ИНФЛЯЦИЯ
3.5 сурет — Ифляцияның негізі түрлері
Болжамды, күткен инфляцияны кенеттен өршитін инфляциядан ажырата білу керек. Күткен инфляцияның мерзімін анықтауға болады, үкімет оны «жоспарлайды», мысал ретінде Ресей федерациясының, Қазақстанның 1991 жылы бағаны ырықтандыру алдында жасаған бағаны жоғарлату қарқынының бағдарламасын келтіруге болады.
Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен сипатталады, ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді. Егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысының құнсыздануынан қауіптеніп артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік бүркемеленеді, шаруашылықтың қалыпты жайы бұзылады. Бағаның тұтқиылдан шарықтауы инфляцияны күтуді одан әрі арандатып, бағаның өсуін өршітеді. Егер бағаның тұтқиылдан өсуі «инфляцияны күту» басталмаған экономикада орын алса, онда халықтың бағаның өсуіне көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт өсуі қыска мерзімді құбылыс, ол төмендейді деген үмітпен, тұтыну-шылар рынокқа сатып алу қабілеті бар сүраныс ретінде ғана ақша жүмсайды, кебірек сақтап, жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне оны төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы да өзінің тепе-теңдік жағдайына келеді. Біз рыноктық шаруашылық қызметінің әсерін, оңды нәтижесін көрсеттік. Мұны Пигу эффектісі деп атайды.
Батыс экономистері жасаған теорияларда инфляцияның альтернативті қайнар көздері ретінде сұраныс инфляциясы мен шығындар инфляциясын көрсетеді. Бұл концепциялар инфляция болуының әр түрлі себептерін атайды.Бұл түрлерінен басқа инфляцияның типтеріде бар.
Сұраныс инфляциясы. Сұраныс пен ұсыныстың арақатысының бұзылуы сұраныстан көрінеді. Мұндағы негізгі себептер: мемлекеттік тапсырыстардың ұлғаюы (әскери, әлеуметтік шығындар), толық жұмыспен қамтылған кездегі өндіріс құрал-жабдықтарына сұраныстың өсуі, өндірістік қуаттардың толық жұмыс істеуі, кәсіподақтар әрекетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып алу қабілетінің жоғарылауы (жалақының өсуі) т. б. Осының салдарынан айналымға тауар көлемінен артық ақша түсіп, бағалар өседі. Мұндай жағдайда өндірісте жұмыспен қамту толық болғанымен өндірушілер ұлғайған сұранысқа тауар ұсынысымен жауап бере алмай қалады. Басқаша айтқанда айналымдағы төлем қаржыларының кебеюі шектелген тауар ұсынысына тап болады, сөйтіп бағаның жалпы деңгейі өседі.
Аза станда ы ж мыссызды ж не инфляция
... болады: немесе, мұндағы, u – жұмыссыздық деңгейі, U - жұмыссыздар саны, L – жұмыс күші, E – жұмыспен қамтылғандар саны. Төмендегі кестеден Қазақстандағы еңбек нарығы ... түсінігі – бұл инфляция қарқынын үдетпейтін жұмыссыздықтың дең-гейі немесе инфляцияны тұрақтандыратын жұмыссыздықтың қалып-ты деңгейі. Жұмыссыз-дықтың табиғи ...
Шығындар инфляциясы. Бағалардын өсуін, өндіріс шығындарының ұлғаюымен түсіндіреді. Шығындардын, көбеюі баға белгілеудің олигополиялық тәжірибесінен, мемлекеттің экономикалық және финанстық саясатынан, шикізат бағасының өсуінен, кәсіподақтың жалақыны көтеру талабынан және т. б. болады. Тәжірибеде инфляцияның бір түрін екіншісінен айыру оңай емес, олар бір-бірімен тығыз байланыста, сондықтан жалақының өсуі, мысалы, сұраныс инфляциясы немесе шығындар инфляциясы ретінде де көрінуі мүмкін. XIX ғасырдың екінші жартысында экономикасы дамыған елдердің бәрінде дерлік ұзақ уақыт бойы толық жұмыспен қамту, еркін рынок немесе бағаның тұрақтылығы болмағанын атап ету керек. Экономиканың тоқырауы мен құлдырауы кезеңдерінде де өндіріс өз қуаттарын толық пайдаланбаған уақытта да бағалар үнемі өсіп отырады. Барлық бағалардың бір мезгілде өсуі XIX— XX ғасырдың бірінші жартысындағы циклдық өзгерістердің алапат құбылысы кезінде орын алды. Мұндай құбылыс стагфляция деп аталады, ол экономикалық дағдарыс пен стагнация (өндірістің тоқырауы) жағдайындағы бағаның, инфляцияның өсуі.
Инфляция түрлері
Ұсыныстан қарағанда жиын- Шынжырлы реакция үрдісі
тық сұраныстың өсуі салда- бойынша халық шаруашылығын-
рынан бағаның өсуі (тауар- да өндіріс шығындарының өсуі
лардан ақшаның көп болуы) салдарынан бағаның өсуі
3.6 сурет — Инфляцияның екі типі
3.6 Құн заңы — тауар өндіріс заңы
Қоғамдық өндірістің тауарлы нысанының ерекшелігі құн заңының іс-әрекетінен нақты көрінеді. Құн заңы тауар өндірісі мен тауар айналысының негізгі заңы. Құн заңының іс-әрекетінің мәні мынада: тауарларды өңдіру мен айырбастау оларды жасап шығаруға жұмсалған қоғамдық кажетті еңбек шығындары негізінде жүзеге асырылуға тиіс. Сонымен құн заңы тауарлы өндірістің ең мәнді сипатын керсетеді немесе әр қилы тауар өндірушілердің шаруашылық нәтижесінің қорытындысында өнім айырбастауда эквиваленттілікті талап етеді. Ал тауар ақша айналасында құн заңы баға заңы болып табылады. Баға — құн заңының, көрінісі. Құн — баға заңы немесе бағаның жинақталған көріну нысаны.
Еңбек өнімдерінің жүйелі айырбастау процесінің дамуы кезеңінен бастап, құн заңы тауар өндірісінің бүкіл тарихында әрекет етеді. Қоғамда үстемдік ететін өндірістік қатынастардың типімен байланысты оның әрекет ерекшелігі де өзгеріп отырады. Құн заңының тауар өндірушілерге әрекеті тек рыноктық бәсеке арқылы көрінеді. Осы рыноктық механизм қатынасы сұраныс пен ұсыныс арақатынасы, бағаның ауытқуы мен пайда нормасы, салалық және ішкі салалық бәсеке арқылы кұн заңы қоғамдық өндіріске ықпал етеді. Ал оның негізі құн заңының өзіне емес, оның әрекет етуінің қоғамдық жағдайында, қоғамның экономикалық құрылысының сипатында.
Айналыс саласында құн заңы бағаны халықтың төлем қабілеттігінің көлемі мен құрылымын, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын анықтауда маңызды рөл атқарады. Құн заңын дұрыс басшылыққа алудың қоғамдық еңбек өнімділігін, өндірістің тиімділігін арттыруда, аз шығынымен көп нәтижеге жетуді, нақты рыноктық қатынасқа көшуді қамтамасыз етуде, шаруашылық реформасын іске асыру маңызы зор.
Тауар өндірісінің тарихи пайда болуына негізгі үш алғы шарт қажет. Тарихта үш түрлі күрделі қоғамдық еңбек бөлінісі болды. Алғашқы күрделі еңбек бөлінісі мал шаруашылығы мен егіншілердің бөлінуі нәтижесінде осы тайпалар арасыңдағы айырбастың дамуын тездетті. Екінші күрделі еңбек бөлінісі ауыл шаруашылығынан қол өнердің бөлініп шығуы, үшінші күрделі еңбек бөлінісі жоғарыда аталған тайпалар арасынан саудамен ғана шұғылданатын әлеуметтік топтың шығуы. Осы көрсетілген күрделі қоғамдық еңбек белінісі қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, тасымал, құрылыс және сауда салаларының негізі екені айқын. Бірақ өндіргіш күштердің алғашқы қауыммен салыстырғанда орасан зор дамығанын еске алсак, қоғамдық еңбек бөлінісі, мамандандыру саласынын мыңдаған тармаққа бөлініп, кең етек жайғанын байқаймыз. Демек, тауар өндірісінің экономикалық негізі қоғамдық еңбек бөлінісі. Ол болмаса тауар өндірісі де, рынок те болмас еді.
Девальвация дегеніміз не?
... ғамдық өнді 1. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны. 2. Меншік объектілері және субъектілері. 3. Меншіктің түрл 1. Натуралды шаруашылық ... монополистік баға қалыптасуымен. 97. Трансакциондық шығындар дегеніміз: A) айырбас аясындағы шығындар; B) өндіріске кеткен шығындар; C) шекті ... белгісі: A) жалақының көбеюі B) тауар тапшылығы C) жалақының азаюы D) тауар бағасының көтерілуі E) пайыз ставкасыны ...
Тауар ендірісінің екінші алғы шарты тауар өндірушінің жеке меншігі болуы. Басқа сөзбен айтқанда, тауар өніруші өз мүлкін еркін сатуға, басқа жерге апарып өткізуіне ерікті болуы қажет. Меншік қатынасы негізінен бірнеше тарихи сатылардан етті. Алғашқы адамзат қоғамына белгілі қауымдық, тайпалық меншік болды. Бүл меншіктің пайда болуы алғашқы қауымдағы адамдардың табиғаттың дүлей күштеріне тәуелді болуынан, кұн көрудің ауыртпалығынан туған қажеттілік. Қоғамдық қауымның меншігі өндіргіш күштердің нашар дамуының салдары. Алғашқы адамдар аң аулау үшін,
жыртқыштардан сақтану үшін, тағы басқа жеке адамның қолынан келмейтін (мысалы, ауыр заттарды, үлкен тасты орнынан ауыстыру тәрізді) жұмыстарды атқару үшін өзара бірігіп еңбек еткен де, оның нәтижесін ортаға салып, ол өнімдерді тайпа басшылары беліп отырған. Алғашқы кауымдық меншікке негізделген қоғамдық құрылысты «алғашқы қауымдық коммунизм» деп те атайды. Алғашқы қауымдық формацияда тауар-ақша рыноктық қатынас болмаған. Бұл қатынастар осы формацияның ыдырау саты-сында пайда болды. Өндіргіш күштердің дамуы, бірігіп енбек атқару, құрал-саймандарды жетілдіру (мысалы, тас, ағаш құралдарының орнына темір, қалайы, мыс тәрізді металлдарды пайдалану, ағаш соқа орнына темір соқа, тырма т. с. құралдарды игеру), сол сияқты отпен пайдаланатын тағам пісіру, қорған, үй салу сияқты еңбекке бейімделу арқылы алғашқы қауымда өмір сүрген адамдардың күнделікті тұтынуынан артық қосымша өнімі пайда болды. Ал қосымша өнімнің болуын тауар айырбасының, рынок қатынасының дамуына кажет үшінші алғы шарт деу керек. Айырбас, рынок қатынасындағы негізгі түлға — тауар. Экономикалық қатынастың өзі тауардан басталады. Тауар — еңбектің өнімі, ол екінші бір затқа, тауарға айырбастау үшін шығарылады.
Ілгеріде атап көрсетілгендей, тауардың екі түрлі сипаты бар: 1) адамның белгілі бір қажетсінуін етеу қабілеті; 2) екінші бір тауарға айырбастау қасиеті. Тауар қоғамға пайдалы зат болуы қажет. Экономикалық теория тауардың қоғамдық қажетсінуді қанағаттандыру қабілетін тұтыну құны деп атайды. Тұтыну құны — тұтылған жағдайда ғана жүзеге асатын тауардың сипаты. Тауар өндірушінің өзі үшін өндірілген өнімнің пайдалы қасиеті — оның басқа қажетті материалдық игіліктерге айырбасталу сипаты. Экономикалық теорияда тауардың басқа тауарларға белгілі пропорцияда айырбасталу сипаты «айырбас құны» деп аталады. Айырбас құн — тауар басқа заттармен салыстыру арқылы қаралатын зат екенін білдіреді, сонымен бірге заттар арасындағы қатынас орнаған жерде оларды өндірген адамдар арасындағы қатынас та бүркемеленіп көрінетінін байқауға болады. Айырбас құны алдымен түрлі тұтыну құндарын айырбастаудағы сан қатынастарын (пропорцияны) байқатады. Мысалы, бір пар етікті бір қап бидайға айырбастаса, бір пар етіктің айырбас құны бір қап бидайдың құнына тең деген сөз. Етік пен бидай түрліше заттар. Сол себептен тауар айырбасы мынадай екі түрлі сұрақ тудырады: 1) Түрлі тауарларды, заттарды теңестіретін не? 2) Айырбасқа түскен тауарлардың сан қатынастары немен белгіленеді?
Экономикалық теория және саяси экономия ғылымы
... екінші жартысында шекті пайдалылық пен шекті өнімділік немесе маржйнализм французша (тагёіпаі-шекті) теориясы тұ ... алған социализм саяси экономиясы оқулықтарында тауар-ақша қ ... бермек. Сөйтіп XIX—XX ғасырларда экономика ғылымында математика мектебі пайда болды. ... қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы" еңбегінде бір ... халықтың, жеке ұлттардың қоғамдық сана-сезімін жандандырьіп олардың эконокикалық ой ...
Тауарларды теңестіретін, өзара салыстырып өлшейтін негіз — олардың еңбек өнімі, белгілі еңбек шығындарының нәтижесі. Тауар еңбектің ғана шығыны ретінде қаралса кұн болып саналады. Екінші сөзбен айтқанда, кұн дегеніміз — тауарға сіңген еңбек. Осыған орай құн теориясына ерекше тоқтаған жөн. Бұл теорияның негізін салған А. Смит, оны К. Маркс ілгері дамытты. К. Маркс құн теориясына сүйене отырып, қосымша құн теориясын — маркстік экономикалық ілімнің ірге тасын қалады. Алдымен А. Смит зерттеген еңбек құн теориясын алып қарасақ, тек қана еңбек өнімді жасаушы күш. Бұл теория бойынша, еңбектен басқа өндіріс факторлары жаңа құн жасай алмайды, тек қана өз құнын жаңа өнімге ауыстырады. Оны ауыстыратын да адам еңбегі, бұл еңбек тек қол еңбегі деген тұжырымды алға тартты. Сонымен, құн заңы дегеніміз баға заңы. Рыноктық бағаның ауытқуы бұл заңның мына секілді маңызды қызметтерін анықтайды:
1) өндірістің негізгі факторларын бөлу. Баға өскен байқалған салаларда өңдірістің жандануы орын алады, мұнда өндірістің маңызды факторлары тоғысады. Осының нәтижесінде тауарлар ұсынысы оларға деген сұраныстан асатын болса, кері процесс басталады. Рыноктық бағалар төмендей бастайды және бұл саладан ресурстардың басқа салаға ауысуы орын алады;
2) өндіргіш күштердің дамуын ынталандыру. Рынокта тауар еңбек шығындарына емес, қоғамдық қажетті еңбек шығындарына сәйкес бағалармен сатылады. Егер қандай да бір фирма немесе жеке тауар өндіруші өндіріс шығындарын ғана (тек еңбек шығындарын емес басқа да факторларын қоса) азайтуға қол жеткізсе, ол пайда алады. Бұл үшін технологияны жетілдіру, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін қолдану, ресурстарды үнемдеу қажет. Сонымен ешқандай үгіт-ұрансыз құн заңы өндірушіні өндіргіш күштерді жетілдіру мен дамытуға қатысуға мәжбүр етеді;
3) тауар өндірушілердің жіктелуі. Құн заңының бұл қызметі алдыңғы екеуінен шығады. Өндіріс шығындары төмен, рыноктың жай жапсарьш дұрыс бағалай білген тауар өндіруші алынған пайданың өсуіне байланысты байи түседі. Басқа тауар өндірушілер «ұтылыста» қалып зиян шегеді. Тауар еңдірушінің жіктелуі құн заңының, баға заңының объективті нәтижесі.
3.7 Құн заңы және шекті пайдалылық теориясы
Қ,ұн заңы бойынша тек рынокта ғана айырбас кезінде еңбек шығынының қоғамдық қажетті деңгейі анықталады. Тек рынокта ғана кұнның көріну нысаны айырбас құн түрінде болады. Қысқартып айтқанда, құн өңірісте жасалынады, рынокта айқыңдалады. Егер тауар рынокта сатып алынса, ол біреудің тауар өндіруге жұмсаған еңбек шығыны қоғамдық қажетті шығын ретінде бағаланғаннан емес, сатып алушының тауарды бағалағаны.
Сұраныс пен ұсыныс
... арасындағы тепе-теңдікті қажет етеді. Бұл теңдік сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік түрінде көрінеді. Әр экономикалық жүйе негізгі 3 ... дәл сондый өтейтін басқа тауарға ауыстыра алады ("сұранымның басқаға ауып кетуі") "Қанығу эффектісі": шекті пайдалылықтың төмендеуі Адам тауарды т ...
Адамдардың әр түрлі материалдарды және рухани игіліктер мен қызметтерді бағалауы оларды өндіруге қоғамдық кажетті еңбектің жұмсалуына байланысты емес, олардың пайдалылығында. Белгілі бір тауарды өндіруге еңбек шығыны жұмсалуы адамдардың қайсыбір пайдалылықты қажетсінуінен. Осы жерде қандай да бір еңбек шығыны болсын оның қоғамдық қажеттілігін кім және немен анықтайды деген сұрақ туады. Оған рынок деп жауап береді. Шекті пайдалылық теориясын жақтаушылардың пікірінше, тек тауардың пайдалылығы ғана еңбек шығынан қоғамдық қажеттілік сипат береді.
Бір нақты жағдайда, іскер адам шаруашылық шешім қабылдарда немесе жеке тұтыну процесі негізінде пайдалылығын салыстыру ылғи болып отырады. Мысалы, егер адам С витамині жетіспеушіліктен ауырып қалса, бұл арада оған пайдалы алма ма, әлде қарыз ба, деген сұраққа жауап өзінен-өзі айқын. Жалпы, қажеттіліктерді салыстырмай, әрбір ретте түрлі материалдық, не рухани игіліктердің пайдалылығын бағаламай ешқандай экономикалық іс-әрекеттің болуы мүмкін емес. Сонымен қатар шекті пайдалылық теориясын жақтаушылардың ішінде пайдалылық өлшеу өлшемін табу мәселесі қызу пікірталас туғызды. Бұл мәселенің мәнін тек шекті пайдалылық, сұраныс жайы және басқа категорияларды зерттегеннен кейін анықтауға болады. Бұл туралы басқа тарауда қаралады. Шекті пайдалылық теориясы субъективті бағалауды игіліктің сиректігімен, яғни оның көлемін байланыстырады. Шекті пайдалылық теориясының өкілдері, бағалылықты пайдалылықтан шығарады.. Бұл теорияны жақтаушылардың пікірі бойынша, адамның әрбір игілікті субъективті бағалауы, оның шекті пайдалылығымен анықталады, ал объективті айырбас пропорциялары немесе тауарлардың бағасы субъективті бағалауға байланысты және түбінде ол да шекті пайдалылықпен анықталады. Құн және баға теориясындағы неоклассикалық бағыттың негізін қалаушы ағылшын экономисі А.Маршалл болып табылады. Шекті пайдалылық теориясының біржақтылылығын ол бағалылықты тек пайдалылықпен түсіндіру деп көрсетті. А. Маршалл шекті пайдалылык теориясын ұсыныс пен сұраныс теориясымен, өндіріс шығындары теориясымен байланыстырды.
3.8 Айналыстағы ақша, теориялық мәселелері
Бұл мәселе капитализмнің дамуымен байланысты. Ақшаның сандық теориясының негізін салушылар М. Монтескье, Д. Локк және Д. Юм болды. Олар алтын және күміс ақшаның құнын олардың санымен анықтады да, елде |ақша кеп болған сайын тауардың бағасы жоғары болады ‘деп көрсетті. Олар сонымен бірге қандай ақша болса да өздерінің «сатып алу» күшін айналыстың нәтижесінде ғана көрсетеді, ал айналыс процесіне дейін ақшада құн болмайды деп есептеді (яғни ақшаның құн өлшеуіші қызметін жоққа шығарды).
Ал А. Маршалл мен И. Фишер ұсынған ақшаның неоклассикалық сандық теориясы осы теорияның дамытылған нұсқасы болды. Олардың теориясындағы ең маңыздысы — ақша тауар деп есептелмейді. Батыс экономистерінің басым бөлігі американ экономисі И. Фишер ұсынған формуланы пайдаланады. Ол формула баға деңгейінің ақша массасына тәуелділігін көрсетеді
КЖ = БС
бұл жерде К — акша массасы; Ж — ақшаның жылдамдығы; Б — тауар бағасының деңгейі; С — айналыстағы тауар саны. Осы формулага сәйкес тауарлар бағаларының деңгейі және ақшаның көлемі мынадай формуламен анықталады
Концепция капитала и денег фишера
... своих трудах он так же рассматривал такие направления как : теорию потребительского поведения, капитала и процента, а так же внес свой вклад в области статистики. Применяя математические ... отличие от либерального направления кембриджской школы (Маршал), Фишер рассматривал свои концепции на макроэкономическом уровне. Несомненно в его трудах было и то, что те, кто сейчас более тонко ...
; ;
Осыдан соң И. Фишер ақшаның құны оның санына кері пропорциялы деген қорытынды жасайды. И. Фишердің айырбас теңдігі КЖ = БС айналыстағы ақша массасы мен; тауарлар бағаларының сомасының арасындагы сандық байланысты керсетеді. И. Фишер формуласы КЖ = БС инфляция кұбылысын түсіндіруге мүмкіндік береді. Инфляция дегеніміз тауарлар бағаларының өсуімен қосарланған акшаның құнсыздануы.
Жоғарыда аталып өткендей, несиенің дамуы вексель және банкнот сияқты қағаз ақшаның түрлерінің пайда болуына әкеліп соқты. XX ғасырда есеп айырысу жүйесінде кеп тарай бастады. Чек, шындап келгенде, қағаз ақшаға жатпайды. Чек депозиті айналыстағы қолма-қол ақшаны үнемдейді. Қазір қағаз ақша айналасының 90 %-ке жуығы қолма-қол ақшасыз атқарылады.