Экономикалық цикл. Жұмыссыздық пен инфляция

Экономикалық цикл. Жұмыссыздық пен инфляция.

  1. Экономикалық цикл және оның кезеңдері.
  2. Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері.
  1. Жұмыссыздықтың зардаптары.
  1. Инфляция түсінігі және қазіргі кездегі инфляцияның салдары.
  2. Инфляция түрлері. Инфляцияға қарсы саясат.

Мақсаты: Экономикалық цикл және оның кезеңдерін, жұмыссыздықтың мәні мен түрлері, оның зардаптарын, инфляция түсінігі және қазіргі кездегі инфляцияның салдарын, инфляция түрлері, инфляцияға қарсы саясат туралы студенттерде түсінік қалыптастыру.

Негізгі терминдер мен түсініктер

Дағдарысқа қарсы саясат, Жандану,Рецессия (дағдарыс), Стагфляция, Тоқырау, Экономикалық цикл, Жасырын жұмыссыздық; Жұмыссыздық; Құрылымдық жұмыссыздық; Филлипстің қисық сызығы; Фрикциондық жұмыссыздық; Циклдық жұмыссыздық.

Дәріс мәнмәтіні

Техникалық прогрес пен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі. Ол адамзат қоғамының ерекшелігіне қарай белгілі ырғақ пен тербеліске түсіп, толқуларға ауысады. Экономикалық теорияда экономиканың мұндай құбылыстары, «экономикалық толқулар» немесе «экономикалық цикл» деп аталады.

Экономикалық цикл

дағдарыстың сипаттамасы

  1. Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.
  2. Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.
  3. Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.
  4. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де., Тоқырау фазасының сипаттамасы:

  1. Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.
  2. Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.
  3. Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.

Жандану фазасының сипаттамасы:

  1. Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.
  2. Инвестициялар өседі.
  3. Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.
  4. Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.
  5. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Өрлеу фазасының сипаттамасы:

11 стр., 5194 слов

Аза станда ы ж мыссызды ж не инфляция

... немесе, мұндағы, u – жұмыссыздық деңгейі, U - жұмыссыздар саны, L – жұмыс күші, E – жұмыспен қамтылғандар саны. Төмендегі кестеден Қазақстандағы еңбек нары ... ң экономикалық және экономикалық емес салдарлары бар, олар жеке және қоғамдық деңгейде көрініс табады. Жұмыссыздықтың экономикалық емес салдарлары – бұл жұмысты жоғалтудың психологиялық, әлеуметтік және саяси салдарлары. Жұмыссызды ...

  1. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.
  2. Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.
  3. Тауарлардың бағасы өседі.
  4. Қарыз капиталының ұсынысы өседі.
  5. Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.

стагфляция

Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы және ішкі деп бөлуге болады., Сыртқы факторлар

Ішкі факторлар

Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын нарықтың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған сонымен қатар ХІХ және ХХ ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы, экономикалық процестерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіруге болады. Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда қалыптасқан бірнеше теориялық бағыттар бар.

14.1. кесте

Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары

Алғашқы дағдарыс 1825 жылы Англияда басталған. Содан кейін ол 1836 ж., 1841 ж., 1847 жылы АҚШ, Англия мен Франция, Германияны қамтыды. 1857 жылғы дағдарыс бірінші дүниежүзілік циклдық дағдарыс болып саналады. Одан кейін ол 1873, 1882, 1990, 1907 жылдарда қайталанды. Экономикаға үлкен шығындар әкелген 1920-1921, 1929-1933, 1937-1938 жж экономикалық дағдарыстар. «Ұлы тоқырау» атын алған өте терең және ұзақ дағдарыстың сипаты 1929-1933 жылдарда болған еді.

Циклдардың ұзақтылығына (толқындар) байланысты олар бірнеше типке бөлінеді., Экономикалық циклдардың типтері

Экономикалық

циклдің типтері

Ұзақтылығы Себептері, ерекшеліктері
1. Дж.Китчиннің қысқа толқындары» 2-4 жыл Алтынның әлемдік қорының тербелісі ЖҰӨ-нің, инфляцияның, жұмысбастылықтың тербелісіне әкеледі.
2. К.Жуглярдың «орташа толқындары» 10 жыл Ақша айналысындағы өзгерістер, кердиттік жүйенің мәселелері ЖҰӨ-нің тербелісіне инфляцияға, жұмыссыздыққа әкеледі.
3. Кузнецтің циклдары 18-25 жыл Экономикалық циклардың себептері күрделі құрылыспен байланысты
4. Н.Д.Кондратьевтің «ұзын толқындары» 40-60 жыл Басты қозғаушы күш – технологиялық өндірістегі технологиялық базаның радикалды өзгеруі мен оның құрылымдық қайта құрылуы.
5. Форрестердің циклдары 200 жыл Энергия куаты мен материалдарға байланысты.
6. Тоффлердің циклдары 1000-2000 ж. Цивилизацияның дамуымен, олардың жоғалуымен немесе жаңа сатымен байланысты.

Жұмыссыздық

Мальтузиандық мектептін ірі өкілі Т. Р. Мальтус жұмыссыздықтың пайда болуын халық санының артып кетуімен байланыстырды. Халықтың саны геометриялық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,4,8,16…), ал өмір сүру жабдықтар тек арифметикалық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,3,4…).

Сондықтан тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі жұмыссыздықтың себебі болып табылады.

Батыс мектептің өкілдері жұмыссыздықты жұмысшының еркін таңдауы деп есептеді. А. Пигу жұмысшылар шектен тыс жоғары жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраныс төмендейді. Бірақ XX ғасырдың 30 жылдарындағы жаппай жұмыссыздық бұл теорияның дұрыс еместігін дәлелдеді.

Кейнстік мектеп жұмыссыздықты тауарға сұраныстың төлем қабілеттілігінің жеткілісіздігімен және жалақының жоғары деңгейімен түсіндіреді. Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері тауарлар мен қызметтердің тұтынулық және инвестициялық нарығындағы сұраныстың көлемімен белгіленеді. Еңбек нарығындағы сұранысты жиынтық сұраныс, инвестициялар және өндірістің көлемдері реттеп отырады. Жұмыссыздықтың болуы жиынтық сұраныстың жеткіліксіз болуымен байланысты, яғни жұмыссыздықтың төмендеуіне жиынтық сұраныстың өсуі және жиынтық сұраныстың құрылымы әсер етеді. Жұмыссыздықтың деңгейі мемлекеттің инвестициялық іс-әрекеттерінің молаюы және экономикалық дамуы арқылы реттеледі.

Филлипс қисық сызығы

К. Маркстың қорлдану теорисына сәйкес қосымша құнның капиталға айналуында капиталдың құрылымында өзгерістер болады. Қосымша құнның жұмыс күшін сатып алуға бағытталған үлесінің азаюына алып келеді, сондықтан жұмыс күшінің бір бөлігі өндіріс саласынан ығыстырылып шығарылады да жұмыссыздық пайда болады.

Жұмыссыздық, Жұмыссыздық, Жұмыссыздықтың негізгі формалары:

  • Жасырын жұмыссыздық — өндірісте артық жұмысшылардың қолданылуы, немесе ақпараттың болмауына байланысты.
  • Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады.
  • Құрылымдық жұмыссыздық — өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорциональды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының, басқа да жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.
  • Циклдық жұмыссыздық — өндірістің құлдырауынан туындайды.

Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықты екі топқа бөледі:

  • жиынтық сұраныстың жетіспеуіне байланысты; мысалы циклдық жұмыссыздық;
  • жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты; мысалы фрикциондық, құрылымдық жұмыссыздық.

Қазақстанда экономикалық реформалардың бастауынан ашық жұмыссыздық өсе бастады, бірақ онымен қатар жасырын жұмыссыздық та орын ала бастады.

Қазақстандағы еңбек нарығында ағымдағы, құрылымдық, циклдық жұмыссыздықтың түрлерін көруге болады. Ағымдағы жұмыссыздық фрикциональдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді, яғни халықтың көпшлігі жыл бойы кәсіпорындардағы жұмыстан шығып, және уақытша жұмысқа орналаса алмады.

Құрылымдық және циклдық жұмыссыздық ұзақ мерзімдегі сипатта болады да, олар жұмыссыздықтың тұрақты формасына әкеледі, яғни жұмыссыз адам ұзақ уақыт жұмыс таба алмағандықтан өзінің біліктілігін жоғалтады, еңбек нарығында бәсекелестік қабілетін жоғалтады.