Экономика және оның түрлері

Экономика және оның түрлері

Экономика (гр. Oikonomia — үй шаруашылығын жүргізу өнері) — материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.

Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды, олардың негізі болып табылады. Тауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйені құрайды. Экономикалық жүйе қарастырылып отырған қоғамда қалыптасқан шаруашылық тетіктерін, заңдарды, экономикалық институттарды, меншіктік қатынастарды біріктіреді. Экономикалық жүйе өзінің басты мақсаты ретінде — қандай тауар өндіріп, қызметтің қай түрін көрсету керектігін; қандай технологияны пайдаланып, қалай өндіруді, кім үшін өндіріп, кімге қызмет көрсету қажет деген мәселелерді шешеді. Бұл мәселелерді шешу әдістеріне байланысты экономикалық жүйелер: дәстүрлі, командалық және нарықтық болып жіктеледі.

  • Дәстүрлі экономикалық жүйеде өндіру, бөлу және тұтыну қалыптасқан дәстүрлер мен ғұрыптарға негізделеді.
  • Әміршіл-әкімшілік экономикалық жүйе бұл мәселелерді директивалық әдістермен, яғни жоғарыдан түсіріліп жататын бұйрықтармен шешеді.
  • Ал нарықтық экономикалық жүйеде шаруашылықтың бағдары тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер арасындағы бәсекеге құрылады

Дәстүрлі экономика сирек кездесетін шектеулі табиғат ресурстарын кеңінен пайдалануды дәстүрлер мен ғұрыптар айқындайтын экономикалық жүйе.

Нарықтық экономика

Нарықтық экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.

Толығырақ

Рынокта бәсеке барысында сұраным мен ұсыным, баға құралады. Сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті нарықтық экономиканың тиімділігін қамтамасыз ететін тетік болып табылады. Баға кәсіпорындар мен тұтынушыларға нарықта қалай әрекет ету керектігін – осы тауарды көп өндіру керек пе, жоқ па оның шығарылымын қысқарту немесе тоқтату керек пе, жоқ па дегенді хабарлайды. Бағаның құралу тетігімен қатар рыноктағы бәсекеге ерекше назар аударуға тура келеді, яғни бір-бірімен бәсекелесуші бірқатар фирмалар (кәсіпорындар) болса және олардың бірде-біреуі баға белгілеу үдерісін басқара алмаса – олар тұтынушылар алғысы келетін және төлей алатын тауарларды өндіруге мәжбүр болады. Алайда тауарлардың белгілі бір санаттары үшін баға тетігі жұмыс істемейді (мыс., қорғаныс), кейде тауар өндіруге жұмсалған барлық шығынды көрсетуге дәрменсіз болады, демек, баға мен шығын оның қоғамдық нәтижесін көрсетпейді. Нарықтың осы және басқа кемшіліктері нақты өмірде ұдайы кездесіп отырады, сондықтан “таза” нарықтық экономика, сұраным мен ұсынымның қандай үлгісінде құрылса да, болмайды. Нарық әрқашанда бірге әрекет етуші кәсіпорындар мен монополиялар, түрлі ұйымдар, саяси өкімет тарапынан араласу – реттеу арқылы толықтырылып, шектеліп отырады. Сонымен бірге нарықтық шаруашылық пен баға белгілеу тетіктерін толық алып тастап, оның орнына экономиканы толық басқару әкімш. және саяси шешімдермен шешілетін болса, онда “таза” жоспарлы экономика дейтін пайда болады.

3 стр., 1226 слов

Экономика. Экономиканың негізгі элементтері

... үктелер А, В, С, Д, Е, F) әлде трансформация, бұл анықтайды экономика толық жұмыстылық кезінде альтернативтік болады. Қажетті талдауға өндірістің техника экономикалы ... және үй шаруашылығы, өнер, сауда ар ... ндіру көлемін азайтады. Альтернативтік мүмкіндік мағынасы төменде көрсетілген. 3 сурет Өндірістік мүмкіншіліктің көбеуі (н ... Өздерінің әрекет ету сипатына қарай экономикалық заңдар ерекше ...

Нарықтық экономика артықшылығы

Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де – жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де – елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды “жұмсартуына” тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың да белгілері бар. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экон. өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы. Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді.

Нарықтық экономика үлгілері

Қазіргі уакытта Қазақстанда барша шаруашылық жүргізудің экономикалық жүйелік қызметтерінің нарықтық үлгісі жасалуда. Осы жағдайда нарық экономикасы жоғары дамыған елдер қолданып отырған үлгілердің ерекшелігін білу өте қажет. Алдымен назарымызды барлық нарықтық жүйелер жөне олардың даму бағыттары тәуелді болатын жағдайларға көңіл аударайық:

  • географиялық орналасу;
  • табиғи ресурстардың бар болуы;
  • тарихи даму жағдайлары;
  • халықтың дәстүрі, әдет-ғүрыпы;
  • өндіргіш күштердің даму дәрежесі;
  • қоғамның өлеуметтік бағытгалуы.

Шаруашылық жүргізудің нарықтық шарттарының әр елдердің өзіне тән ерекшеліктері болады. Сонымен қатар барлық нарықтық үлгілердің ортақ көрсеткіштері болады:

  • меншіктің әр алуан формаларының болуы;
  • тауарлар мен қызметтерге көбінесе еркін баға болуы;
  • еркін бәсекенің дамыған жүйесі;
  • кәсіпкерлік әрекеттердің кең тарауы;
  • экономиканы мемлекеттік реттеудің белгілі жүйесі.

Қазіргі заманда қолданылатын нарықтық үлгілердің бірнешесін атап өтуге болады.

Американдық үлгі

Американдық үлгі. Бұл үлгі «капитализмнің либералдық үлгісі» деп аталады. Ерекшеліктері:

15 стр., 7043 слов

Экономика | Жоспарлаудың жалпы түсінігі

... жоспарлау – бұл рыноктық экономиканың құрылуына әсер ететін, мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық саясатын жүзеге асыратын негізгі әдіс. Ол тек қана ... жоспарлау нарықтық экономика жағдайында кеңінен қолданылады және әлемде кең тараған экономиканы мемлекеттік реттеу ... әртүрлі жоспарлық документтердің бір- біріне қайшы келмеуі және бірбағытты болуы;/2.37-бет/ Жоспарлаудың негізгі әдістеріне жатады: ...

мемлекеттің экономикадағы реттеуші рөлі өте төмен. Мемлекеттің экономикаға кірісуі көбінесе экономикалық дағдарыстармен (XX ғасыр 30—70-ші жылдары), немесе, экономиканың күрт өсуімен (XX ғасыр 60-шы жылдары — кедейлікпен күресу, әлеуметтік бағдарламалардың санының өсуі) байланысты болады.

көсілкерлікті барынша қоддау (XX ғасыр 80-ші жылдары АҚШ-да кіші кәсіпкерлік жаңа жұмыс орындарының 80% қамтиды);

  • халықтың бай, кедей болып әйгілі бөлінуі;
  • жалақы айырмашылығының тым алшақтығы. Фирманың бастығының жалақысы жабайы қызметкердің жалақысынан 110 есе артық;
  • жетімді түрде қамтамасыз етілмеген топтардың әл-ахуалы жарамды дәрежеде.

Жапониялық үлгі

Жапониялық үлгі. Осы замандағы шаруашылық жүргізу үлгісі дамудың ерекше жағдайында қалыптасқан. Әскери шығындардан бас тартып, Жапония барлык мүмкіндіктерін «бейбіт мақсатқа», яғни, өнеркәсіптің экономикалық «потенциалын» өсіруге жұмылдырған. Осы мақсатқа жетуге көмек берген жағдайлар: американдық және батысеуропалық патенттер мен лицензияларды еркін сатып алу, дүниежүзілік шикізаттар мен отын нарықтары бағаларының төмендеуі, жапониялық жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығы, елеулі әскери шығындардың болмауы. Жапондык үлгінің негізгі белгілері:

  • ұлттық экономиканың негізгі бағыттарына мемлекет әсері өте жоғары. Алдымен мемлекет танкерлер өндіруді қолдады, содан кейін — аз литражды автомашиналарды, ал XX ғасыр 70-ші жылдарынан бастап — электроника мен компьютер өндірісін қолдады. Осының нәтижесінде XX ғасыр 70-ші жылдары ортасына дейін Жапония елеулі дағдарыстардан аулақ болды және экономика ұнамды даму алды;
  • өзін өзі қорғаудың дамуы мен нығайтылуының 5-жылдық жоспарларын жасау. Қазір 1991-1995 жылдары қамтитын 8-ші бес жылдық жоспар аяқталды. «Жапондық кереметтің» болар алдында экономиканы дағдарыстан шығарудың және тиімділігі жоғары өндірісті жасаудын, 30 жылдық жоспары жасалған;
  • фирмалардың басым көпшілігі жұмысшыларды барлық өмірлік мерзімге жалдайды;
  • жұмысшыларды ортақ ынта арқылы біріктіру;
  • жұмысшыларды басқаруға жөне шешім кабылдауға тарту;
  • жалақы дәрежелерінің айырмашылықтары көп емес — фирма бастығының жалақысы жабайы жұмысшылардыкінен 17 есе артық;
  • үлгінің әлеуметтік бағытталуы. Әлеуметтік мәселелерді шешу көбінесе корпорация мен бірлестіктерге жүктелген.

Неміс үлгісі

Неміс үлгісі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұны жағынан бұл үлгі Жапониялық үлгіге ұқсас. Әлеуметтік нарық экономикасының бас идеологі Людвиг Эрхард. Ол өз кітабында немістің жаңа экономикасының қызмет етуінің негізгі принциптерін баяндайды. Неміс үлгісінің негізгі ерекшеліктері:

экономикаға мемлекеттің зор әсер етуі. Бұл жағдай әсіресе әлеуметтік мәселелерді шешуде байқалады. Мемлекет елеулі әлеуметтік міндеттер атқарады: тегін медицина, білім, және т.б.

XX ғасыр 70-ші жылдардың басында Германияда негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге таргетирование (жоспарлау) принципін қолдану жүзеге асырылған. Осымен қатар жұмысшылар кәсіпорын меншігіне де қатысады;

  • Неміс үлгісінде, Жапониялықтай, банктер шешуші рөл атқарады. Орталық банк толық автономия негізінде жұмыс істейді;

Жапондық үлгідегідей, жалақы дәрежесінің айырмашылығы елеулі емес — фирма бастығы мен жабайы қызметкер жалақысының ара алшақтығы 23 есе.

3 стр., 1060 слов

Дәстүрлі экономика

... — деп жазған болатын Пол Самуэльсон. Әлеуметтік аралас нарықтық экономика теориясынын негізін қалаушы герман экономисі, Фрайбург университетінің ... қ анархия өндірісті қоғамдық-жоспарлы реттеумен алмастырылады» Әкімшілдік-әміршілдік экономиканың нарықтық экономикаға қарағанда артықшылығ ... шаруашылығының міндеттері мен бағдарламасын жүзеге асыруға шоғырландырады және жұмылдырады. Сондықтанда жоспарлау ...

Жоспарлы экономика

Жоспарлы Экономика– КСРО-да және басқа да “социалистік” деп аталған елдерде қолданылған экономика жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұнда материалдық қорлар мемлекет меншік болып есептеліп, барлық кәсіпорындардың экономика қызметі директивалық жоспарлау, басқару және бақылау арқылы бағытталып, үйлестіріліп отырды. КСРО-да 1921 жылы тоталитарлық қоғамның негізгі экономика мақсаттарын жоспарлаушы экономика орган – Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы (1947 жылдан Мемлекеттік жоспарлау комитеті) құрылды. Оған халық шаруашылығын жоспарлау, шаруашылық жоспарларының орындалуын бақылау, одақтас республикалардың жоспарларын үйлестіру және жоспарлы көрсеткіштерді аумақтық және салалық ауқымда өзара сәйкестендіру міндеттері жүктелді (қ. Бесжылдықтар).

Қазақстандағы Жоспарлау комитетінің құрылымы республика халық шаруашылығының барлық салаларын жоспарлауды және жоспарлардың орындалу барысына бақылау жасауды қамтитындай етіп құрылды (1921 жылы Қазақ АКСР Жоспарлау комиссиясы болып құрылған).

Айталық, халық шаруашылығын шикізат көздерімен қамтамасыз етуді геология бөлімі жоспарлады; өндіргіш күштердің орналастырылуын, облыстарды, өнеркәсіп тораптарын кешенді дамытуды аумақтық жоспарлау бөлімі үйлестірді; халықты тұрғын үймен, коммуналдық, сауда, тұрмыстық, мәдени-ағарту, дәрігерлік мекемелерімен қамтамасыз етуді тиісті салалық бөлімдер жоспарлады; материалдық-техника жабдықтау мәселелері материалдарды, отынды, жабдықты, машиналарды бөлу жоспары мен баланс бөлімінде жинақталды; халық шаруашылық жоспарының, күрделі қаржының, еңбек пен жалақының, қаржы мен өзіндік құнның жиынтық бөлімдері осы салалар бойынша жалпы республикалық жоспарлар жасады, жоспарлардың салалық және аумақтық жағынан үйлестірілуін қамтамасыз етті, жоспарларды жасауға қажетті көрсеткіштер мен үлгілерді әзірледі, халық шаруашылық жоспарларының орындалуына талдау жасап, салалық бөлімдердің жұмысын үйлестірді. Алайда, КСРО құрылғаннан бастап ыдырағанға дейінгі аралықтағы жоспарлы экономика саясаты сайып келгенде ел экономикасының жоспарлы түрде бірқалыпты ырғақпен дамуын қамтамасыз ете алмайтындығын көрсетті. Әкімшілдік-әміршілдік жүйенің қыспағымен белгіленген мерзімде орындалуы мүмкін емес, базалық дайындығы негізсіз жоспарлар жасалды.

Соның салдарынан тек қана кеңестік қоғамға тән экономика-мәдени секірістер жасау үшін жалған жоспарлар жасалып, жалған ақпар беру жаппай белең алды. Жоспарлы экономика принциптеріне сай жергілікті жерлердегі шаруашылықтар мен өнеркәсіп орындары өнімнің бір ғана түрін өндіруге жұмылдырылып, біржақтылыққа бой ұрды. Кеңестік Жоспарлы эканомикаға тән теріс сипаттар ретінде мыналарды атап көрсетуге болады: барлық экономика реформалардың бір ғана мемлекет меншікке негізделуі; қоғамдық және әлеуметтік талаптың – сұраныс пен ұсыныстың ескерілмеуі; соның салдарынан басы артық тауарлардың қоймаларда жинақталып қалуы; өнеркәсіп орындары мен шаруашылықтардың жаппай іріленіп, тек белгілі бір сала бойынша ғана мамандануы; өнім өндірушілердің өз жұмыстарының нәтижесіне ынталы болмауы; сандық және сапалық көрсеткіштерді жалған құндық және заттық көрсеткіштердің ауыстыруы, т.б. Мұның өзі кейбір одақтас республикалардың, соның ішінде Қазақстанның да тек шикізат өндіруші республикаға айналуына әкеп соқты. Қазақстанда, негізінен, агр. секторға басымдылық беріліп, ауыр өнеркәсіп дамытылмай, технол. жабдықтар шығарудан құралақан қалдырылды. КСРО-дағы жоспарлы экономика өзінің даму сатысында дәрменсіздігін сан рет танытқанымен, оның біржола күйреу белгісі 20 ғасырдыңдың 80-жылдарының ортасынан бастап айқын байқалды. 1985 ж. жарияланған жаппай “қайта құру” науқаны Жоспарлы экономиканың шын мәнінде дағдарысқа ұшырағандығын көрсетті. Осы кезеңнен бастап КСРО ыдырағанға дейінгі аралықта жоспарлы экономиканы сақтап қалу үшін оған нарықтық экономиканың кейбір нышандарын енгізу шаралары жүзеге асырылды. Алайда қандай да бір тосқауылдарға қарамастан нарықтық экономика жоспарлы эканомиканы біржола ығыстырып шығарды.

4 стр., 1829 слов

Экономика пәндерінен жазуға әдістемелік көмек

... трактовкасына үміттенбейді. Ереже бойынша эссе бір нәрсе туралы жаңа, субъективтік боялған ... саты – ойды қозғау. Мысал үшін экономика пәндері бойынша ұсынылатын эсселердің тақырыптары ... бөлуге болады: ойлану – жоспарлау – жазу – тексеру – түзету. Жоспарлау – мақсатты, негізгі идеяларды, ... кезінде экономикалық проблемалар неліктен туады Командалық — жоспарлы нарық экономикасын сипаттайды Меншік құқығының ...