Қаржы нарығындағы депозит нарығы

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

Тақырыбы: «Қаржы нарығындағы депозит нарығы»

Орындаған:Сакенова Әсел

Тексерген:Өмір А.

Алматы қаласы 2013 жыл.

Жоспар:

Кіріспе

1.Депозит нарығының мәні, депозит нарығың мағынасы мен рөлі. Депозиттердің типтері.

2.Қаржы нарығындағы депозит нарығының рөлі мен орны

3.Қазақстанда депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Шаруашылық субъект ретінде кез-келген қаржы институты өз жарғылық қызметін іске асыру үшін қаржы ресурстарына, яғни ғимарат, құрылыс, техника мен технология сатып алу үшін, айналым капиталын жасақтау үшін, жалақы және бюджетке төлем жүргізу т.с.с. үшін ақша көздеріне мұқтаж болып табылады. Ол шығындар өз есебінің негізінен қаржыландырылуы, не қарыз мен тартылған қаржының есебінен қаржыландырылуы мүмкін. Оның негізгі бөлігін жеке және заңды тұлғалардың түрлі салымдары немесе депозиттер құрайды.

Депозиттік операциялар алғашқы кезде алтын монеталарды сақтау формасы түрінде қалыптасты, оның мақсаты монеталардың жақсы сақталуы болатын. Сақтағаны үшін қожайын белгілі –бір сыйақы төлеуі тиіс болған. Клиенттің тілегі бойынша менялдарда өзіне сеніп тапсырылған тиынның нақ өзін сақтауға кепілдік беретін. Мұндай жағдайда олар алынған тиындармен ссудалық операцияларды жүзеге асыра алмайтын, олар иелеріне ақша пайызын төлейтіндей пайда ала алмайтын. Уақыт өте келе олардан нақ сол тиындарды қайтару талап етілмей, орналастырылған ақшаның сомасы ғана қайтарылатын. Сақтау мерзімі де ұзартылатын. Егер осыған дейін несиені тек өз капиталына қарай беріп келген болса, ендігі жерде несие ұсыну, ссудаға пайыз алу және ақша иелеріне өз сомасының бір бөлігін төлеу үшін қарыз қаражатын пайдаланудың мүмкіндіктеріне ие болды.

Қазіргі кезеңде депозиттік операциялар түрлі формаларға бөлініп, түрлі елдер бойынша әр түрлі болып табылады. Дегенмен кез-келген қаржы институты үшін салымшыларды тарту және несиелік ресурстардың негізгі көзі ретінде депозит базасын кеңейту басты мақсат болып табылады. Ақшалар жинақтаушы функциясын орындап депозиттерге айналады, ал олар халықтың, шаруашылық субъектілердің және т.б. жинаған қаржысы болып табылады. Клиенттің барлық салымдары депозит деп түсіндіріледі. Депозиттерге салынған қаржы көздері түрлі болуы мүмкін. Ол корпоративтік клиенттердің есеп шоттарындағы, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қаржылары, жұмысшылар мен қызметкерлердің уақытша қолданылмай тұрған жалақылары.

22 стр., 10684 слов

Нары ты экономикада ы аржылы жоспарлауды ерекшеліктері

... болып табылады. Я мемлекеттик билик пер басқарудың органдары, мекемелери жне олардң жғарғы құрылымдары жзеге асырады. қты жүргiзудiң нарықты ... етедi. Ориентировочная жоспарлау нарықтық экономика мемлекеттик Теттуде жне экономика ойдағыдай дамытудың ... экономикада қаржы жоспарлауда сүйенiш бөлгiштiк процестерге жасалынса, нарықтық ... қ жоспарлаудың құрамды бөлiгi. Олар экономиканың үйлесiмдi және тепе ...

Қаржы нарығы — бұл, ең алдымен, дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Депозит нарығы қаржы нарығының құрамды бөлігі болып табылады. Қаржы нарығындағы депозит нарығының рөлі мен орны ерекше болып табылады.Депозит нарығында депозиттік операциялар жүзеге асырылады.

Депозиттік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары. Депозиттік операцияларды жүргізу кезінде кез келген банк өздері дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегінде келесі ережелерге негізделеді:

Көптеген ұсақ және шағын банктер үшін депозиттер ақша қаржыларының басты көзі болып табылады. Банктер қаржы нарығында қаржылық делдал ретінде басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, тұрғындардың уақытша бос ақша қаражаттарының ірі сомасын орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиімді пайдаланып, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және қарыз алушыларға табысты негізде ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, іскер фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкімет мекемелері, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті органдар өз қаржыларын коммерциялық банктерге салады.

Бүгінгі таңда коммерциялық банктер депозиттердің әр түрлі түрлерін ұсынып отыр. Қазақстанның банктік тәжірибесінде олардың мынадай түрлері бар:

1) Сұрағанға дейінгі депозиттер немесе чектік депозиттер салымшыға міндетті түрде төленетін чек жазып беру құқығын береді. Бұл түрдің ыңғайлығы чектердің қауіпсіздігі мен төлемнің жазып беру қарапайымдылығымен түсіндіріледі, сонымен қатар ол қалаған уақытында қолма-қол ақшаны алу мүмкіндігін береді. Чектік депозиттер қымбат есептік операцияларды талап етеді, сондықтан көптеген банктер оған белгілі бір төлем орнатады. Оның көлемі депозит көлемінің өзгеруімен және бір ай көлемінде жазылған чек санына байланысты өзгеріп отырады. Бірақ көп банктер төлемді алудан жиі бас тартып тұрады, ол жағдай, банк, салымшы бүкіл ай көлемінде есеп шотындағы қалған балансты жеткілікті деп есептесе жүзеге асады, ал ол қаржыны банк өз коммерциялық мақсаттарына пайдаланады (мысалы 60,90,120 күндік ссудалар береді).

Чектік депозиттердің негізгі түрінің бірі сұрағанға дейінгі салымдар болып табылады, оның өз ерекшеліктері бар:

  • ақшаны салу және алу бөлек-бөлек не толық, кез-келген уақытта ешқандай шектеусіз жүргізіледі;
  • есеп-шоттағы ақша қолма-қол түрінде де, не чек көмегімен алынады;
  • банк есепшот қожайынына комиссиондық сыйақыны нақты айлық ставканы қолдану немесе әр жақылған чек бойынша орнатады;
  • егер клиент алдын ала келісілген есеп шоттағы орта есептегі қаржы көлемін ұстаса оған “жасырын” пайыз төленеді, яғни банк клиенттен есеп шотты қолданғаны үшін тқлем алудан бас тартады. Бірақ, клиент ол тәртіпті бұзса онда банктің барлық операциялық шығындарын төлеуге тиіс.

Көп клиенттер осы депозит түріндегі ақшаның көлемін азайтуға тырысады, себебі бұл салымдар бойынша пайыздық кіріс төленбейді.

15 стр., 7043 слов

Экономика | Жоспарлаудың жалпы түсінігі

... деңгейі, т. б. Индикативті жоспарлау нарықтық экономика жағдайында кеңінен қолданылады ж ... қ жоспарлаудың маңызды инструменті болып бағдарламалау табылады. Жалпыұлттық, аймақтық, ... ң келісімділік қағидасы; әртүрлі жоспарлық документтердің бір- біріне қайшы келмеуі ... тылығы олардың уақыты және саны бойынша анықтылығы. Жоспарлаудың үш жағын ... Ал бұл шаруашылық практика мен жинақталған тәжірибеге негізгі жағ ...

Сұрағанға дейінгі депозиттерге мыналар жатады:

  • заңды тұлғалардың банктік есеп шоттарындағы қаржылары, оған қоса мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджет қаржылары;
  • есептегі қаржы;
  • басқа банктердің корреспонденттік есеп шоттарындағы банктің қаржысы.

2) Жинақтаушы салымдар. Бұл салымдар халықпен жасалатын операцияларды кең тараған және кішігірім салым үшін арналған. Сұрағанға дейінгі салымдардан тек ақшаны төлеу және алу тәсілдері, пайызды есептеу кезеңдері бойынша айырмашылығы бар. Кейде оларға пайыздар бойынша салықтық жеңілдіктер беріледі.

Қазақстан банктері ұсынып отырған жинақтаушы депозиттердің негізгі түрлеріне жинақтаушы кітапшалар, депозиттік есепшоттар жатады.

Жинақтаушы кітапшалардағы есепшоттар пайыздық пайда әкелетін және оны бірден алуға болатын салым болып табылады.

Қазақстанның депозит нарығында мынадай жинақтаушы депозиттердің түрлері ұсынылады:

  • мерзімді жинақтаушы салымдар, ол бойынша мерзім қойылады және сол мерзім көлемінде салым алынбайды, осы салым бойынша ең жоғары пайыздық пайда түседі;
  • мерзімді жинақтаушы салымдар қосымша жарнасымен, ол бойынша салымды сақтау мерзім көлемінде қосымша жарна төлеп тұруға болады, осылай салымның көлемі өседі;
  • жинақтаушы салым қосымша жарнамен. Бұл есепшотқа үнемі белгілі бір кезекпен келісім бойынша анықталған сома төленіп тұрады және сома бойынша пайыздық төлемдер белгілі бір кезеңде төленеді;
  • ағымдағы жинақтаушы салымдар. Ол салымдарда ақша еркін түсіп, еркін алынады. Олар көбіне пайызсыз және зейнетақы, стипендия, жәрдемақы төлеуге пайдаланылады;
  • ұтыстық, ақшалы заттай ұтыстық. Үнемі өтіп тұратын лотереядан болатын ұтыстар;
  • сыйақылар (премиялар).

3) Мерзімдік салымдар- бұл нақтыланып белгіленген мерзімге салынған депозиттер, егер ол мерзімінен бұрын жабылатын болса оған айыппұл салынады, оған төленетін пайыздық сыйақы салым мерзіміне және көлеміне байланысты. Салым мерзімі бір айдан бес жылға дейін, кейде одан да ұзақ мерзімге созылады. Банктер салымның осы түріне үлкен қызығушылық танытады, себебі оның сомасы тұрақты және ұзақ мерзімді операцияларда қолдана алады. Ал салымшыларды одан жоғары пайыздық пайда табуы қызықтырады.

Қазақстанның депозит нарығының құрылымын институттар тұрғысынан және нарықтың қаржылық құралдары тұрғысынан да көрсетуге болады.

Институционалдық құрылым – қадағалаудың реттеуші органдары және шаруашылық субъектлердің байланысы болып табылады.

Депозит нарығының қаржылық институттары болып өз қызметтерін жүзеге асыру мақсатында салымдар тартатын ұйымдар болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы несие жүйесінің жоғарғы буыны ретінде коммерциялық банктер және мамандандырылған қаржы мекемелерінің қызметін реттейді.

Банктерде тұрғындардың жинағының өсуі, өзіндік тұрақтылық және сенімділік кепілі болып табылатын олардың несиелік қабілеттілігі мен өтімділігін арта түсіретін маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасында 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру жүйесі қызмет етуде. Оның орталық органы болып Қазақстанның жеке тұлғаларының салымдарына кепіл беру (сақтандыру) қоры табылады. Ол Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының қаулысына сәйкес екінші деңгейлі банктердің салымшыларының қызығушылығын қорғау мақсатында акционерлік қоғам формасында құрылған. Бұл жүйеге келесі бағыттар бойынша белгілі талаптарға сай коммерциялық банктер жатады. Олар:

  • халықаралық стандарттарға өту бойынша бағдарламаларға енгізілген;
  • банктің меншікті капитал мөлшері бекітілген нормативтерге сәйкестігі;
  • қорға өтініш беру уақытына дейін 3 ай ішінде пруденциялық нормативтердің сақталуы;
  • берілген сұрақ бойынша Ұлттық банктің ұсынысының болуы (ұсыныс құпия құжат болып табылады және қорға міндетті түрде жіберіледі);
  • Ұлттық банктің тізіміндегі халықаралық аудиторлық ұйым мен бекітілген соңғы жылғы банктің жылдық қаржылық есеп беру.

Банктің өтініш беруінен кейін қор Ұлттық банктің ұсынысы негізінде банктің берген құжаттарын есепке ала отырып жүйеге енгізу мүмкіндігін талдайды. Қор басқармасының шешімі өтініш берген күнен бастап 1ай мерзімінде қабылдануы тиіс.

Депозиттік ұйымдардағы депозиттер

млн. теңге / кезеңнің соңына

12.12

Барлық депозиттер

8 994 465

оның iшiнде:

ұлттық валютада:

6 311 455

банктік емес заңды тұлғалардың

4 252 024

жеке тұлғалардың

2 059 431

шетел валютасында:

2 683 010

банктік емес заңды тұлғалардың

1 370 681

жеке тұлғалардың

1 312 329

Депозиттердiң жалпы сомасы iшiнде:

банктік емес заңды тұлғалардың

5 622 705

жеке тұлғалардың

3 371 760

Аудармалы депозиттер,

ұлттық валютада:

2 352 376

банктік емес заңды тұлғалардың

1 981 399

жеке тұлғалардың

370 977

Басқа депозиттер,

ұлттық валютада

3 959 079

банктік емес заңды тұлғалардың

2 270 625

жеке тұлғалардың

1 688 454

Аудармалы депозиттер,

шетел валютасында:

707 174

банктік емес заңды тұлғалардың

668 148

жеке тұлғалардың

39 026

Басқа депозиттер,

шетел валютасында:

1 975 837

банктік емес заңды тұлғалардың

702 533

жеке тұлғалардың

1 273 303

2012 жылғы желтоқсанның деректерінде қорытынды айналым дар есепке алынған жоқ