Инфляция және Жұмыссыздық

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ»

Орындаған: Құдайбергенова Дана

Оқытушының аты-жөні : Касенова Акбота Солтанбековна

Алматы, 2013

Жоспары:

Кіріспе.

Негізгі бөлім: 1. Инфляция: мәні, себептері және түрлері

2. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары

3. Жұмыссыздық: мәні, себептері, түрлері. Оукен заңы

4. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. Филлипс қисығы

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе

Қазіргі кездегі ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда экономика мен экономикалық теория бүгінгі күндерде қоғамды дамытудың басты пәрменді күші болып отыр. Экономикалық құрылымы өте күрделі және экономика ғылымы эволюциялық жолмен дамып , болжамдарды жалғастырып келеді. Экономика сонымен қатар қоғам өмірінің көптеген мәселелерін қамтиды. Әсіресе , соның ішінде баға , табыс , жұмыссыздық және тағы басқа құбылыстардың өзгерісімен тығыз байланысты . Қазіргі күндері экономиканы біріншіден — өндіріс , инфляция , табыстар қозғалысын түсіндіру және жазу үшін , екіншіден – экономикалық тәртіпті негіздеу үшін қолданылады.Экономиканың өзін макроэкономика және микроэкономика деп екі салада қарастырамыз. Бұл екі сала өзара бір – бірімен тығыз байланысты болады. Міне, осы макроэкономика саласының күрделі мәселелерінің бірі — инфляция болып табылады. Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Оның бай тарихы бар 1775 – 1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқтырды. Франция 1789 – 1794 жылдары революция кезінде ендірілген қағаз ақшалар 7 жылда 883 есе құнсызданды.

Инфляция тек қағаз ақшаға тән және ол экономиканың кез – келген үлгісінде орын алады, көбінесе инфляция айналымдағы ақшаның көбеюімен бейнеленеді. Бірақ кейде, инфляциялық ахуал, айналымдағы ақшаның саны бір қалыпта қалған күнде – де туады. Мысалы, егер елде тауар өнімінің көлемі азайып кетсе, онымен тікелей байланысты тауар айналымының да көлемі азаяды. Олай болса , оларға жұмыс жасайтын ақшаның да саны азаяды. Сөйтіп , дәл осы кезде айналымда жүрген ақшаның кейбір бөлігі артық болып шығуы мүмкін . Тап осындай жағдай ақша айналымы жеделдетілсе де туады. Ақша айналымын жеделдету , басқа жағдайлары бірдей болғанда, айналымға қосымша ақша шығарғанмен бірдей.

11 стр., 5194 слов

Аза станда ы ж мыссызды ж не инфляция

... болып табылады. Жұмыссыздықтың экономикалық және экономикалық емес салдарлары бар, олар жеке және қоғамдық деңгейде көрініс табады. Жұмыссыздықтың экономикалық емес салдарлары – бұл жұмысты жоғалтудың психологиялық, әлеуметтік және ... немесе, мұндағы, u – жұмыссыздық деңгейі, U - жұмыссыздар саны, L – жұмыс күші, E – жұмыспен қамтылғандар саны. Төмендегі кестеден Қазақстандағы еңбек нары ...

1. ИНФЛЯЦИЯ: МӘНІ, СЕБЕПТЕРІ, ТҮРЛЕРІ

Инфляция – елдегі жалпы баға деңгейінің тұрақты өсуінен ақшаның құнсыздануы. Бірақ бұл барлық тауарларға баға өседі деген емес. Инфляция деңгейі өте жоғары болғанының өзінде кейбір тауарларға баға тұрақты болады. Мысалы: 1970-1980 жылдары АҚШ-та инфляция деңгейі өте жоғары болды, бірақ магнитофон, электр сағаттар, жеке компьютерге баға төмендеді.

Инфляция кешенді себептерден туындайды, олардың ең маңыздылары мыналар болып табылады:

  1. Мемелкеттік бюджеттің тапшылығы, яғни шығындардың түсімдерден асып кетуі. Егер мемлекет мұндай тапшылықты ақша эмиссиясы арқылы жоятын болса, айналымдағы ақша көлемі молаяды.
  2. Тауарлар мен қызмет өндіру көлемінің қысқаруы, тауар тапшылығы.
  3. Кейбір өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы, яғни олардың өзінің өніміне жоғары баға қоюы.
  4. Өндіріс шығындарының өсуі, яғни шикізат, материалдар, жалақы шығындарының өсуі.
  5. Елдің экономикасының ашықтығы, оның әлемдік байланыстарының өсуі инфляцияны шеттен әкелу қаупін молайтады.

Инфляцияны болу себептеріне байланысты сұраныс инфляциясы және ұсыныс инфляциясы бөледі.

Сұраныс инфляциясы – тауар көлеміне байланысты артық ақшаның пайда болуы. Бұл жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың бір біріне сәйкес келмей, сұраныстың ұсыныстан артып кетуі. Мұны кей жағдайда «аз тауардың соңынан көп ақшаның жүруі» деп те атайды. Тауарларға сұраныстың өсуі бағаның өсуіне әкеледі. Мәселен, тауарға сұраныс өскенде AD қисығы AD1 қисығына жылжиды, нәтижесінде баға Р деңгейінен Р1 деңгейіне өседі (43-сурет)

Ұсыныс инфляциясы – өндіріс шығындарының өсуіне байланысты бағаның көтерілуі. Шығындардың өсуі шикізатқа бағаның өсуіне, мемлекеттің саясатына, кәсіподақтардың іс әрекетіне байланысты болуы мүмкін. Мысалы: кәсіпорындардың іс-әрекетіне келетін болсақ олар жалақыны көтеруді талап етуі мүмкін. Бұл жағдайда кәсіпорынның шығындары өседі де кәсіпкер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады. Суретте ұсыныс AS –дан AS1 жағдайына жылжығанда, баға Р деңгейінен Р1 деңгейіне өседі (44 –сурет)

Құрылымдық инфляция сұраныс инфляциясы мен ұсыныс инфляциясының ортасындағы аралық инфляция болып табылады. Ол салааралық сәйкестіктің бұзылу жағдайында туады. Жетілдірілген жаңа шикізаттардың, тауарлардың пайда болуынан сұраныс бір саладан басқа салаға ауысады. Ол сала нарықты толық қанағаттандыра алмағандықтан, саладағы тапшылық тауарлардың қымбаттауына әкеледі

Шведтік экономист Б.Хансен инфляцияны ашық және басылыңқы (жасырын) деп бөледі.

Ашық инфляция – бағаның тұрақты өсу жағдайында байқалады.

Басылыңқы инфляция – баға мен жалақы мемлекеттің қатаң бақылауында болғанда пайда болады. Ол тауар тапшылығында, өнім сапасының төмендеуінде, көлеңкелі экономикада, бартерлік іс-әрекетте байқалады.

Инфляцияны қарқынына байланысты бірнеше түрге бөледі:

  1. Баяу инфляция – баға деңгейі жылына баяу (10 %-дан төмен) өседі.
  2. Қарқынды инфляция – Баға деңгейі жылына 20 %-дан 200 %-ға дейін жылдам өседі.
  3. Ұшқыр инфляция – айналымдағы ақша саны мен баға өте күрт жылдамдықпен 200%-дан жоғары 1000%-ға дейін өседі.

Инфляция деңгейі баға индексі арқылы өлшенеді.

5 стр., 2135 слов

Инфляция туралы реферат аза ша

... ң тоқырауы) жағдайындағы бағаның, инфляцияның өсуі. Инфляция түрлері Ұсыныстан қарағанда жиын- Шынжырлы ... ша түсіп, бағалар өседі. Мұндай жағдайда өндірісте жұмыспен қамту толық болғанымен өндірушілер ұлғайған сұранысқа тауар ... та бүркемеленіп көрінетінін байқауға болады. Айырбас құны алдымен түрлі тұтыну ... амдық еңбек өнімділігін, өндірістің тиімділігін арттыруда, аз шығынымен көп нәтижеге жетуді, нақ ...

Инфляция деңгейі = ТБИаж – ТБИбж

ТБИбж*100,

мұндағы ТБИ аж(бж) – ағымдық жылдың (базалық жылдың) тұтыну бағасының индексі.

Инфляция деңгейін сандық есептеудің тағы да бір тәсілі «70 санының ережесі». Бұл әдіс баға деңгейінің екі еселенуіне қажетті жылдарды жылдам есептеуге мүмкіндік береді. Ол үшін 70 санын жылдық инфляция деңгейіне бөлу қажет.

2. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ

Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптарына ең алдымен инфляциялық салықты жатқызады. Ол заңды түрде белгіленбесе де, барлық халық үшін міндетті төлем.

Халық үшін инфляциядан келетін зиян оның болжануына байланысты болады. Соған орай инфляцияны болжанатын және болжанбайтын деп бөледі.

Болжанатын инфляцияны адамдар алдын ала біліп отырады. Сондықтан оған дайын болуы мүмкін. Мысалы, экономикалық субъетілер жылдық инфляция деңгейі 10 % болады деп жорамалдайтын болса, онда олар өздерінің атаулы (номиналды) табыстарын өзгертеді: келісім-шарттарда жалақысын көтеруді, аренда ақысын өсіруді алдын-ала қарастырады. Банктік операцияларда атаулы пайыздық мөлшерлеме нақтыға қарағанда 10% -ға өседі.

Болжанбайтын инфляция күтпеген жағдайда тосын пайда болады. Ол бағаның кенеттен өсіп кетуі салдарынан туындайды. Болжанбайтын инфляцияның әкелетін салдарлары:

  1. табыс пен байлықтың халық топтары арасында қайта бөлінуі: қарыз берушіден (кредиторлардан) қарыз алушыға (дебиторларға);
  2. халықтың нақты табысының төмендеуі, әсіресе тұрақты табыс алатын әлеуметтік топтардың (зейнеткерлер, бюджеттік сала қызметкерлері);
  3. халықтың жинаған ақша қорының құнсыздануы;

Инфляцияның қоғамға әкелетін экономикалық және әлеуметтік зардаптары:

  1. Елдің ұлттық табысы мен байлығы қоғамның әр түрлі топтарының арасында қайта бөліске түседі.
  2. Инфляцияның жоғарғы қарқынмен өсуі ұзақ мерзімге жоспар жасауды қиын жолға қояды, кәсіпкерлердің тәуекелін өсіреді.
  3. Қоғамның саяси тұрақтылығы бұзылады, әлеуметтік шиеленісті күшейте түседі.
  4. Ұлттық тауарлардың бәсеке қабілеттілігі төмендейді, экспорт азаяды, жұмыссыздық өседі.
  5. Шетелдің тұрақты валютасына сұраныс өседі, ол капиталдың шет елге ауысуына әкеледі.
  6. Ақшаның құнсыздануы халықтың тұрмыс деңгейін төмендетеді.

7. Халықаралық қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру шарттарын бұзады, экономикалық қылмыстар мен астыртын экономикалық дамуын жеделдетеді.

Қазақстанда жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшу терең эқономикалық дағдарысты жеңумен қоса жүргізілді. Өндірістің құлдырауы экономиканың барлық салаларында жүріп жатты.

Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңдегі инфляция себептеріне мыналарды жатқызуға болады:

  1. ұлттық экономикада өндірістің терең құлдырауынан болған тауар тапшылығы;
  2. өндірілген өнімдерге энергетиканың, материалдардың, еңбектің жоғары мөлшерде жұмсалуы;
  3. өз тауарлары мен қызметтеріне бағаны негізсіз көтеруге мүмкіндік берген жеке тауар өндірушілер монополизмі;
  4. мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны бүркемелеу үшін мемлекет қағаз ақша шығарады;
  5. мемлекеттің өнімсіз шығындарының жоғары деңгейі;
  6. басқа мемлекеттердегі экономикалық дағдарыстардың ықпалы.

Реформаның барлық кезеңінде инфляция экономикалық дағдарыстың дәлелді сипаты болып табылады. Тұтыну бағалары 1992 ж. – 3006 %-ды, 1993 ж. – 2266 %-ды құрады. Инфляцияның айлық қарқыны көбіне 30 % мөлшерінен асты, ал 1993 ж. қараша айында ол 55 %-ға жетті. 1994 ж. сегіз ай мерзімінде инфляция деңгейі 1993 ж. Осы мерзіммен салыстырғанда 608 %-дан 759 %-ға көтерілді.

3 стр., 1152 слов

Жұмыссыздық және Инфляция

... инфляцияға әкеліп соқпайтын жұмыссыздықтың ең төменгі дәрежедегі нормасын жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. Егерде жұмыссызды ... лемдік байланыстарының өсуі инфляцияны шеттен әкелу қаупін молайтады. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары Елді ... жұмыстан шығып, және уақытша жұмысқа орналаса алмады. Құрылымдық және циклдық жұмыссыздық ұзақ мерзімдегі сипатта болады да, олар жұмыссызды ...

ҚР Ұлттық банкісі жүргізген қатаң монетарлық саясат арқасында жағдай өзгеріп, инфляция айына 18-19 % деңгейінде тұрақтанды. Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 1997 ж. – 11,2 %%; 1998 ж. – 1,9%; 1999 ж. –17,8%; 2000 ж. – 9,8%; 2001 ж. – 6,4 %, 2006 жылы 8,7 %-ды құрады.

3. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ: МӘНІ, СЕБЕПТЕРІ, ТҮРЛЕРІ. ОУКЕН ЗАҢЫ

Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы.

Жұмыссыздықтың мынадай түрлері бар:

^ Жасырын жұмыссыздық — өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық жұмысшалардың қолдануы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.

^ Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеу мақсатында ауысуы. Сондай-ақ мұндай жұмыссыздық жас мамандардың оқу бітіргеннен кейін уақытша жұмыссыз қалғанда пайда болады.

^ Маусымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс жасауы. Бұл кейбір ауыл шаруашылығы өндірісі саласында кездеседі, әсіресе қайта өндеу өнеркәсібінде т.б.

^ Құрылымдық жұмыссыздық — өндірістік қуаттың жетіспеуінің нәтижесінде болады: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.

^Технологиялық жұмыссыздық – адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.

^ Циклдық жұмыссыздық — өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономиканың циклдық дамуымен байланысты.

ХХ-шы ғасырдың 60-шы жылдары М.Фридмен мен Э.Фелпс «ресурстардың толық қамтылуы» және «жұмыссыздықтың табиғи деңгейі» деген теорияларды ұсынды.

Ресурстардың толық қамтылуы – жұмысқа қосылмаған өндіріс қуатының деңгейін 10 -20 % деңгейінде ұстап тұру.Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – жұмыспен толық қамтылған жағдайдағы жұмыссыздық деңгейі, ол жалпы жұмыс күшінің 5,5 — 6,5 пайызын қамтиды. Айтылған көрсеткіштер әр елде әртүрлі болуы мүмкін.

Толық жұмысбастылық деген жұмыссыздық мүлдем жоқ деген түсінік емес. Толық жұмысбастылық – циклдық жұмыссыздықтың болмауын білдіреді. Оның деңгейі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықтың қосындысын құрайды.

Жұмысыздық деңгейі — жалпы жұмыс күшінің ішіндегі жұмыссыздардың алатын үлесі.

Жұмыссыздық деңгейі төмендегідей өрнек арқылы анықталады:

  • мұнда ЖД – жұмыссыздық деңгейі;
  • ЖС – жұмыссыздар саны;
  • ЖК — жұмыс күшінің саны.

Жұмыссыздық нәтижесінде еңбекке қабілетті адамдардың бір бөлігі өнім өндіруге қатыса алмайды. Нәтижесінде қоғамға зиян келеді. Осы зиянның экономикалық бағасы циклдық үзіліске әкеледі. Циклдық үзіліс- ЖҰӨ-нің нақты көлемінің әлуетті ЖҰӨ көлемінен аз болуы. Әлеуетті ЖҰӨ көлемі дегеніміз — жұмыспен толық қамтылған жағдайда өндірілген өнім көлемі.

3 стр., 1226 слов

Экономика. Экономиканың негізгі элементтері

... көбеуі (нүктелер А, В, С, Д, Е, F) әлде трансформация, бұл анықтайды экономика толық жұмыстылық кезінде альтернативтік болады. Қажетті талдауға өндірістің техника экономикалы ... Макроталдау инфляция мен жұмыссыздыққа реттеу, іскерлік белсенділікті ынталандыру, ... Экономика кәсіпкерлікке қатысты сұрақтарға да жауап береді, неге биржалар к ... Өздерінің әрекет ету сипатына қарай экономикалық заңдар ерекше ...

Циклдық үзіліс = әлуетті ЖҰӨ — нақты ЖҰӨ

Оукен заңы бойынша: егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден 1% — ға асса, онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 2,5% құрайды. Оукен заңын мынадай теңдеу арқылы көрсетуге болады:

  • мұнда Ү*- әлуетті ЖҰӨ көлемі;
  • Ү – нақты ЖҰӨ көлемі;
  • u – жұмыссыздықтың нақты деңгейі: u*- жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;
  • ? – Оукен коэффициенті.

Егер нақты жұмыссыздық табиғи жұмыссыздықтан 1 пайызға жоғары болса, онда нақты өндіріс көлемі әлеуеттіден ?пайызға төмен болады.

4. ИНФЛЯЦИЯ МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ. ФИЛЛИПС ҚИСЫҒЫ

Инфляция мен жұмыссыздық арасындағы кері тәуелділікті “Филлипс қисығы” көрсетеді (46-сурет).

Абцисса өсінде жұмыссыздық деңгейі, ординат өсінде тауар бағаларының өсу қарқыны бейнеленді. Қисық сызық өсі параметрлердің көрінісі. Егер үкімет жұмыссыздық деңгейі U1 (оған баға өсу қарқыны сай Р1 келеді) өте жоғары деп есептесе, онда оны төмендету үшін ынталандыратын бюджеттік және ақша-несие шараларын қолданады, олар өз кезегінде сұранысты көбейтеді. Бұл өндірістің ұлғаюына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі. Жұмыссыздық нормасы И2 мөлшеріне дейін төмендейді, бірақ дәл сол мезгілде инфляция қарқыны Р2-ге дейін жоғарылайды

Мұндай жағдайлар экономиканың дағдарысқа ұшырауына әкелуі мүмкін, сондықтан үкімет несие беруді тежеу, мемлекеттік бюджеттің шығыстарын кеміту және т.б. шаралар жүргізеді. Нәтижесінде бағаның өсу қарқыны Р3 деңгейіне төмендеп, ал жұмыссыздық өсіп, оның деңгейі U3 болады

ХХ ғасырдың 70 жылдары көптеген елдерде Филлипс қисығын теріске шығаратын, яғни бір мезгілде жұмыссыздық пен инфляцияның болу жағдайлары байқалды. Экономикалық теорияда бұл құбылысты стагфляция деп атады. Сөйтіп жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланыс кері емес, тура тәуелділікке ауысты.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Крымова В. «Экономикалық теория» — Алматы, 2003ж.

2. Осипова Г. М. –Экономикалық теория негіздері/ Алматы 2002ж

3. Сейтқасымов Ғ. С. – Ақша, несие, банктер/оқулық Алматы: экономика, 2001ж

4. Халықаралық Қазақстан сайты (www.kazakh.ru)

5. Қабдиев Д. Қ., Оралтаев Т. Қ., Ескендіров Ә. Е., Бекмолдин С. Қ., Хабибулин Б. Х., Темірбекова А. Б., Беленов А. Т. – Экономикалық саясат/ Алматы: экономика 2002ж