Қаржылық инвестиция

Жоспар

  1. Қаржылық инвестиция
  2. Жіктелуі
  3. Табыс көзі
  4. Нақты инвестициялар
  5. Инвестициялық қоржын
    1. Қоржынның бірінші типі
    2. Қоржындардың екінші типі
  6. Инвестиция
  7. Инвестициялардың мақсаты
  8. Шетелдік инвестиция
  1. Қаржылық инвестиция ― бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі, инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар. Сондай-­ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді ― ақшалай және күрделі болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық құнды қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі.

Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын (қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады. Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты ― түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе пайыз алу болып табылады.

2) Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:

1. Жұмсау мерзімі бойынша:

  • Қысқа мерзімді;
  • Ұзақ мерзімді:
  • Мерзімсіз.

2. Тағайындалуы бойынша:

  • Қаржылық;
  • Нақты.

3. Шығу тегі бойынша:

  • Бірінші;
  • Екінші.

4. Болу формасы бойынша:

  • Құжаттық;
  • Құжатсыз.

5. Ұлттық тегі бойынша:

  • Отандық;
  • Шетелдік.

6. Қолдану түрі бойынша:

  • Инвестициялық (капиталдық);
  • Инвестициялық емес.

7. Иемдену қатары бойынша:

  • Жеке;
  • Жалпы.

8. Шығарылым формасы бойынша:

  • Эмиссиондық;
  • Эмиссиондық емес.

9. Меншік формасы бойынша:

  • Мемлекеттік;
  • Корпоративтік.

10. Айналыс сипаты бойынша:

22 стр., 10684 слов

Нары ты экономикада ы аржылы жоспарлауды ерекшеліктері

... жанама түрде ықпал етедi. Ориентировочная жоспарлау нарықтық экономика мемлекеттик Теттуде жне экономика ойдағыдай дамытудың бүкил шеги анталды. ... ң жғарғы құрылымдары жзеге асырады. қты жүргiзудiң нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргiзудiң белгiленетiн тү ... режесi тексерiледi, өнiм өндiру мен оның сапасын жақсарту бойынша өндiрiстiк қуаттылықтарды неғұрлым толық пайдалану есебiнен, шы ...

  • Нарықтық;
  • Нарықтық емес.

11. Тәуекелділік деңгейі бойынша:

  • Аз тәуекелділікпен;
  • Мүмкін үлкен тәуекелділікпен.
  1. Инвестициялық қоржын

Егер инвестор әр тараптандыру (диверсификациялау) принципін ұстанатын болса, онда ол инвестициялық портфель деп аталатын бағалы қағаздардың жиынтығымен байланысты болады.

Қоржындық (портфелдік) инвестициялаудың объектілері ретінде әртүрлі бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері әрекет етеді. Қоржынның бір бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін. Инвестор инвестицтялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді қалыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету қабылданған: бірінші тип ― өсім қоржыны, екінші тип ― табыс қоржыны.

Қоржынның бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне дивиденттер мен процнттер алу есебінен емес, бағалы қағаздардың бағамдық өсімінің есебінен алу болып табылады. Бұл негізгі салымның басым бөлігін акция құрайды. Күтілетін капитал өсімімен және тәуекелділіктің ара қатынасына байланысты қоржындық өсімнің ортасынан бөліп көрсетуге болады. Агрессивті өсім қоржындары капиталдың маскималды өсіміне бағытталады. Бұл қоржын үлкен тәуекелділікпен байланысты екенін көрсетеді, бірақ эмитент ­ кәсіпорындардың қолайлы дамуы кезінде ол үлкен табыс әкелуі мүмкін. Қоржынның бұл құрылымы, әдетте, тез өсетін жас компаниялардың акцияларымен көрсетілуі мүмкін. Консервативік қоржынның өсаімі негізінен ірі, жақсы белгілі және тұрақты компаниялардың акциясынан тұрады, бұндай қоржынның тәуекелділігі де аса үлкен болмайды. Қоржынның орташа өсімінде агрессивті қоржынға да, консервативті қоржынға да тән инвестициялық қасиеттері болады. Оның құрамына сенімді кәсіпорындармен қоса даму үстіндегі жас кәсіпорындардың да акциялары енеді. Мұндай қоржын жеткілікті табысқа және тәуекелдің орташа деңгейін ұстауына қолайлы жағдай туғызады.

Қоржындардың екінші типі дивиденттер мен проценттерден табыс алу болып табылады. Қоржынның бұл типі тәуекел кезінде алдын ала жоспарланған табыстың деңгейін қамтамасыз етеді және онда тәуекелділіктің деңгейі нольге тең болады. Қоржындардың аталған типін инвестициялау объектілері ретінде сенімділігі жоғары бағалы қағаздар алынады. Оның құрамына енетін қорлардың инструменттеріне байланысты олар: конверттелетін, нарықтық ақщалай және облигациялар болып бөлінеді. Конверттелетін (айырбасталынатын) қоржындар: айрықша акциялардан және облигациялардан тұрады. Мұндай қоржын оны құрайтын бағалы қағаздардың есебінен нарық конъктурасы мүмкіндік беретін болса, онда оларға жай акциялардың өзі де қосымша табыс әкелуі мүмкін. Басқа жағдайда, қоржын инвестициясы тек тәуекелділік төмен болған кезінде ғана табыспен қамтамасыз етіледі. Ақша нарығының қоржындары капиталды толық сақтау мақсатынан тұрады. Оның құрамына ақщалай қаражат пен тез сатылатын активтер кіреді. Егер де ұлттық валюта өзінің төмендеу бағасын көтерсе, онда ол шетелдік валютаға айырбасталуы мүмкін. Сөйтіп, салынған капитал нольдік тәуекелділік кезінде өз өсімін сақтайды. Облигациялар қоржындары облигациялардың есебінен қалыптасады және нольдік тәуекелділік кезінде орташа табыс әкеледі.

9 стр., 4460 слов

Реферат инвестиция аза ша

... жердің экономикасына оң ықпалын тигізеді. Экспорттың жетілдірілуі. Шетелдік инвестиция көбіне көрші елдердің базарларынан халықаралық корпорацияны ... әкелді. Ал, проценттік көтерілуі азайған шақты инвесторлар есеп-шоттарын дереу жабады. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЛЫҚ САЯСАТЫ Инвестициялық саясаттың ... тікелей байланысты. Төменде дүние жүзінің дамышу және дамыған елдерінің көбінде пайдаланылатын инвестиция т ...

  1. Инвестиция

Инвестиция – экономиканы дамытудың тұрақты және жоғарғы қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерді енгізуді, инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты фактор.

Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан құрылған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды.

Қаржылық инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн. Бұл тәуекелділік басшылардың біліктілігімен және олардың епті әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастыруымен, валютаның бағамдық пайыз мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді несиелерді тартудың қиындылықтарымен және т.б. осы сияқты мәселелерімен байланысты болып келеді. Сонымен қатар, табиғат зілзаларымен және саяси тәуекелділіктерімен байланысты болатынын ескерген абзал. Қаржылық инвестициялар техникалық-экономикалық есептеулер жасалған соң және сол инвестицияланатын объектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып, жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарықтық қарым-қатынастар жағдайындағы тәуекелділіктер төменбеуімүмкін.

  1. Инвестициялардың мақсаты

Инвестициялардың мақсаты:

  • жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу;
  • ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен толтыру және қолайлы қызмет көрсету;
  • отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру;
  • экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту;
  • Қазақстан Республикасының шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану;
  • қазіргі заманғы менеджмент пен маркетингтің әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру;
  • жергілікті мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру;
  • өндірістің жедел дамуын қамтамасыз ету;
  • қоршаған табиғат ортасын жақсарту болып табылады.
  1. Шетелдік инвестиция

Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруде және оны одан әрі дамытуда шетелдік инвесторлардың атқарар ролі зор. Шетелдік инвестициялар-ға табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне инвесторлар салып отырған мүліктік құндылықтар және оған қоса олардың құқықтары, яғни интеллектуалдық меншік құқығы да кіреді.

Шетелдік инвестициялар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық капииалына қатыса отырып, ондағы қабылданатын шешімдерге өз үлестерін және құқықтарын қорғауына болады.

Шетелдік инвесторлар заңға қайшы келмейтін кез келген қызметпен, атап айтқанда: бірлескен кәсіпорындарды құруға және олардың шетелдік филиалдарын ашуға, мүліктік құқын сатып алуға, қарыз, несие беруге т.б. қызметтермен шұғылдануына болады.

Шетелдік инвесторлар өздерінің қызметінен алған табысын өз қалаулары бойынша пайдалануға құқылы, Қазақстан аймағында қайта қаржыландыру үшін, тауарлар алуға және басқа да мақсаттар үшін, яғни Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуына болады.

6 стр., 2522 слов

Аналіз стану і використання основних фондів підприємства

... (П, Аналіз використання основних фондів Усі показники використання основних фондів звичайно поділяються на дві групи показників: екстенсивного використання; інтенсивного використання. екстенсивного У процесі аналізу досліджуються склад і структура календарного фонду верстатного часу, ...