына түсуі үшін біраз уақыт керек. Сондықтан кем дегенде үш жылға осындай жеңілдік берілсе дейміз._
Шавкат Сабиров, _Қазақстандағы интернет қауымдастықтың президенті:
– Электрондық коммерцияны дамыту керек. Өйткені мұндай жағдайда көлеңкелі бизнес жойыла бастайды. Жеңілдік берілді екен деп интернет сауда-саттығы бірден дамып кетеді деген жаңсақ пікір. Қалай дегенмен де электрондық коммерция туралы заң біздің бизнесті дамытады, Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында көптеп инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Өйткені Ресей мен Белоруссияда бізге қарағанда бизнесті жүргізу жайы қиын әрі салынатын салықтың көлемі жоғары._
Ары қарайғы дәйектемелерді тыңдағысы келмеген ресми өкіл өзінің бастапқы ұстанымын наразы қауымға былайша дәлелдеп бағуға тырысты:
– Бұл арада қосымша құн салығы жоқ екен деп АҚШ-ты мысалға келтірудің жөні жоқ. Қазір АҚШ сол заңнан зардап шегіп отыр. Саудагерлер жалға алған көшедегі дүкендерде сатылым күрт төмендеген. Адамдар ол жерге тек киімді шақтап өлшеп көру үшін ғана барады. Өйткені интернетте оның құны әлдеқайда арзан. Яғни тұтынушылар үшін тауарды дүкеннен емес, интернеттен сатып алған әлдеқайда тиімді. Сондықтан заңды қабылдамастан бұрын риэлтор мен интернет коммерция арасындағы байланысты тепе-тең ұстау – біздің министрліктің міндеті. Яғни жұмысшы орнын сақтау әлдеқайда маңызды. Бүгіндері электрондық сауда-саттық заңсыз да жақсы дамып келеді, оның бөлшек саудаға да кері ықпалы жоқ. Сондықтан осы ауанды сақтағанды жөн көріп отырмыз, – дейді Айдар Қазыбаев.
Ал Қазақстандағы интернет қауымдастықтың Ақпараттық-сараптамалық қызметінің жетекшісі Бағлан Айдашовтың пікірінше, электронды коммерция мен бөлшек сауданың бір-бірінен айырмасы жоқ, ол екеуі бір-біріне бәсекелес болатын субъектілер емес.
– Электрондық сауда – бөлшек сауданың қосалқы бір бөлшегі ғана. Жаңағы көшеде тұрған дүкеннің интернет-дүкені де бар. Сондықтан дүкен иесіне сатып алушы қай жолмен келіп жатқаны маңызды емес, бастысы ақша түсіп, сауда жүріп жатса болғаны. Ал интернет-дүкенде тауар арзан болады деп қайғырудың қажеті жоқ. Қазірдің өзінде елімізде бұл жолды тиімді пайдаланып отырған саудагерлер бар. Мәселен, «Технодом» сауда үйінің бір өкілі: «Бізде интернет арқылы сауда жасап, тапсырыс беретіндер үшін 5 пайыздық жеңілдік бар. Сондықтан жұрт біздің дүкенге бас сұғып, қажетті тауарын таңдайды, бірақ оны интернет-дүкен арқылы сатып алады, өйткені онда ақшасын үнемдейді», – дейді. Яғни «Технодом» қожайыны бұдан да өзіндік пайданы көріп отыр, – дейді ол.
Аталған дөңгелек үстел барысында салықтан тыс тағы қызу талқыланған тақырыптың бірі – электронды шот-фактураны енгізу. Бұл ұсынысқа келгенде барлық тарап ымырамен сөз байласты.
Айдар Қазыбаев, _Экономикалық даму және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасы:
– Біз интернет-дүкен арқылы көп көлемде тауарға тапсырыс бергендерге шот-фактура беруді міндеттеу қажет деп білеміз. Қазір Қаржы министрлігі бұл мәселенің мәнісін өздерінше талқылап жатыр. Үкімет те электронды шот-фактураның қажет екенін қолдап отыр. Сол секілді елімізде төлем карталарының айналымы деген мәселе бар. Егер адам төлем картасы арқылы төлем жасаса, сол қызмет түрінің шығын сомасы кімнен шегерілетіндігі даулы мәселе болып келеді. Сол секілді төлем карталары арқылы сауда жасағанда, салық алымы мәселесін де қайтадан қарастыру керек._
Оценка эффективности рекламной кампании в сети Интернет
... Методы и средства проведения рекламных кампаний Рассмотрим основные виды рекламы в сети Интернет, а также средства, используемые в процессе рекламной кампании. Итак это: Регистрация сервера в ... определенный эффект. Участие в работе телеконференций, аудитория которых ... в тематические списки рассылки, соответствующие области деятельности вашей компании. Интересны компании, ... и дизайнеров о том хороша та ...
Интернет-дүкеннің жұмысын жеңілдететін қауым да осындай мәселелер заңда қамтылса игі болар еді деп қауқылдасып қалды. Өйткені, біріншіден, ол коммерсанттардың жұмысын әлдеқайда жеңілдетер еді, екіншіден, электронды тұрғыдан болғандықтан, бұл арада қағазбастылық мәселесінің жолы жабылады.
Қазақстандағы интернет қауымдастық келтірген деректерге сүйенсек, еліміздегі интернет сауда-саттықтың даму деңгейі 1 пайызға жетер-жетпес. Бірақ өсім қарқыны 22-23 пайызды құрайды екен. СNP компаниясының мәліметіне сенсек, 2015 жылы еліміздегі электронды коммерцияның айналым көлемі 3 миллиард долларды қамтуы керек екен