Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «
Республикасы өнеркәсібін жоспарлаудың дамуы». Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде жалпы жоспарлаудың түсінігімен мәні, әдістері мен қағидалары, Қазақстандағы жоспарлаудың жағдайы мен жүзеге асырушы органдар туралы толық мәлімет тиісті бөлімшелерде жазылған. Жоспарлау дегеніміз ұлттық экономиканың әртүрлі деңгейлерінде жүзеге асырылатын басқару нысаны. Макрожоспарлау кез келген мемлекеттің саясатында үлкен роль атқарады.
Екінші бөлім Қазақстан Республикасының өнеркәсібіне арналады. Өзіне барлық салалар мен олардың салалық құрылымын қосатын елдің өнеркәсіптік кешені мыналарды да қамтиды: көптеген шаруашылық субъектілер, ірі корпорациялар, қаржылық институттар, өзінің жеке қызығушылығы, мотивы, мүмкіндіктері бар акционерлік қоғамдар мен күшті шаруашылық құрылымдар. Мұнда қазіргі Республикадағы өнеркәсіптің жағдайы, даму беталысы нақты статистикалық мәліметтермен көрсетіледі.
Үшінші бөлімдеөнеркәсіптің дамуының бірден – бір себепкері,соңғыкезде актуальды проблемалардың негізгісіне айналған кластер ұғымы туралы айтылады.
1. Жоспарлаудың жалпы түсінігі.
1.1. Жоспарлаудың түсінігі, мәні, методологиясы.
Жоспарлау экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерінің ең тиімдісі.
Жоспарлау жалпы түрде мақсаттарды ғылыми дайындау мен таңдауды қосатын, оған жету жолдары мен ресурстарды анықтайтын ағымдағы ақпараттарды өңдеуге негізделген басқару шешімін қабылдау мен дайындау процесін көрсетеді. Жоспарлаудың мәні елдің экономикалық дамуын ғылыми негізделген басқарушылармен қамтамасыз етудің қажеттілігінде. Ал бұл шаруашылық практика мен жинақталған тәжірибеге негізгі жағдай мен экономикалық теорияның тұжырымдарына, ғылым мен объективті экономикалық заңдарды қолдануға негізделеді.
Жоспарлау әртүрлі басқару деңгейлерінде жүзеге асырылады: макродеңгейде – макроэкономикалық жоспарлау; аймақтар деңгейінде – аймақтық жоспарлау; кәсіпорын және фирма деңгейінде – микроэкономикалық жоспарлау.
Жоспар нақты анықталған мақсаттың қойылуы және зерттелетін объектінің детальды жағдайын алдын ала көруді білдіреді; онда қабылданатын шешімге негізделген алға қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен дамуы бекітіледі. Оның негізгі сипаты — көрсеткіштердің нақтылығы олардың уақыты және саны бойынша анықтылығы.
Жоспарлаудың үш жағын қарастырады: әлеуметтік – экономикалық, методологиялық, ұйымдастырушылық. әлеуметтік – экономикалық жағы объективті экономикалық заңдарды зерттеуге негізделген және кеңейтілген қайта өндірістің экономикалық және әлеуметтік процесін көрсетеді, яғни жоспарлаудың объектісі. Методологиялық жағы жоспарлаудың қағидалары мен жоспарлаудың әдістерінің жиынтығын көрсетеді, яғни тану инструментариі және әлеуметтік – экономикалық процеске белсенді әсер етуі. Ұйымдастырушылық жағы жоспарлайтын органның құрылымын және жоспар жасаудың технологиясын сипаттайды, яғни жоспарлаудың субъектісі.
Нары ты экономикада ы аржылы жоспарлауды ерекшеліктері
... реттеушiлер арқылы жанама түрде ықпал етедi. Ориентировочная жоспарлау нарықтық экономика мемлекеттик Теттуде жне экономика ойдағыдай дамытудың бүкил шеги анталды. Қазақстанда ... каржиландыру мөлшерлемелери, амортизация аударымдарлың нормальные. Әлеуметтiк экономикалық болжау жүйесiнде қаржылық жоспарлау белсендi рөл атқарады. Қаржы жоспарлаудың әзiрлеу кезiнде өндiрiстiк тапсырмалардың қауырттылығ ...
Формасына және мазмұнына байланысты жоспарлау директивті, индикативті және стратегиялық деп бөлінеді.
Директивті жоспарлау заңдық күші бар және оны орындаудағы шаралар комплексімен қамтамасыз етілген жоспар жасау прцесін көрсетеді. Директивті жоспарлау адресті сипатта және барлық орындаушыларға міндетті, ал қызмет атқарушы тұлғалар орындалу жауапкершілігін мойнына алады. Бұрынғы СССР мен социалистік елдер қатарында орталықтың барлық халық шаруашылығы звеноларына тікелей әсер етуі үшін директивті жоспарлау қолданылды.
Бұдан басқа директивті жоспарлау өте детализациялығымен ерекшеленеді, бұл өз кезегінде оның орындалуын қиындатады.
Индикативті жоспарлау – бұл рыноктық экономиканың құрылуына әсер ететін, мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық саясатын жүзеге асыратын негізгі әдіс. Ол тек қана рыноктық әдіспен мемлекеттің шараларынсыз әсер ету қиын болатын көптеген экономикалық өмірдің сұрақтарын шешуді қамтамасыз етеді. Индикативті жоспарлау мемлекеттің экономикалық саясатқа сәйкес келетін экономиканың жағдайы мен дамуын сипаттаитын параметрлер ( индикаторлар ) жүйесінің құрылуын сипаттайды. Мынадай көрсеткіштер индикаторлар болуы мүмкін: динамика, құрылым, экономиканың тиімділігі, қаржы жағдайы, ақша айналысы, тауар және бағалы қағаздар рыногы, баға өзгерісі, жұмысбастылық, өмір сүру деңгейі, т. б.
Индикативті жоспарлау нарықтық экономика жағдайында кеңінен қолданылады және әлемде кең тараған экономиканы мемлекеттік реттеу әдісі. Индикативті жоспарлау директивті сипатының жоқтығымен, міндетті тапсырмалардың сәйкестелген санымен сипатталады және көп жағдайда бағыттаушы, кеңес беруші сипатта болады.
Қызмет ету кезеңіне байланысты ұзақмерзімді жоспарлар ( 10 одан да көп жыл ), ортамерзімді жоспарлар ( 3-5 жыл ), ағымдағы жоспарлар ( жылдық) деп бөлінеді.
Жоспарлаудың негізгі методологиялық қағидалары келесілер:
- ғылымилылық қағидасы;
- жоспарлар экономикалық дамудың заңнамалары мен заңдарын пайдалану мен терең тану арқылы ғылыми- техникалық процестің жетістігін, математика , кибернетика т. б. ғылымдарды қолдану арқылы жасалады;
- әлеуметтік бағыт және қоғамдық қажеттілік приоритеті қағидасы;
- бұл бойынша жоспарлау ең алдымен адам мен қоғамның қызығушылығынан туады;
- қоғамдық өндіріс тиімділігін арттыру қағидасы;
- барлық мақсаттар ең аз шығын жұмсау арқылы орындалады, яғни еңбектің максималды экономиясы;
- пропорционалдық және балансталғандық қағидасы;
- мұнда нарықтық механизм пропорциясын ұлттық қызығушылықты қамтамасыз ететіндей қылып түзету керек;
- приоритеттілік қағидасы;
- экономика дамуындағы приоритетті саланы таңдау қажеттілігінде, өйткені ресурстар әрқашан шектелген, ал қажеттілік шексіз;
- қысқамерзімді және ұзақмерзімді мақсаттар мен тапсырмалардың келісімділік қағидасы;
- әртүрлі жоспарлық документтердің бір- біріне қайшы келмеуі және бірбағытты болуы;/2.37-бет/
Жоспарлаудың негізгі әдістеріне жатады: баланстық, нормативтік, бағдарламалық- мақсаттық әдістер.
Экономика. Экономиканың негізгі элементтері
... иемденуде. Егер экономика табиғи себептермен қамтамасыз етілсе, хремасстика табиғат заңдарымен келіспейді. «Хрематисстика» термині – сауда капитализмімен ұқсас түсінік. Осыған орай экономикалық ғылымға ... бағытталған. Мезоэкономика – ұлттық экономиканың белгілі бір ішкі жүйелерінің немесе халық шаруашылығы салаларының АӨҚ, ӘӨК, аймақтық экономика т.б. жұмыстары мен заңдарын ...
Баланстық әдіс әр өнімнің түрі бір жағынан қандай да бір қызметтің нәтижесі, ал екінші жағынан тұтыну ресурсы болып табылатынын білдіреді. Бұл әрқашан тұтыну мен оны қанағаттандыру көзін байланыстыру қажеттілігін көрсетеді. Ресурстар игеріледі содан кейін ол жалпы тұтынумен санасады , яғни балансталады. Жиынтық сұраныс ереже бойынша мүмкін болатын ресурстар жоғары болғандықтан жоспар жасау процесінде сұранысты ранжирлейді – маңыздылығына қарай орналастырады.
Экономикалық баланстың жалпы жүйесінде материалдық, еңбек және қаржылық баланстар деп бөлінеді. Материалдық баланс – қайта өндіру процесіндегі заттық элементтер жағдайы мен бар болуы, еңбек балансы – еңбек ресурстарының квалификациялық және сандық деңгейі, қаржылық – елдің қаржы жүйесінің жағдайы.
Нормативті әдіс – ғылыми — техникалық прогрес жетістіктерін көрсететін нормалар мен нормативтер жүйесін анықтау мен қолдануға негізделген. Норма жалпы түрде берілген сапаға сай өнімнің бір бөлігіне кететін ресурс шығынының ғылыми негізделген түрі. Ол тек қана өндірістің даму деңгейін бейнелемей, оған белсенді әсер етеді.
Норматив – ресурсты қолдану деңгейін немесе оның өлшем бірлігіне ( өнім, көлем, т.б.) шығынын сипаттайтын норманы құраушы элемент. Экономикалық норматив қызмет нәтижесіне, қоғамдық талап еушілік пен соңғы нәтижеге қолданған ресурстың қажетті деңгейін спаттайды.
Нормалар мен нормативтер кешені нормативтік база деп аталады.
Бағдарламалық — мақсаттық әдіс бұл көлемді ұлттық шаруашылық проблемаларының жоспарлы шешімдерін құру жүйесінің тәсілдері. Оның мәні әлеуметтік, экономикалық және ғылыми – техникалық дамудың негізгі мақсаттарын таңдауда, белгілі мерзімде қамтамасыз етілген балансталған ресурстар арқылы мақсаттарға жету жолындағы шараларды жасауда.
Жоспарлаудың маңызды түрі болып стратегиялық жоспарлау табылады. Ол ұзақмерзімді перспективаға негізделген және елдің әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі бағыттарын сипаттайды. Оның мәні жүзеге асырудағы жетекші рольді мемлекет өз міндетіне алатын ұлттық экономиканың негізгі приоритеттерін таңдау. Стратегиялық жоспарлау арқылы елдің қай жолмен жүретіні, қандай нарықта қызмет істеу тиімділігін шешуді, бірінші кезекте қандай технологияны игеру керек, елдің әлеуметтік бірлігін қалай қамтамасыз ету керек, экономиканың қай секторына және қандай қоғамдық құрылымға назар аудару керек деген сұрақтарды анықтайды.
Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаты – ұлттық экономиканың сәтті дамуы үшін қажетті потенциалмен толық қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау өз бейнесін жалпымемлекеттік даму концепциясынан көреді.
Стратегиялық жоспарлаудың объективті қажеттілігі экономиканың әртүрлі деңгейлілігі, меншіктің әртүрлі формада болуы, әртүрлі салалардың, сфералардың, аймақтардың сызықты емес және бірбағытты емес дамуы, мотивтерлің, әрекеттің, шешімдердің әртүрлі бағытта болуы. Ал белгілі деңгейдегі макроэкономикалық тұрақтылықсыз және балансталғандықсызмакродеңгейдегі тиімді шаруашылыққа жету мүмкін емес. Міндетті түрде ұлттық экономиканы ағымдағы және перспективті сипатта жалпымемлекеттік шешім қабылдайтын бүтін объект ретінде қарау керек. Ал бұл ұлттық экономикада макроэкономикалық процес қозғалысының « контурын », « магистральды жолын » ғылыми негізде анықтауды білдіреді.
Араша лтты валюта к н
Осы күн тарихи датаға айналды, бұл күнді Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы Күні ретінде атап өтеді. Ұлттық валюта – теңге Қазақстан ... үшін қабылдауға міндетті заңды құралы болып табылады. “Ұлттық валюта – теңге (қолма-қол ақша) банкнота және ... ғы суреттерде мифологиялық сюжеттер, тұрмыс-салт көріністері бейнеленген. Монеталар – халықтардың экономикалық және саяси тарихын, олардың материалдық ...
Сонымен қатар ресурстардың шектеулілігі еңбектің, өндіру мен өңдеудің аймақтық бөліну процесі, табиғи ресурстардың белгілі территорияларға ғана таралуы сияқты өндіріс күші проблемаларын жалпымемлекеттік деңгейге көтереді. Бұл болашаққа перспективалы көзқарасты талап етеді.
Стратегиялық жоспарлаудың маңызды инструменті болып бағдарламалау табылады. Жалпыұлттық, аймақтық, жергілікті деңгейдегі мемлекеттің мақсатты бағдарламалары экономиканы реттеуде маңызды орын алады. Олар приоритетті салалардың, сфералардың, аймақтардың дамуына қажет қосымша күш пен қаражат тартуға мүмкіндік береді.
Өндіріс стратегиясын дайындауда мемлекеттің мақсатты бағдарламалары статусына ие ұлттық экономика дамуының негізгі параметрі анықталады. Бұл бағдарламалар халық шаруашылығы проблемаларын ең тиімді жолмен шешуге бағытталған өзіне әлекметтік, экономикалық, өндірістік, ғылыми – техникалық, ұйымдастыру – шаруашылық тапсырмалар мен шараларды қосатын ресурсқа, орындаушыға, орындалу уақытына байланысты директивті және адресті сипатта болады.Сол үшін кез келген бағдарлама қарастырады:
- а) соңғы мақсат;
- б) осы шараны жүзеге асырудағы квалификацияланған және шығармашылықнәтижесі болатын бағдарламалық шаралар тізімі;
- в) соңғы мақсатқа жету үшін қажетті ресурстар кешені;
- г) жүзеге асырудың этаптары мен кезеңдері;
- д) негізгі атқарушылар мен басқа атқарушылар құрамы;
- е) сол бағдарламаны шешугеқатысатын шаруашылық субъектілерінің спецификалық формасын таңдау;
- ж) өндірістік – шаруашылық байланыстар механизмі;
- и) жауапкершілік және ынталандыру жүйесі;
- к) қаржыландырудың көздерін және көлемін анықтау;
- л) күтілетін соңғы нәтиже және экологиялық салдары;
- Жоспарлау жалпы стратегиялық жоспарлау негізінен мемлекеттік мақсатты бағдарламаларды жасау – бұл әлемдік шаруашылықта кеңінен қолданылатын экономиканы реттеу әдісі./1.37-бет/
1.2. Қазақстандағы жоспарлауды жүзеге асыратын орган
Қазақстан Республикасының экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі – Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарларын жасайтын орталық атқарушы орган. Министрліктің негізгі қызметтері:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын анықтау;
2) экономикалық талдау, макроэкономиаклық болжау мен Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеу, реформаларды бағалау;
3) жоспарлауды жақсарту;
4) жүйені жақсарту туралы ұсыныстар еңгізу;
5) мемлекеттік активтерді тиімді басқару саясатын жасауға көмек беру;
- т.б.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын болжаумен, жоспарлаумен Қазақстан Республикасының экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Экономикалық саясат пен индикативті жоспарлау Департаманті айналысады.( Сурет.1.)
1.3. Индикативті жоспарлау.
Жоспарлау жүйесінде бірнеше типтер бар: директивті, индирективті, регулятивті және индикативті жоспарлау. Шаруашылық етудің түрлі нысандары мен меншікке қатынасына қарай директивті жоспарлау индикативтіге қарама қарсы қойылады. Социалистік шаруашылық ету жүйесіне директивті, ал рыноктық жүйеге индикативті жоспарлау тән.
Мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою жолдары
... мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қарыз мәселесінің экономикадағы маңызын,сонымен қатар бюджет тапшылығы мен қарыз мәселесін шешу жолдарын табу болып табылады І БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1.1 Бюджет тапшылы ... . Бюджет тапшылығы әртүрлі себеп-талапқа байланысты . Кей жағайда мемлекет саналы түрде бюджет жетіспеушілігін ұлғайтуға баруы мүмкін . Экономикалық ...
Индикативті жоспарлау рыноктық экономиканы мемлекеттік реттеу құралдарының бірі ретінде Франция, Ұлыбритания, Германия, Жапония сияқты бірқатар өндірістік дамыған елдерде соғыстан кейінгі кезеңдерде таралып, өзінің жоғары тиімділігін дәлелдеді.
Индикативті жоспарлау (лат. тілінен “indicator” – бағдар) – дирекивті емес, мемлекеттік деңгейдегі кеңес беруші, бағыттаушы жоспарлау. Мемлекеттің кеңесіне сәйкес жұмыс істеуге келісетін коммерциялық фирмалар үшін мемлекет тарапынан қаржылық және өзге де ынталандырушы шараларды құру мен өндіріс дамуының ұсынылған мақсаттарын анықтау арқылы экономикалық процестерді реттеу әдісі. /1/
Индикативті жоспарлау – мемлекет пен экономиканың басқа субъектілерінің мүдделері мен іс-әрекеттерін үйлестіру механизмі. Мұндай жоспарлау ақпараттық қызметпен бірге үйлестіру ролін де атқарады, яғни салалар мен кәсіпорындар өздерінің өндірістік-шаруашылық бағдарламаларын өз бетінше жасап шығару процесінде “орталықтың” қызметімен бірге үйлестіруді түсінеміз. Бұл жағдай көбінесе индикативті жоспарлау институты максималды дамыған француз тәжірибесінен алынған. Бұл жерде үкімет шешім қабылдау және бұйрық беру жолымен емес, үйлестіру және ақпаратпен қамтымасыз ету арқылы экономикалық дамуға әсер етуге тырысады.Үкімет пен жеке кәсіпкерлер арасында жоспарлар мен ақпараттармен алмасудың нәтижесінде үкіметтік ұйымдар жағында өзара
жұғысты жобаларды қосатын экономикалық өсу схемасы пайда болуы керек. Ұлттық экономикалық жоспардың схемасының жалпы алғандағы сипаты осылай көрінеді.
Индикативті жоспарлаудың негізін мемлекеттік институттар мен шарушылық жүргізуші бірліктердің теңқұқылы әрекеттестігі құрайды. Жоспарды жүзеге асыру міндетті еместігі маңызды роль ойнамайды, ең бастысы – қоғамдық ұйымдар, жергілікті және аймақтық билікті қоса алғанда, шарушылық етуші субъектілер мен олардың бірлестіктері, сондай-ақ өзге тәуелсіз бірліктердің жоспарлау үрдісіне тікелей қатысуы. Индикативті жоспарлау таза рыноктық механизм кемшіліктерін де, қайта өндіру процесіне мемлекеттің тікелей араласудан болатын қателіктерін де түзете отырып, бір уақытта экономиканы мемлекеттік реттеу мен оның өзін өзі реттеу институты ретінде танылады.
Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келе, индикативті жоспарлауды әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің (индикаторларының) жүйесін жасауға негізделген және оның жалпы ұлттық басымдылықтарын, болжауларын, бюджетпен қамтымасыз етілуін, жобалауларын, контрактациялануы (келісім шарт негізіндегі мемлекеттік сатып алулар) мен макро- және микро деңгейлерде шешімдердің келісуі, салық пен жоспарды жүзеге асыруға қатысатын шаруашылық етуші субъектілерді мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын қосатын мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілердің экономиканы басқарудағы мүдделері мен қызметтерін үйлестіру деп анықтауға болады.
Демек, индикативті жоспарлаудың мәні келесіде:
1. шаруашылық жүргізуші субъектілер жасап шығаратын жоспарлар мен бағдарламаларды “синтездеу” жөніндегі қызметті қарастырады;
2. жалпы ұлттық жоспардың мағынасына сай келетін қаржы-несиелік саясатты жасау мен негіздеу мәселелерін қамту керек;
Мемлекеттік бюджет ұғымы мен маңызы
... мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттары ... әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды. Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:
3. ұлттық экономиканың даму мақсаттары мен оларға жетуге қажетті қаражаттардың оңтайлы үйлесімін қамтымасыз ету;
— Индикативті жоспарлау – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына сай келетін ел экономикасының дамуы мен жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер (индикаторлар) жүйесін құру процесі және көрсетілген индикаторларға жету мақсатымен әлеуметтік және экономикалық процестерге мемлекеттің әсер ету шараларын бекіту.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың индикаторы ретінде келесілерді қолдануға болады:
- экономиканың динамикасын, құрылымы мен тиімділігін;
- қаржылардың жағдайын;
- ақша айналымын;
- товарлар мен құнды қағаздар рыногын;
- жұмыспен қамтылу мен халықтың өмір сүру деңгейін;
- сыртқы экономикалық байланыстарды сипаттайтын көрсеткіштер.
Бұл көрсеткіштердің (индикаторлардың) өзара байланысты және іштен балансталған жүйесі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының сапалық сипаттамасын беруі тиісті. Оны жүзеге асыру үшін мемлекеттік реттеудің барлық шаралары бағытталады.
Әлеуметтік-экономикалық процестерге мемлекеттің әсер ету шаралары ішінде келесілер пайдаланылады:
1. орталықтандырылған қаржылық және валюталық қаражаттар мен несиелер;
2. салықтық тұтқалар;
3. амортизация жүйесі;
4. кедендік алымдар, лицензиялар мен квоталар;
5. мемлекеттік қажеттіліктерге өнімдерді алып келу көлемдері мен мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет ету жағдайларын анықтау.
Батыс германдық теоретиктердің бірі К.Шиллердің пікірінше “индикативті жоспарлаудың” мәні келесідей анықталады: “Жоспарлық бастамалар ақпараттық және бағытты көрсететін мәліметтерден тұрады. Былайша айтқанда, бұл бағыт-бағдар мен қашықтықты көрсететін жол бойындағы белгілер сияқты, ал қай жаққа баруды және қандай жылдамдықпен жүру керек екендігін жүргізушінің өзі таңдайды”. Ал ағылшын экономисі С.Коеннің анықтамасы бойынша: “Индикативті жоспарлау – онда екі элементтің бар болуымен сипатталады: жоспарлық тапсырмаларды іске асырудағы минималды мәжбүрлеу мен шешім қабылдаудағы максималды тәуелсіздік. Индикативті жоспар рынок пен баға белгілеу жүйесін ауыстырмайды. Ол тек қана олардың жұмыс істеу кезеңіндегі келетін ақпаратты толықтырады. Ол рыноктық механизмнің қызметін белгісіздікті азайту жолымен жақсартады”. /2, 26-31б./
Б.Даллагоның пікірінше жоспараудың индикативті типі мемлекеттік меншік базасында іске асады. Мемлекеттік билік пен басқару органдары жоспарда өз стратегиясы мен басымдылықтарын нақтылайды. Жоспарлаудың бұл типі тікелей және жанама экономикалық реттегіштерді (баға, табыс, салық, пайыз қойылым, несиелер, т.б.) пайдалану арқылы рынок субъектілерін қойылған мақсатты орындауға, жоспарлық индикаторларды іс жүзіне асыруға бағыттауды көздейді. /3, 9б. /
Индикативті жоспарлаудың құрамдас элементі – таңдап алынған басымдықтарды қаржы-өндірістік топтармен, кәсіпкерлердің одақтарымен, кәсіподақтармен және басқалармен келістіру процедурасы.
Бұл консенсустық механизмдер ұзақ уақыт бойы индикативті жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігін қамтымасыз еткен. XX ғасырдың 70-жылдарының ортасына дейін Франция мен Жапонияда толығымен орындалса, 80-жылдарға дейін Оңтүстік Корея мен Тайваньда пайдаланылған.
Шет елдерде индикативті жоспарлау толығымен және таза күйінде Францияда дамыған. Міне осы себептен бұл жұмыста Франция тәжірибесі қарастырылып, оның Қазақстан үшін маңызды тұстары ашылып жазылған, сонымен қатар салыстырмалы сипаттама жүргізілген
Аналіз стану і використання основних фондів підприємства
... (П, Аналіз використання основних фондів Усі показники використання основних фондів звичайно поділяються на дві групи показників: екстенсивного використання; інтенсивного використання. екстенсивного У процесі аналізу досліджуються склад і структура календарного фонду верстатного часу, ...
1.4. Индикативті жоспарлаудың әлемдік тәжірибесі.
Бірқатар елдерде индикативті жоспарлар мемлекеттік реттеудің тиімді құралы ретінде танылды. Мысалы, Японияда « Ұлттық табысты екі еселеудің 10 жылдық жоспары » кейін 1987 жылы XX ғасырдың аяғына есептелген « Ұлттық дамудың төртінші кешенді жоспары » қабылданды. Мұнда негізгі мақсаттар « қолданудың көпполярлылығы, оның спецификалық мүмкіндіктері », «мультиполярлылығы оның жекелеген аймақтар мен халқаралық масштабтағы өзара түсіністіктің байланысын тереңдету ».
1996 жылы Япония үкіметі ұлттық шаруашылықтың бәсеке қабілеттілігін арттыру үшін, динамикалық дамуды НИОКР негізіндегі тұрақты өсуді қамтамасыз ету үшін жеке компаниялар, ғылыми мекемелер мен мемлекеттік органдарды біріктіретін « 1996 – 2000 жылдарға арналған ғылым мен техниканың дамуының негізгі жоспарын » ұсынды.
Нидерландыда жоспарлар « Физикалық жоспарлар туралы есеп берулер», « Толықтырулар » т. б. түрінде бейнеленеді.
Германияда, Канадада, Испанияда, АҚШ – та барлық ұлттық экономикалардың даму жоспарымен қатар нақты территорияларды ( проблемалы, аймақаралық, жергілікті ) кешенді қамтамасыз ететін аймақтық жоспарлауға да көп көңіл бөлінеді. Ұлттықтан жоғары сипатты « ЕЭС – тің экономикалық өсуінің перспективасы » сияқты жоспарлар бар (1960-1970жж, 1971 – 1975жж, 1976 – 1980жж).[2.с.42]
Сонымен, индикативті жоспарлау Франциядан бастау алып әлемде кеңінен қолданылады, ал Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде бұл механизм өте кең қолдау тапқан.
Француздық жүие Ұлыбритания мен Германия сияқты елдердегі макрожоспарлаудың дамуына ынталандырушы әсер етті, ал соңғы кездерде ЕО мемлекет аралық ұйымдарымен терең зерттелініп, қолданысқа еңгізілуде.
Индикативті жоспарлаудың қалыптасу себебі Шарль де Голль саясатына сәйкес экономиканың қайта құруы мен модернизациялануы кезінде экономиканың көтерілуі арқасында Францияның халықаралық беделінің орнығу мақсаты қойылған еді.
Индикативті жоспарлаудың француздық жүйесінің “атасы” – Жан Моне. 40-жылдардың соңында “жоспарлаудың демократиялық жүйесі” жасалынып, жүзеге асырыла басталды. Ол мемлекеттік органдар шаруашылық процестерді “мемлекеттік бюрократия рыноктық субъектілердің тиімді қызмет етуін басып кетуін” болдырмайтындай етіп реттеуге мүмкіндік берді. Әдеттегі “жоғарыдан-төмен қарай” иерархиялық жүйені құрудың орнына кеңес беру мен келістіру қағидаларына негізделген және әртүрлі “мүдделері бар топтардың” өкілдері: мемлекеттік қызметшілер, кәсәпкерлер, кәсіподақтар, тұтынушылар одақтары, өзгелер тең құқылы бастамаларда қатысуды ескеретін “төменнен” жоспарлау бекітілген. Қарастырып отырған жүйеге сәйкес, жоспар көп қадамды итерациялар нәтижесінде пайда болады және де оның іс жүзіне асуына барлық жақтар мүдделі болады. Сонымен бірге жоспардағы көрсеткіштер міндетті болып табылмайды (директивті), олар ең алдымен экономикалық индикаторлар ретінде – күтілетін экономикалық конъюнктура жайлы ақпаратты тасушы болып танылады.
1-кесте. Франциядағы индикативті жоспарлаудың дамуының тарихи кезеңдері.
Кезеңдер Жылдар Қысқыша сипаттамасы
1 1947-1953 Бұл жоспар экономиканы қайта құру мен модернизациялауға қызмет етті. Мұнда 6 ірі саланың (көмір, электр энергиясы, болат, цемент, көлік, өндірісті жарақтандыру мен ауыл шаруашылық машиналарын жасау) өндірістік қуатын қайта құруға көңіл бөлінген еді.
Современное экономическое развитие. Понятие и повышение конкурентоспособности ...
... для него в масштабах и условиях данной экономики заниматься производством определенного товара. Если в случае определения конкурентоспособности товара можно сказать, что потребителя ... определению. Так, экономисты исследовательской организации «European Management Forum» (г. Женева) предлагают следующее определение : «Конкурентоспособность фирмы - это реальная и потенциальная способность компаний, а ...
2 1954-1957
3 1957-1961 Ашық экономика жағдайында 1957-жылғы Рим келісім шартына қол қойылғаннан кейін, негізін қалаушы 6 елдің Ортақ рыногы пайда болды. Бұл кезде жоспарлау өзінің салалық сипатынан айырылып, макроэкономикалық сипатқа ие болады. Осыған байланысты тез және тұрақты өсуді, сондай-ақ макроэкономикалық тұрақтылықты (сыртқы сауда балансын) сақтай отырып, әлемдік бәсекелестік алдында ашық болуды қамтымасыз ету керек болды. Бұл кезеңдерде жоспарлау болжамдау әдістерімен үйлестіріледі.
4 1962-1965
5 1966-1970
6 1970-1975 1973 жылғы бірінші мұнай дағдарысынан кейін, өсу қарқынының азаюынан бұрын оның тұрақтылығы да жойылды. Ұлттық статистика және экономикалық зерттеулер институты “көп салалық динамикалық” модель ұсынады. Ол құрылатын жоспардың ағымдағы және соңғы жылдары арасындағы әрбір жыл үшін макроэкономиканың даму траекториясының сипаттамсын беруге мүмкіндік берді. Нақты экономикалық көрсеткіштер жоспарлықтан едәуір артта қалған еді.
7 1976-1981
8 1981-1985 X Жоспарды дайындау кезінде жасалған сандық жұмыстар бір ұйымдық инновациямен ерекшеленген болатын. Францияның Басты жоспарлау комиссариаты (БЖК) Ұлттық статистика және экономикалық зерттеулер институтына (INSEE) да, 80-жылдардың басында пайда бола бастаған тәуелсіз институттарға да тапсырыстар бере бастады.
аралық 1982-1983
9 1984-1989
10 1989-1992
11 1993-1997
Франциядағы индикативті жоспарлаудың эволюциясы экономикалық конъюнктураға байланысты объективті дамыды. 1940 ж. Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін Францияның экономикасы құлдырауды басынан кешірген еді, сондықтан жоспарлауда салалық көзқарасты қолдану қажеттілігі туындады. Ал кейін 70-жылдардағы мұнай дағдарысынан кейін реттеудің әлсізденуі, орталықсыздандыру процестері индикативті жоспарлау жүйесінің “босаңсуына” әкеліп соқты. Ол ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлауға ауысты. 80-жылдардың орта шенінен бастап, экономиканы мемлекеттік басқару жүейесінде бағынышылық ролін атқарса, ең соңғы индикативті жоспарлар әртүрлі мүдделерді сәйкестендіруге тырысқандықтан егжей-тегжейлі жасалмаған болатын, бұл ерекшелік жоспарға нақты басқарушылық мағына берді. /3, 35-40б; 4/
Француздық жоспарлау жүйесінде басқа елдерге қарағанда келесі ерекшеліктер бар:
1) Рыноктық экономикамен біріккен жоспарлау
Француздық жоспарлау рыноктың орнын алмастыруды емес, керісінше рынок кемшіліктерінің орнын толтыруды және рыноктық механизмнің қызмет етуінің елдің әлеуметтік бірегейлігімен қоса тұрақты жұмыс істуін үйлестіру.
Ал рыноктың кемшіліктері табиғи монополиялар кезінде, сыртқы әсерлер және қоғамдық игіліктерді өндіру кезінде ресурстарды тиімді бөлуге қабілетсіздігімен айқындалады.
2) Эволюциялық жоспарлау үшін икемді және жеңіл құрылымның болуы
Бұл ерекшелік француздық жоспарлаудың ұзақ тарихи эволюциялық дамуының нәтижесінде пайда болған. Индикативті жоспарлауды жүзеге асыратын мемлекеттік ұйым – Бас Жоспарлау Комиссариатының 1-Комиссары Жан Моне ұсынған қағида бойынша (ұйым құрылымы икемді және жеңіл болуы), оның қажет кезде тез, әрі қоршаған орта талабына сай бейімдеу қабілеттігін түсінеді.
Экономикалық теория және саяси экономия ғылымы
... саяси экономия жасауға, адамзат дамуының әлемдік проблемаларын қарауға талаптанған. XX гасырдың 20-жылдарында бұрынғы Кенес Одағының Мемлекеттік жоспарлау ... бере алмайды. Экономика мен саясат тыгыз байланысты. 1985 жылдан бастап бұрынғы кеңес елінде түбірлі әлеуметтік-экономикалық сапалы ө ... Президентінің стратегиясы жарияланды. Бұл стратегия бойынша Қазақстан Республикасы ал-дағы 15—20 жыл мөлшерінде ...
Француздық жоспарлаудың қағидалары:
- ™¦ француз қоғамының бейімделменген, кемшін түстарын ұжымдық қарастыру мен косенсустық шешімдерді жалпы үйлестіру жолымен издеу;
- ™¦ орта мерзімдегі болашақты бірлесіп РєУ©СЂСѓРіРµ ұмтылу, СЏТ“РЅРё болжалмаған жағдайлардан мейлінше құтылуға тырысу;
- ™¦ Мемлекеттің болашақ қызметіндегі міндеттемелер мен РѕРЅС‹ТЈ әріптестермен қарым-қатынастары.
Демек диалог, консенсус және үйлестіру – Француздық жоспарлау жүйесіндегі негізгі қағидалар.
Осы үш қағиданың негізінде француздық жоспарлаудың функциялары анықталады. Жоспарлау үш тұрақты функциялардан тұрады:
1. француз қоғамының күшті және әлсіз жақтарын ұжымдық сараптау процесі;
— Бұл әртүрлі әріптестерді (мемлекеттік әкімшілікті, кәсіпкерлерді, кәсіподақтарды) және сарапшыларды біріктіре отырып, түрлі салалардағы мәселелерді бірлесіп анықтауға бағытталған диалог пен мүдделерді үйлестіру процесі. Сарапшылар мен мамандардың пікірлерін зерттеу кезінде екі тиімділікке қол жеткізіледі – біріншіден, мәселелерді анықтаудағы объективтілікке және нақты шешімдерді табудағы маңызды базаға айналуы. Екіншіден, ақпараттық роль ойнап, экономикалық агенттердің мінез-құлқына әсер етеді.
2. экономикалық және әлеуметтік даму кезіндегі мәселелерді идентификациялау;
— Жоспарлау экономика мен рыноктың одан да жақсы қызмет етуін қамтымасыз етуге бағытталған ережелер мен мәліметтер жүйесін жасайды. Жоспар тек қана экономикалық және әлеуметтік нұсқау ретінде танылады, ал экономикалық агенттер таңдауды өздері жасайды.
3. нақты шешімдерді ұсыну
Француздық жоспарлау ұзақ мерзімді жоспарлаумен үйлесетін әлеуметтік — экономикалық даму туралы орташа мерзімге арналған бүтін түсінік қалыптастырады. Бұл түсінік мәселелердің шешімін жеңілдетеді.
Сөйтіп, француздық жоспарлауды ұйымдастырудағы индикативтік тәсіл рыноктық экономикамен үйлесімділігімен, икемді және эволюциялық құрылыммен анықталады. Жоспарлар тұрақты үш функция атқарып, экономикалық жүйенің тұрақтылығын қамтымасыз етеді.
Әдетте француздық жоспарлар бес жылға арнап жасалынып, болашақтағы қажетті экономикалық-әлеуметтік дамудың жалпы көрінісін бекіткен. Дегенмен, бұл жерде индикативті жоспардың өзі емес, оны жасау процесі маңызды болып табылады.
Жоспардың басты бөлімдері – экономикалық өсу, инвестициялар, қаржы ағымдары, экономиканың балансталуы, инфляция мен бәсекелестік.
Жоспардың мазмұнындағы маңызды мәселе “мемлекеттің араласу актісін” анықтау, яғни мемлекеттің экономикаға қол сұғуының бағыттарын және жоспарланатын периодтағы ойын шарттарын анықтау:
- a) жоспарланатын кезеңдегі экономика саласындағы мемлекеттің негізгі мақсаттары;
— b) капитал салымдарын қаржыландыру көздерін және мемлекеттің оған сай шараларын (бюджеттік субвенцияларды беру, мемлекеттік несиелендіру, льготалық қаржыландыру) көрсету арқылы инвестициялау мен мемлекеттік табыстарды қайта бөлуге байланысты мақсатарды дәлдеп айқындау. /8, 25-31б./
Франциядағы индикативті жоспарларды жасау технологиясы
Франция Парламенті жоспарды қабылдап, бектітеді. Бұл өз кезегінде жоспарды ведомстволық шешімдерден және министрлер кабинетіндегі ішкі саясаттан тәуелсіз етеді.
Жоспар белсенді талқыға түседі, яғни жоспарлау процесіне елдің негізгі экономикалық және әлеуметтік күштерінің қатысуы.
Француз жоспары 2 типті құжаттан тұрады және олар әртүрлі статусқа ие:
Комиссиялардың баяндамалары
Ол комиссия ішінде жоспардың мәтінімен қатар жасалады және үш жақты (әкімшіліктің өкілі, әлеуметтік әріптестер – кәсіподақтар мен кәсіпкерлер, сарапшылар) арнайы келісім болып табылады.
Жоспардың мәтіні
Ол парламент ассамблеяларының талқылауына және дауыс беруіне Үкімет атынан ұсынылады.
Басты жоспарлау комиссариаты (БЖК) комиссиялардың жұмысына қызмет көрсетеді, төраға жұмысын жүргізуге және баяндама жасауға көмек береді.
Әрбір комиссияның төрағасы БЖК-дан тыс, сондай-ақ әкімшліктен де тыс жерден таңдап алынады: ол кәсіпорынның басшысы, банкир, кәсіподақ қайраткері, ассоциация өкілі, университет профессоры немесе журналист болуы мүмкін. Төраға өзіне берілген мандатқа сай комиссияның жұмысын өзі жүзеге асырады.
Басты жоспарлау комиссариаты (БЖК) – шағын ұйым, бұл жерде “тапсырмашылар” деп аталатын жауапты 70-ке жуық кадрлық жұмыскерлер орналасқан, ал ұйымдағы жалпы адамдар саны 200-ден кем. Ол елдің шаруашылығын басқаратындай көлемге ие болмағандықтан, тек қана ынталандыру және бағыттау функциясын іске асырады. БЖК мемлекеттік хатшы арқылы Премьер-министрге бағынып, мемлекеттік органдар арасында “интерфейс”, яғни дәнекер ролін атқарады. “Тапсырмашылар” ретінде иерархияның жоғары деңгейіндегі кадрлық жұмысшылар – администраторлар мен инженерлер жұмыс істейді, бұл заңнамалық, экономикалық, ғылыми-техникалық салалардағы және секретарлық қызмет көрсетуде түрлі кадрлық құзіретке ие болу мүмкіндігін тудырады. “Тапсырмашылардың” жартысынан көбі басқа ведомстволарға жататын шенеуніктер болып табылады және БЖК-да бірнеше жыл жұмыс істеуі ұйымның “тұрып” қалуына жол бермейді, жаңа идеялардың пайда болуына түрткі болады. БЖК үш негізгі қызмет атқарады:
- жоспарды жасау;
Жоспарды жасау бірнеше ірі кезеңдерден құрылады:
1. үкіметтің бастапқы мәтінін жазудан басталады;
2. БЖК ұйымдастыратын тақырыптық комиссиялардың барлық жүйесінде жұмыс істеуге қатысуға шақырылған елдің негізгі экономикалық және әлеуметтік күштерімен талқылау және үйлестіру кезеңі;
3. Жобаның жоспарын жасауға арналған ведомство аралық дискуссиялар. Бұл жерде Үкімет варианттардың біреуін таңдап, Экономикалық және әлеуметтік кеңеске Жоспардың заң жобасын ұсынады;
4. Кеңестің ұсыныстарын есепке ала отырып, Үкімет жаңартылған Жоспардың жобасын Ұлттық жиналыс пен Сенат арқылы Парламентке дауыс беруге ұсынады;
5. барлық процедура Парламенттің Жоспар мәтінін қабылдаумен бітеді.
- Үкіметке кеңес беру;
- Премьер-министр жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңесші ролін атқарады. БЖК ағымдағы экономикалық саясаттың таңдап алынған жоспарға сай жүзеге асырылуы үшін өзіне бастамашылық алады.
- ұзақ мерзімді құрылымдық мәселелерді зерттеу, яғни болашаққа жоспарлау.
Бұл қызметтердің негізгі мақсаты – француз қоғамын модернизациялауға көмектесу. Дегенмен, БЖК Жоспарды жүзеге асыру процесімен айналыспайды, ол басқа инстанциялардың бұл Жоспарды іске асыруын қадағалап отырады, сондықтан бір қатар қызметтермен айналысады:
- Макро экономикалық дамудың сандық индикаторларын жасау мен талдауды қосатын техникалық жұмыстар;
- Нақты жоспарда таңдап алынған басымды тақырыптарды түсіндірудегі арнайы жұмыстар.
Мысалы X Жоспар үшін туризм, көлік, халыққа білім беру, табиғи кеңістіктер мен ауылды елді мекендерді көріктендіру салаларындағы жұмыстар жатады.
Парламентте талқылау көзі бола алатын Жоспарды орындау жағдайлары жайлы баяндама жасау бойынша формальды жұмыстар. /8, 25-33/
1.5. Қазақстандағы индикативті жоспарлау.
Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі Японияның, Оңтүстік Кореяның және Малайзияның территориялық, индикативтік, стратегиялық жоспарын толық зерттеп экономикалық жоспарлаудың өзіндік жүйесін құрастырды.
Индикативті жоспарлаудың бұл жүйесі « Қазақстан – 2030 » даму стратегиясын жүзеге асыру инструменті болып табылады және Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуының ұзақмерзімді ( он жылдық), ортамерзімді ( бес жылдық) және ағымдағы ( жылдық) жоспарларын, сонымен бірге облыстардың, Алматы және Астана қалаларының даму жоспарын қосады.
Ұзақ мерзімді жоспарлар он жылдық кезеңді қамтиды және « Қазақстан – 2030 » даму стратегиясының жүзеге асуын үш этапқа бөледі. Әр этап ұзақмерзімге сипатталған нақты тапсырмаларды шешуі керек және әлеуметтік – экономика дамуының барлық бағыттарының стратегиясы мен приоритетін анықтауы керек.
Бірінші онжылдық этапта стратегиялық мақсаттар өндірісті жандандыруға, бос күштерді рационалды қолдану арқылы экономиканы көтеруге, негізгі капиталды жаңалауға және халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуды қолдауға бағытталады. Екінші этапта – экономика құрылымы мен халықтың өмір сүру деңгейін сапалы өзгертуге бағытталған. Үшінші этапта жеделдетілген тұрақты экономикалық дамуға ауысуға, өмірдің сапасы мен әлеуметтік сфераның кардиналды жақсаруына бағытталғанҚазақстан Республикасының Үкіметі 14маусым 2002жылдың №647 үкімімен бекіткен индикативті жоспарларды жасау “Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарларын жасау ережелеріне” сәкес жүргізіледі. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарларын жасау ережелері Қазақстан Республикасының, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттік ұйымдардың және ұлттық компаниялардың өзара қызметтерінің механизмдерін әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарларын жасаудың түсінігі мен әдістемелік негіздерін анықтайды. /6/
Үкімге сәкес индикативті жоспарлау – экономиканың дамуына жақсы жағдайларды жасауға бағытталған макро экономикалық және территориалдық деңгейлерде мемлекеттік реттеудің өзара байланысты шаралар жүйесін беретін Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын жасау процесі. ҚР индикативті жоспарлаудың мақсаты нақты сектор, қаржы жүйесі, әлуметтік салада, халықтың өмір сүру деңгейі, жұмысбастылық, қоршаған ортаны қорғау, ресурстарды пайдалану тиімділігі, ғылым мен техниканы дамыту мен пайдалану салаларында болжалған көрсеткіштерге жету.
Қазақстандағы индикативті жоспар дегеніміз:
- ішкі және сыртқы факторларға байланысты үш жыл мерзімге жылжымалы негізде (жоспарланатын кезеңді бір жыл мерзімге ұзарту) және жыл сайын жасалатын, елдің экономикалық даму қарқынын негіздейді;
- Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламасына сәкес жоспарланатын кезеңдегі экономиканың жеке және мемлекеттік секторларының дамуы үшін және Қазақстан халқының әл-ауқат деңгейінің өсуіне қолайлы жағдай жасаудағы орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттік ұйымдардың әрекеттерін анықтайды;
- Көрсеткіштер (индикаторлар) мен әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік реттегіштердің тізімі бар құжат.
Индикативті жоспарлардағы әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты көрсеткіштердің (индикаторлардың) тізімін Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісімен үйлестіру арқылы арнайы өкілетті орган ― Қазақстан Республикасының экономикалық және бюджеттік жоспарлау министрлігімен анықталады.
Индикативті жоспарлаудағы бекітілген мақсаттарға жету үшін шаруашылық етуші субъектілерінің экономикалық әрекетіне әсер ететін негізгі реттеуші құралдар – құқықтық регламенттеу жүйесі мен экономикалық тұтқалар болып табылады.
Жоспарлаудың бес түрлі функциялары бар:
1. әлемдік және отандық экономиканың дамуының экономикалық талдауын жасайды;
2. елдің және оның аймақтарының экономикалық даму қарқынын қамтымасыз етеді;
3. жоспарланатын кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуде кешендік тәсілді қолдануды қамтымасыз етеді;
4. аймақ аралық интеграцияның дамуы мен халық табыстарының артуына жағдай жасайды;
5. рыноктық механизмнің әрекет етуі негізінде экономиканың өзін өзі реттеуінің жоғары деңгеіне жетуге жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасындағы жалпы Индикативті жоспарларды жасауға келесі ұйымдар қатысады:
▪Республикалық деңгей – Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспары деп аталады, Қазақстан Республикасының экономикалық және бюджеттік жоспарлау министрлігімен жасалады.
▪Аймақтық деңгей – Астана және Алматы қалалары мен облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспары деп аталады.
Оны экономикалық жоспарлау бойынша жергілікті уәкілетті ұйымдар жасайды.
▪Мемлекеттік, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламалар – орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де мемлекеттік ұйымдар Республикалық индикативтік жоспарлар мен Облыстық индикативті жоспарлардың басты құралдары және құрамдас бөлігі болып табылады.
▪Ұлттық компаниялардың дамуының индикативті жоспарлары.
Республикалық индикативтік жоспардың басты бөлімдері – Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы мен болашағы туралы баяндама, оның болжауы, қолданыстағы және жасалынып жатқан мемлекеттік және салалық бағдарламалардың тізімі, ондағы инвестициялық жобалардың тізімі, ұлттық компаниялардың негізгі даму көрсеткіштерін болжау мен негізгі бағыттар; әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік реттегіштері – табиғи монополиялардаң өнімі мен қызметтер тарифтерінің динамикасы; еңбек ақы, зейнет ақы, мемлекеттік жәрдем ақының, өмір сүрудің минималды деңгейі; товарлар мен қызметтердің импортына кедендік тарифтердің өзгеруі; жұмыс күшін импорттауға квота; өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру стандарттары.
2. Қазақстан Республикасының өнеркәсібі.
2.1. Ұлттық экономикадағы өнеркәсіптің ролі.
Өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі еліміздің өте маңызды экономикалық өркендеу факторларының бірі болып табылады. Бұл өнеркәсіптің ЖІӨ кұрылымында алатын 30%-дан астам үлесіне байланысты. 2004 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3867,9 млрд. теңгені құрады, бұл 1995 жылғы деңгейден 1,8 есе жоғары. Өндіріс көлемінің өсуі негізінен табиғи газ өндіруді — 3,7 есе; газ конденсатын қоса, мұнай өндіруді – 2,9 есе; илек және өңделмеген мырыш өндіруді – 1,9 есе; болат, ферроқорытпалар және өңделмеген қорғасын өндіруді – 1,8 есе; тазартылған мыс және шойын өндіруді – 1,7 есе арттыру есебінен қамтамасыз етілді.
1995 2000 2004 2004 жыл
1995 жыл-ға%-бен 2000 жыл-ға%-бен
Республикалық ЖІӨ-дегі өнеркәсіп ЖҚҚ-сының үлесі, %-бен 23,5 33,2 31,1*
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі, млрд. теңге 696,3 1798,3 3867,9
Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлемінің индекстері, өткен жылға %-бен 90,2 115,5 110,4 179,9 151,5
соның ішінде:
кен өндіру өнеркәсібі 100,5 121,0 113,4 235,4 165,1
өңдеу өнеркәсібі 83,7 117,4 109,2 162,6 146,5
электр энергиясын, газ бен су
өндіру және бөлу 92,2 105,8 102,0 88,7 124,5
Өнімдерді табиғи көрінісінде өндіру
шикі мұнай, млн. тонна 17,9 30,6 50,7 в 2,8 р. 165,7
газ конденсаты, млн. тонна 2,5 4,7 8,8 в 3,5 р. 187,2
табиғи газ, млрд. текше метр 5,9 11,5 22,1 в 3,7 р. 192,2
фосфор, мың тонна 50,1 15,4 81,0 161,7 в 5,3 р.
ферроқорытпалар, мың тонна 809,1 1093,1 1447,3 178,9 132,4
жазық илек, мың тонна 2152,9 3893,8 4039,7 187,6 103,7
өңделмеген мырыш, мың тонна 169,2 262,6 316,7 187,2 120,6
тазартылған мыс, мың тонна 255,6 394,7 445,3 174,2 112,8
*жедел деректер
Соңғы бір жарым жылда республиканың өнеркәсіп кәсіпорындары өнімдердің жаңа түрлерінің 45 атауын шығару игерді. Олардың ішінде: рентгендиагностика және жылу алмасу аппараттары; теміржолшылардың жол бригададаларына арналған жеке қосылатын рельс бұрғылағыш станоктары; жалыны көп шұбаркөл көмірінен алынған кокстың арнайы түрі; вакуумдық газойль; табиғи уранның шалатотық-тотығы; терезе, есік, ірге бастырғы және пластмассадан жасалған басқа да бұйымдар; шыныталшық және бетон бұйымдар.
3. Қазақстан Республикасындағы кластерлер.
3.1. Кластерлердің қажеттілігі, даму тенденциясы.
Әлемнің тиімді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қосылу мақсатын көздеп, бәсекеге қабілетті экономика үлгісін ұстанған біздің елімізде қазір «Қазақстанның кластерлік бастамасы» атты жоба жүзеге асырыла бастады. Ол жобаға белгілі экономист, Гарвард университетінің профессоры Майкл Портер кеңесшілік етті. Жобаның мақсаты – бәсекелестікті дамыту үшін экономикалық қарымы мол басым салаларды таңдау, сол арқылы қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуына жол ашу, өнімдер сапасын халықаралық деңгейге дейін көтеру болып табылады.
Ғалымдардың талдауы нәтижесінде Қазақстан үшін келешегі бар делінген 7 кластер анықталды. Олар: туризм, мұнай-газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдары салалары.
Жалпы мамандар пікірінше, қазір Қазақстан экономикасының дамуы пайдалы қазба байлықтарын шикізат күйінде шетелге сатуға негізделген экономикалық артықшылық есебінен жүзеге асып отыр. Әлемдік тәжірибе бойынша, мұндай ахуал елдің тұрақты экономикалық дамуына бөгет жасап, Қазақстанның дүниежүзілік шикізат нарықтарындағы тауар бағасының ауытқуына тәуелділігін күшейтеді. Сонымен қатар, бұл жағдай «голланд ауруының» бел алуына себеп болмақшы.
Қай елдің болмасын халықаралық тауар нарықтарындағы тұтынушы үшін күресте жеңіп шығуға қабілеті — оның өнеркәсібінің экспортқа арналған жоғары да жаңа технологиялық өнім өндіруге мүмкіндігімен байланысты. Кластерлерді дамыту үшін Үкімет тарапынан шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту, елде қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру, тиімді сауда саясатын жүргізу, ұтымды макроэкономикалық саясат ұстану тәрізді бағыттар маңызды.
Белді экономист сарапшылар, Парламент депутаты, академик Кенжеғали Сағадиев пен Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Лу Брефордың пікірлерінше, елдің халықаралық нарықтағы бәсекеде жеңіп шығу қабілетін көтеру үшін мынадай шаралар қолданылуы тиіс:
- белсенді индустриялық–инновациялық саясат жүргізу арқасында кәсіпорындардың технологиялық қайта жарақтандырылуының мерзімін азайту;
- шикізат базасы, білікті қызметкерлер мен мамандардың арқасында дүниежүзілік қаржы қорлары жұмысының жүйесіне қосылу;
- жаңа жоғары технологиялық тауарлар өндіру мен қызмет түрлерін идеядан — өнімге дейін игеру;
- ұлттық экономиканың диверсификациялануы мен модернизациялануын – қаржылық жағынан қамтамасыз ету;
- инновациялық мақсатқа арналған қаржылық қорлардың үлестірілуі мен қолдануының тиімді механизмін жасау. Бұған басым инновациялық жобалар портфелін жасаушы арнайы салалық ғылыми-инновациялық инжинирингтік орталықтар мысал бола алады;
- инновациялық өндірісті мемлекет тарапынан қолдау мақсатында мұндай өндіріспен айналысушы кәсіпорындарға жобадағы қуатына жеткенге дейін қосымша, мүлік және жер салығынан босату жеңілдігін беру;
- шикізат экономикасына арқа сүйеуді тоқтату.
Әлемдік нарықтағы тиімді ахуалды пайдалана отырып, экономиканың мұнай-газ саласын жоғары технологиялық машина жасау, металл өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, өндірістік әрі әлеуметтік инфрақұрылым салаларын жетілдіруге локомотив ретінде қолдану;
- экономиканың шикізаттық емес салаларында халықаралық деңгейдегі сапаға сай өнім өндірісінің үлесін өсіруді сатылы және тиянақты түрде жолға қою, мұның нақты мүмкіндігі алғашқы пилоттық кластерлерді құру және дамыту барысында қалыптастырылмақ;
- өнеркәсіп салалары үшін инновациялық мүмкіндіктерді іздестіріп, олардың тиімді комбинацияларын құру. Бұл нақты инновациялық жобаны таңдау мен жүзеге асыруға кеп саяды;
- қазақстандық энергетикалық компаниялардың өнімін өткізетін дәстүрлі әлемдік нарықтарда тұтынушы үшін күрестің күшеюі себепті, Қазақстан стандарттарын дүниежүзілік ИСО/МЭК стандарттарына үйлестіру;
- қазір аймақтарда шағын және орта бизнесті қолдау инфрақұрылымы кәсіпкерлік белсенділіктің деңгейіне пропорционал түрде дамуда. Демек, аймақтардағы, яғни облыстардағы бизнес-инфрақұрылымдарды дамытуда олардың әрбірінің күшті әрі әлсіз жақтарын есепке алатын арнайы саясат қажет;
— кәсіпкерлік саласында агенттік түріндегі арнайы өкілетті орган керек. Оның міндеті шағын және орта бизнесті жоспарлы түрде қорғау мен дамыту үшін қолайлы ахуал қалыптастыру болып табылмақ. Бұл жауапкершілік тетігін жасауға және мемлекеттік органдардың орталық әрі жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін шешуде оперативті қимылдауына мүмкіндік береді.
Ел экономикасының халықаралық тауар нарықтарындағы бәсекелестік қабілетін дамыту үшін қолданылып жатқан кластерлік стратегия білім беру мен мамандардың біліктілігі сапасын көтермейінше жүзеге асуы неғайбыл. Қазіргі қоғамда нарық күресінде артықшылыққа көбінесе білім әрі зияткерлік байлық арқылы қол жеткізіледі. Білім беру мен мамандарды даярлау саласының деңгейін көтеру сарапшылар мынадай шаралар ұсынады:
- өнеркәсіп кәсіпорындарының мамандармен қамтамасыз етілуін бақылап отыратын Мониторинг орталығын құру;
- жұмыс берушілердің өз қаржысын кәсіби білім беру, жұмысшылар, инженерлер мен мамандарды даярлау мен біліктілігін арттыруға тарту;
- ірі кәсіпорындар негізінде кәсіптік-техникалық мектептер, колледждер мен университеттер үшін инженерлік-педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеретін әрі қайта даярлайтын жүйе жасау.
Кластерлік стратегияның ел экономикасын шикізатқа тәуелділіктен құтқару үшін ереше маңызды екенін атап өттік. Қазақстанның халық шаруашылығы жүйесі соңғы жылдары қарқынды дамуда. Мәселен, соңғы 4 жылда ЖІӨ-нің өсуі жылына 10% құраған. Ал 2004 жылы бұл көрсеткіш 9,4% құрады, соның ішінде өнеркәсіп өндірісі — 10% болды, ал инфляция 6,9% -тен аспады. Соның нәтижесінде қазір біздегі жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші 2700 долларға жетіп отыр. Бұл 1994 жылдың деңгейінен 4 есе артық. Биылғы жылы бұл көрсеткіш 3000 доллар, ал 2010 ж. – 5800 доллар құрайды деп күтілуде. Сыртқы сауда көлемі 2004 жылы 33 млрд. доллар құраса, ондағы минералдық шикізат үлесінің мөлшері 68,3% -ке жеткен. 1993-2004 жылдар аралығында елге 34 млрд. доллар инвестиция келген, әрине олардың басым бөлігі (3/4 астамы) шикізат өндіру саласына кетіп жатыр. Яғни, экономика шикізат өндіру саласына тәуелділікке беттеп бара жатқандай бейім танытуда.
Мұның бәрі елде шикізаттық емес салаларды дамытудың қажеттілігіне меңзейді. 2004 ж. мұнай мен газ өндіру елде 59,4 млн. тоннаны құраса, Үкімет жоспары бойынша 2010 жылы бұл көрсеткіш — 90-95 млн.тонна, ал 2015 жылы — 150 млн. тоннаға жетпек. Кластерлік бастаманы жүзеге асыру арқылы Қазақстан экономикасының шикізаттық емес салаларын көтеру, олардың халықаралық нарық бәсекесінде жеңіп шығу қабілетін арттыруды қолға алу – бүгінгі өмірдің өз талабы.
Кластерлерді дамыту үшін таңдалып алынған жеті салада алғашқы шаралар қолға алынып та жатыр. Мұнда әзірше басты назар пилоттық (тәжірибе ретіндегі) кластерлерді ұйымдастыруға бағытталып отыр. Мәселен, құрылыс материалдарын өндіру сферасында бүкіл ел бойынша үш кластер құру жоспарланған, мұндай кластерлер құрылыс материалдарына деген сұраныс ерекше қауырт өсіп отырған Астана тәрізді қалалар аясында жүзеге аспақ.
Экономика ғылымдарының докторы, профессор Арыстан Есентүгеловтың пікірінше, кластерді жасау және дамыту әр кластердің мәселелерін ғана емес, кластерді құру үшін таңдалған экономиканың жеті саласының жүйелік мәселелерін тұтастай шешуді талап етеді. Бұл үшін мемлекет пен жеке бизнестің тығыз интерактивті диалогы қажет. Мұндай диалог нәтижесінде мемлекет жүйелі мәселелерді шешу жөнінде өзіне міндеттемелер алады (нақты саланың дамуына дем беру үшін заңнаманы жетілдіру, мамандарды даярлау мен қайта даярлау, стандарттау мәселелері, инфрақұрылымды жетілдіру, т.б.), ал жеке бизнес болса, кластер аясында нақты бизнес-жобаларды жүзеге асыруға кіріседі. Алайда әр түрлі «дөңгелек үстелдер» мен жиналыстар көрсетіп жатқандай, әзірше ел бойынша жеке бизнес мемлекеттік орындармен мұндай диалогқа баруда сылбырлық танытып отыр. Бұған бір жағынан кеңес заманынан қалған саяси, азаматтық және құқықтық мәдениеттің жетіспеуі де әсерін тигізуде.
3.2. Кластерлердің дамуына қажетті жағдайлар.
Сонымен отандық кластерлердің аяғынан нық тұрып кетуі экономиканың шикізаттық емес салаларында әлемдік сапа стандарттарына сай өнім өндіруге кең жол ашылуы тиіс. Бұл Қазақстанның болашақтағы экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету дегенді білдіреді. Ал кластер бөгетсіз дами алуы үшін ұлттық экономиканың шикізаттық емес салаларында жеке бизнестің бастамаларына қолдау көрсетіп, ол салалардың дамуына заңнамалық әрі институционалдық шарттар жасау қажет. Бұл үшін келесі шаралар қолданылуы тиіс:
1. Елде ішкі инвестициялар үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау. Бұл тұрақты саяси ахуал, қанағаттанарлық макроэкономикалық көрсеткіштер тәрізді нәрселерден тыс отандық жеке бизнестің инновациялық бастамаларына салыққа, несиелеуге және мемлекеттік орындар тарабынан бақылауға қатысты жан-жақты қолдау көрсету керек дегенді білдіреді. Қазақстан 2003 жылы Дүниежүзілік банктің шешімі бойынша инвестиция салу үшін тартымды ең озық 20 ел қатарына енді. Енді елдің сыртқы экономикалық саясатын бұдан әрмен ырықтандырып, мемлекеттегі инвестициялық ахуалдың – соның ішінде инновациялық өндіріспен айналысушы отандық шағын және орта бизнес үшін — барлық құрамдас бөліктері бойынша осы оң үрдістің сақталуын қадағалап отыру керек;
- заңнама саласында экономиканың дамуы үшін ұтымды дайын тауар өндірісімен айналысушы отандық кәсіпорындарға инвестициялық жеңілдіктер берілуін бекіту. Бұл әрине өнеркәсіп салаларына қатысты қолданылуы тиіс шара. Жеке бизнесті ынталандыру үшін жеке табыс , әлеуметтік және қосымша құн салықтарының деңгейін келешекте әлі де азайта түсуді қарастырған жөн (қазір бұлардың жоғары деңгейі тиісінше 20%, 20% және 15 % — ке тең);
- елдің Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына тез және қолайлы түрде енуіне жан-жақты жағдай жасау. Бұл шара Қазақстан экономикасының әлемдік экономикаға интеграциялануына жәрдемдеседі;
2.Инновациялық дамуға дем беруші қаржы институттары жүйесін одан әрі дамыту. Елдегі Ұлттық инновациялық қор, Даму банкі, Инвестициялық қор т.б. тәрізді (жиынтық түрде жарғылық қоры бүгінде 1 млрд. доллардан асып кеткен) арнайы мемлекеттік қорлармен қатар инновациялық дамуға қаржы бөлуді қалайтын жеке меншік қаржы қорларының дамуына жол ашу абзал. Кей елдер тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мемлекеттік қаржы қорлары кейде экономикалық жағынан тиімсіз, мемлекет басындағы топқа ғана тиімді саяси мақсаттағы жобаларды қаржыландыруға бейім тұрады. Жеке меншік қаржы қорларының дамуы бұған бөгет қояр еді;
3. Қаржы нарығын ары қарай жетілдіру. Елде әлі күнге дейін қор биржасы толық күшінде жұмыс істей алмай отыр. Бұның басты себебі акционерліқ қоғамдарды тіркеуде жарғылық қордың міндетті ең аз көлемінің тым жоғары боп отырғанында. Осыны тиімді мөлшерге дейін (мәселен, 100 мың теңгеге дейін) азайтқан дұрыс. Бұл көрсеткіштің жоғарылығы венчурлік, инновациялық бизнестің елде қарқынды жетілуіне бөгет қояды. Сонымен қатар, зейнетақы қорларындағы уақыт өткен сайын құнын текке жоғалтып жатқан салымдарды (көлемі бірнеше жүз миллиард теңгеге жеткен) тартымды инновациялық жобаларға бағыттауға жол ашу абзал;
— Кластерді дамыту стратегиясының өзін тағы да бір қайта қарап шығу. Бұл стратегияны жасаған ғалымдар аз еңбектенген жоқ. Мақтауға тұрады. Сонымен қатар, соңғы уақытта Қазақстан экономикасының ресми анықталған 7 саласынан (туризм, мұнай-газ машиналарын жасау, тамақ өнеркәсібі, тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдары) тыс әлемдік нарықта өнімі сұраныс тауып отырған жаңа салалар айқындалып жатыр. Мәселен, электр энергиясын өндіру саласы бұған дәлел. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан Қытай мен Үндістан болашақта электр энергиясын тұтынатын зор рынокқа айналады. Бұларда қазірдің өзінде аталған энергия қоры жетіспеуде. Қытай Үкіметі өкілдері Қазақстан электр энергиясын импорттауға қызығушылық танытып отыр. Демек, жаңа нарықтық мәліметтер негізінде кластер стратегиясын уақыт өткен сайын жетілдіріп, қажетті мемлекеттік шаралар қолдану керек.
Қазақстан — 15 млн. ғана адам тұратын ел, яғни ішкі нарықтың аясы тар. Демек, кластерлер дамуы елдің Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы шараларымен ұштастырыла жүргізілуі керек. Яғни, сыртқы сауда саясатын мүмкіндігінше толық ырықтандыру қажет болады. Бұл отандық өндірушінің Қазақстан ішінде шетелдік өндірушімен тұтынушы үшін күресте бетпе-бет қалатынын білдіреді. Қазір шетелдік өндірушінің (Батыс елдеріндегі) тауары отандық өндірушінікінен арзанырақ әлі сапалырақ. Олардың тегеурінін тек қолдан жасалған жоғары баж салығын алу арқылы (яғни, бағасын жасанды түрде қымбаттатумен) ғана ұстап отырмыз. Болашақта мұндай саясат ұтысқа әкеледі. Себебі мұндай жасанды жеңілдік жолы отандық өндірушінің өз өнімінің тауарлық сипаттарын (соның ішінде, бағасы мен сапасы бойынша) жетілдіруге деген ынтасын төмендетіп, жалпы ұлттық экономиканың тұтынушы үшін күрестегі әлеуетін әлсіретеді.
Қазақстанға Шығыс Еуропа елдерін тұтынушы үшін бәсекеде жеңіп шығуға қабілеттілік көрсеткіші бойынша қуып жету керек. Ол әсіресе өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы салаларына тікелей қатысты. Бұл үшін еліміздің кластерлік стратегиясын жүйелі түрде орындап шығу аса маңызды. Сонда ғана ертеңгі ел еңсесінің биік болуына берік іргетас қаланады.
Қорытынды.
1. Жоспарлау жалпы түрде мақсаттарды ғылыми дайындау мен таңдауды қосатын, оған жету жолдары мен ресурстарды анықтайтын ағымдағы ақпараттарды өңдеуге негізделген басқару шешімін қабылдау мен дайындау процесін көрсетеді.
2. Индикативті жоспарлау (лат. тілінен “indicator” – бағдар) – дирекивті емес, мемлекеттік деңгейдегі кеңес беруші, бағыттаушы жоспарлау. Мемлекеттің кеңесіне сәйкес жұмыс істеуге келісетін коммерциялық фирмалар үшін мемлекет тарапынан қаржылық және өзге де ынталандырушы шараларды құру мен өндіріс дамуының ұсынылған мақсаттарын анықтау арқылы экономикалық процестерді реттеу әдісі.
3. Индикативті жоспарлаудың бұл жүйесі « Қазақстан – 2030 » даму стратегиясын жүзеге асыру инструменті болып табылады және Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуының ұзақмерзімді ( он жылдық), ортамерзімді ( бес жылдық) және ағымдағы ( жылдық) жоспарларын, сонымен бірге облыстардың, Алматы және Астана қалаларының даму жоспарын қосады.
4. Ғалымдардың талдауы нәтижесінде Қазақстан үшін келешегі бар делінген 7 кластер анықталды. Олар: туризм, мұнай-газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдары салалары
Қолданылған әдебиеттер:
1. 1. Ашимбаева А.Т. Структура экономики: закономерности формирования, тенденции и приоритеты развития. Алматы, Дайк- пресс, 2000 г.
2. Бибатырова И.А. Государственное регулирование национальной экономики.Алматы, Қазақ университеті,2004 г.
3. Кубаев К.Е. Индикативное планирование в Республике Казахстан. Алматы, Қазақ университеті,2003 г.
4. Басовский Л.Е. Прогнозирование и планирование в условиях рынка. Москва, Инфа-М, 2003 г.
5. Современный экономический словарь. Под. ред. Райзберга Б.А.,-1998.- 134стр.
6. Волчкова Л.Т. Планирование социально-экономического развития: Теория, методология, организация. Учебно-методическое пособие. СП б., 1999;
7. Батин В.-Индикативное управление от Франции до Татарстана./Время и деньги.-№3.-2001
8. Экономическая и социальная политика Франции./Российская-Французская серия информационных материалов.-№36.-1995
9. Правила разработки индикативных планов социально-экономического развития Республики Казахстан, утвержденные постановлением Правительства Республики Казахстан от14 июня 2002 года за №647.
10. www.stat.kz.
11.www. kazinform. ….