Егер мен сынып жетекшісі болсам» жазу

2. Тәрбиешінің білімін жетілдіру жолдары қандай?

Әдебиеттер

Негізгі:

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

Қосымша:

1. Конвенция о правах ребенка. Учитель Казахстана. 5.07.1999.

2. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

3. Ақназаров Б.А. Класс жетекшісі. А. 1973.

4. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А. 1978.

5. Ілиясова Н.А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі /14-лекция/ А. 1991.

6. Синица И.И. Педагогический такт и мастерство учителя.

7. Иванов и.П. Энциклопедия коллективных творческих дел.. М. 1989.

8. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

9. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

Егер мен сынып жетекшісі болсам» жазу 1

Кіріспе

2005 жылдан бастап Қазақстан ЖОО оқыту кредиттік технология жүйесінде жүруде. Кредиттік технология оқытудың дербестігін, студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) мәні жоғары сапада болуын талап етеді. СӨЖ ұйымдастырудың негізі студенттердің дәрісханадағы және дәрісханадан тыс жұмыстарын тұтас, үздіксіз жүйесіне айналдыруды көздейді.

Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәнінен жүргізілетін СӨЖ негізгі міндеттері:

1. Студенттердің лекция барысында алған білімдерін бекіту, тереңдету және кеңейту.

2. Студенттерде ғылыми-педагогикалық әдебиеттермен, анықтамалықтармен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

3. Студенттерді негізгі педагогикалық іскерліктермен қаруландыру.

4. Студенттердің шығармашылық қабілеттері мен педагогикалық бағытта ойлауын дамыту.

5. Студенттердің болашақ мұғалім ретінде педагогика ғылымына, педагогикалық қызметке деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.

СӨЖ дайындалғанда әр студент:

  • ұсынылған әдебиеттерді оқып-үйренуге;
  • реферат, баяндама дайындауға;
  • практикалық тапсырманы орындауға;
  • өз пікірін қорғауға;
  • тақырып бойынша қосымша материалдар жинақтауға міндетті.

Студенттердің өзіндік жұмыстары қамтиды:

  • реферат, кейс, кроссворд, проблемалық міндеттерді шешу, т,б, үй тапсырмаларын орындауды көздейді (Үй тапсырмаларын студент кітапханада, т,б, орындарда орындайды).
    3 стр., 1226 слов

    Экономика. Экономиканың негізгі элементтері

    ... экономикалық, одан артық экономика трансформациялық көлбеудің жоғарғы деңгейге к ... негізгі құрамы және экономикалық ойлауды қалыптастырушы.Экономикалық ғылымның негізгі бөлігі ретінде кіретіндер экономикалық ... Экономика кәсіпкерлікке қатысты сұрақтарға да жауап береді, неге биржалар к ... әуелді. Өздерінің әрекет ету сипатына қарай экономикалық заңдар ерекше ж ... Өндірістік мүмкіншілік көлбеуі 5 нүкте маңында ...

оқытушының тапсырмаларды орындау жайлы кеңес пен ұсыныстары. Бұл жерде семестр бойы жүйелілікті сақтау керек. СӨЖ тиімділігі оның әдістемелік қамтылуына байланысты. Ең алдымен, оқулықтар мен оқу құралдары, оқытушылар құрастырған әдістемелік нұсқаулар, Интернет ресурстары, оқу залының мүмкіндігі, т.б. құралдар.

Тапсырмаларды орындағанда оқулықтармен қатар сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялар, т.б. құралдарды пайдаланып, соңында көрсету керек.

СӨЖ тапсырмалары

Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы

СӨЖ тапсырмалары

Ұсынылатын әдебиеттер

СОӨЖ бақылау формасы

Тапсыру

уақыты

№ оқу құралы Беті, тарау
1 Тәрбие үдерісі-тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі Әртүрлі әдебиеттерден «тәрбие жұмысы», «тәрбиелік жүйе», «тәрбие үдерісі» ұғымдарына анықтама беріңіз

Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8

жазбаша ІХ
2 Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі И.П.Иванов, Л.И.Новикова, В.А.Караковский, Ю.П.Сокольников, Н.Е.Щуркова тәрбиелік жүйелерін салыстыру және талдау.

Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8

жазбаша ІХ
3 Қазіргі мектептің тәрбие жұмысы процесіндегі педагогикалық қолдау Оқушылардың әртүрлі категорияларымен жүргізілетін педагогикалық қолдаудың өзіндік өзгешелігі бар екендігін дәлелдеңіз

Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8

жазбаша ІХ
4 Тәрбие технологиясы – тәрбие жұмысындағы кәсіптік шеберліктің элементі Басылым беттерін оқып, мына сұраққа жауап беріңіз: Технология және тұлға, олардың қанадй мәселесі бар және оны қалай шешуге болады?

Н.Ә. 3,4,5. Қ.Ә. 7,8,9

жазбаша ІХ
5 Мектепте, сыныпта тәрбие жұмысын жоспарлау Мектептің тәрбиелік жүйесіне мысал келтіріңіз

Н.Ә. 3,4,5. Қ.Ә. 7,8,9

жазбаша Х
6 Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесі Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің технологиялық картасын құрастырыңыз.

Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 2,8

жазбаша Х
7 Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері Жеке сыныптағы балалар қарым-қатынасын психологиялық жағдайын байқау және талдау негізінде өзіңіздің пікіріңізді білдіріңіз

Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8,9

жазбаша Х
8 Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмыстарының жүйесі Қиын балалармен тәрбие жұмысының технологиялық картасын құрастырыңыз

Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8,9

жазбаша Х
9 Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі Дарынды балалармен тәрбие жұмысының технологиялық картасын құрастырыңыз

Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8,9

жазбаша ХІ
10 Саламатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі Тақырып бойынша тәрбиелік іс-шаралардың педагогикалық картасын құрастыру

Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8,9

жазбаша ХІ
11 Кәсіби бағдар беру жұмысының әдістемесі Кәсіби бағдар беру мақсатымен сауалнама құрастырыңыз

Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8,9

жазбаша ХІ
12 Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық әрекеттестік технологиясы Ата-аналарға арналған баяндама дайындаңыз

Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8,9

жазбаша ХІ
13 Балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы тәрбие жұмыстары Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің технологиялық картасын құрастырыңыз.

Н.Ә. 3,4,5. Қ.Ә. 7,8,9

жазбаша ХІІ
14 Оқушының тәрбиелілігін диагностикалау әдістемесі Сынып жетекшісі пайдаланатын диагностика әдістеріне сипаттама беріңіз

Н.Ә. 3,4. Қ.Ә. 8,9

жазбаша ХІІ
15 Тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандыру Сынып жетекшілеріне арналған семинардың жоспарын құру

Н.Ә. 3,4,5. Қ.Ә. 7,8,9

жазбаша ХІІ

Реферат тақырыптары

1. Қоғамның дамуы және тәрбиенің ролі

2. Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері

3. Тәрбие және жеке баланың дамуы

4. Мұғалімнің тәрбие жұмысы

5. Тәрбие процесінің ерекшеліктері

6. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу жолдары

7. Балалар ұжымын қалыптастыру жолдары

8. Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері

9. Экологиялық тәрбие

10. Салауатты өмір салты

11. Тәрбие әдістері

12. Еңбек тәрбиесіндегі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

13. Мінез-құлық эстетикасы

14. Адамгершілік тәрбиесі

15. Тәрбиенің негізгі принциптері

16. Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсат-міндеттері

17. Бала дамуына әсер ететін факторлар

18. Дарынды балалар және олардың қабілеттілігінің диагностикасы

19. Оқушыларды тәрбиелеуде халық педагогикасын құрал ретінде пайдалану

20. Педагогикалық ынтымақтастықтың негізі халық дәстүріндегі бірлескен іс-әрекет

21. Қазіргі оқушы тұлғасын әлеуметтендіру мәселелері

22. Толық емес отбасындағы балаларды тәрбиелеу мәселелері

23. Сынып жетекшісінің шығармашылық іс-әрекеті

24. Тұлғаның қалыптасуындағы өзін — өзі тәрбиелеудің орны.

25. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы тұлғаның саяси және құқық мәдениетінің мәні, міндеттері, мазмұны.

26. Жеке адамның эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың міндеттері, мазмұны, ерекшеліктері.

27. Ұжым тәрбие обьектісі және субьектісі ретінде.

28. Отбасындағы бала тәрбиесі

29. Тәрбие процесінде халықтық педагогиканы қолдану.

30. Дене мәдениеті және оны тәрбиелеу ерекшеліктері.

Н.4.02-07

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

БЕКІТЕМІН

Кафедра отырысы шешімімен

Кафедра меңгерушісі

___________ Мурзина С.А.

(қолы) (аты-жөні, тегі)

5В01000 Білім бағытындағы педагогикалық мамандықтар

(мамандық шифры, атауы)

2,3,4 курс, 3,5,7 семестр

Оқыту түрі: күндізгі

пәні бойынша

(атауы)

І аралық бақылау

МАТЕРИАЛДАРЫ

«06» 10 2015 ж. № 2 хаттама

Көкшетау, 2015

І нұсқа

1. Тәрбие процесін оның мақсатына сай ұйымдастырудың тәсілдерінің жиынтығы

А) Тәрбие әдістері

В) Тәрбие принциптері

С) Тәрбие заңдылықтары

Д) Тәрбие теориясы

Е) Тәрбие әдістемесі

2. Қоғамның талаптарына сай жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыруға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы бірлескен әрекет

А) Оқыту процесі

В) Тәрбие процесі

С) Тәрбие әдістері

Д) Тәрбие теориясы

Е) Тәрбие әдістемесі

3. Тәрбие мақсатының қоғамның қажеттілігіне қарай өзгеруі тәрбиенің қай ерекшелігі

А) Біртұтас процесс

В) Қоғамдық құбылыс

С) Мақсатты процесс

Д) Көпжақты процесс

Е) Ұзақ әрі күрделі процесс

4. Тәрбие процесіне отбасы, мектеп, қоғамның қатысуы тәрбиенің қай ерекшелігі

А) Біртұтас процесс

В) Қоғамдық құбылыс

С) Мақсатты процесс

Д) Көпжақты процесс

Е) Ұзақ әрі күрделі процесс

5. Жеке адамның қалыптасуы ұзақ уақытқа созылуы тәрбиенің қай ерекшелігі

А) Біртұтас процесс

В) Қоғамдық құбылыс

С) Мақсатты процесс

Д) Көпжақты процесс

Е) Ұзақ әрі күрделі процесс

6. Тұлғаның өзінің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне сын көзбен қарауы

А) Үйрету

В) Өзіне-өзі баға беру

С) Өзін-өзі тәрбиелеу

Д) Қайта тәрбиелеу

Е) Тәрбиелеу

7. Өзін-өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші

А) Мотив

В) Сендіру

С) Мақсат

Д) Міндет

Е) Сынау

8. Тәрбие процесінде тәрбиешілер ескеретін басты ереже

А) Заң

В) Заңдылық

С) Принцип

Д) Форма

Е) Міндет

9. Тәрбие процесіндегі жетекші принцип

А) Талап пен құрметтің бірлігі

В) Өмірмен байланыс

С) Еңбек арқылы тәрбиелеу

Д) Мақсаттылық

Е) Жас және дербес ерекшеліктерді ескеру

10. Тәрбие беруді қоғамдағы өзгерістермен байланыстыру принципі

А) Талап пен құрметтің бірлігі

В) Өмірмен байланыс

С) Еңбек арқылы тәрбиелеу

Д) Мақсаттылық

Е) Жас және дербес ерекшеліктерді ескеру

11. Ұжымдық әрекет арқылы тәрбиелеу принципі

А) Талап пен құрметтің бірлігі

В) Өмірмен байланыс

С) Еңбек арқылы тәрбиелеу

Д) Мақсаттылық

Е) Ұжым арқылы тәрбиелеу

12. Тәрбие шараларының сабақтастығын талап ететін принцип

А) Жүйелілік

В) Өмірмен байланыс

С) Еңбек арқылы тәрбиелеу

Д) Мақсаттылық

Е) Жас және дербес ерекшеліктерді ескеру

13. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері

А) Талап қою, жаттықтыру, үйрету

В) Әңгіме, лекция, пікірталас, өнеге

С) Бұйыру, нұсқау

Д) Мадақтау, жазалау

Е) Тапсырма беру, жаттықтыру

14. Ынталандыру әдістері

А) Талап қою, жаттықтыру, үйрету

В) Әңгіме, лекция, пікірталас, өнеге

С) Бұйыру, нұсқау

Д) Мадақтау, жазалау

Е) Тапсырма беру, жаттықтыру

15. Ақыл ой тәрбиесінде баланың қандай қабілеттері артады

А) Эстетикалық

В) Дене

С) Танымдық

Д) Ұйымдастырушылық

Е) Дидактикалық

16. Жағымды мінез құлық нормалары мен ережелерінің жиынтығы

А) Белсенділік

В) Қабілет

С) Еңбексүйгіштік

Д) Адамгершілік

Е) Қарым қатынас

17. Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралы

А) Өнер

В) Спорт

С) Оқу

Д) Еңбек

Е) Дін

18. Барлық сыныптарда міндетті түрде ұйымдастырылатын шара

А) Жарыс

В) Әңгіме

С) Тәрбие сағаты

Д) Сынып жиналысы

Е) Экскурсия

19. Тоқсан, жыл қорытындысын талқылайтын шара

А) Жарыс

В) Әңгіме

С) Тәрбие сағаты

Д) Сынып жиналысы

Е) Экскурсия

20. Барлық сыныптарда өтетін тәрбиелік шара

А) Жарыс

В) Әңгіме

С) Тәрбие сағаты

Д) Сынып жиналысы

Е) Экскурсия

21. Пікір алмасу арқылы өтетін тәрбиелік шара

А) Жарыс

В) Әңгіме

С) Дебат

Д) Сынып жиналысы

Е) Диспут

22. Білімділердің сөз сайысы

А) Жарыс

В) Әңгіме

С) Дебат

Д) Сынып жиналысы

Е) Диспут

23. Балалардың дене және рухани күштерін қалпына келтіретін орын

А) Демалыс лагері

В) Мектеп

С) Спорт сарайы

Д) Бассейн

Е) Мәдениет сарайы

24. Балалардың ақыл-ойын дамытатын шара

А) Тәрбие сағаты

В) Дебат

С) Экскурсия

Д) Интеллектуалдық ойын

Е) Жарыс

25. Ойынның, конкурстың нәтижесін кім анықтайды

А) Сынып жетекші

В) Мұғалім

С) Қазылар алқасы

Д) Қатысушылар

Е) Оқушылар

ІІ нұсқа

26. Тәрбиенің негізгі заңдылықтары, принциптері туралы білімдердің жүйесі

А) Тәрбие әдістері

В) Тәрбие принциптері

С) Тәрбие заңдылықтары

Д) Тәрбие теориясы

Е) Тәрбие әдістемесі

27. Тәрбие мақсатының нақты әрі айқын болуы тәрбиенің қай ерекшелігі

А) Біртұтас процесс

В) Қоғамдық құбылыс

С) Мақсатты процесс

Д) Көпжақты процесс

Е) Ұзақ әрі күрделі процесс

28. Жеке тұлғаның бірнеше қасиеттерін бір мезгілде қалыптастыру тәрбиенің қай ерекшелігі

А) Біртұтас процесс

В) Қоғамдық құбылыс

С) Мақсаты процесс

Д) Көпжақты процесс

Е) Ұзақ әрі күрделі процесс

29. Баланың мінез-құлқындағы жағымсыз қылықтарды жою

А) Үйрету

В) Қайта тәрбиелеу

С) Өзін-өзі тәрбиелеу

Д) Өзіне-өзі баға беру

Е) Тәрбиелеу

30. Қайта тәрбиелеу неден басталады

А) Сенім арту

В) Жазалау

С) Мадақтау

Д) Кемшілікті сынау

Е) Кемшіліктің себебін анықтау

31. Тәрбие процесі компоненттерінің арасындағы байланыс

А) Заң

В) Заңдылық

С) Принцип

Д) Форма

Е) Міндет

32. Баланы еңбек ете білуге тәрбиелеу принципі

А) Талап пен құрметтің бірлігі

В) Өмірмен байланыс

С) Еңбек арқылы тәрбиелеу

Д) Мақсаттылық

Е) Жас және дербес ерекшеліктерді ескеру

33. Тәрбиедегі ізгілік пен ынтымақтастықты талап ететін принцип

А) Талап пен құрметтің бірлігі

В) Өмірмен байланыс

С) Еңбек арқылы тәрбиелеу

Д) Мақсаттылық

Е) Жас және дербес ерекшеліктерді ескеру

34. Тәрбиеде әр баланың көзқарасын, мінез құлқын ескеру принципі

А) Талап пен құрметтің бірлігі

В) Өмірмен байланыс

С) Еңбек арқылы тәрбиелеу

Д) Мақсаттылық

Е) Жас және дербес ерекшеліктерді ескеру

35. Қоғамдық мінез құлықты қалыптастыру әдістері

А) Этикалық әңгіме

В) Әңгіме, лекция, пікірталас, өнеге

С) Талап қою, жаттықтыру, үйрету

Д) Мадақтау, жазалау

Е) Әңгіме, әңгімелесу

36. Тұлғаның ақыл ойына, санасына ықпал ететін тәрбие әдісі

А) Мадақтау, жазалау

В) Бұйыру, нұсқау

С) Талап қою

Д) Әңгіме, лекция, пікірталас

Е) Жаттықтыру, үйрету

37. Жек тұлғаның дене күштері мен ағзасын дамытудың негізгі факторы

А) Сабақ

В) Дене тәрбиесі

С) Әңгіме

Д) Еңбек

Е) Тамақтану

38. Тұлғаның мамандықты дұрыс таңдауына әсер ететін тәрбие түрі

А) Еңбек тәрбиесі

В) Дене тәрбиесі

С) Әңгіме

Д) Сабақ

Е) Тамақтану

39. Оқушылардың мемлекет заңдарына құрметпен қарауын талап ететін тәрбие түрі

А) Еңбек

В) Дене

С) Эстетикалық

Д) Экологиялық

Е) Құқық

40. Көркемөнерпаздар үйірмесі қай тәрбиені ұйымдастыру түріне жатады

А) Адамгершілік

В) Экологиялық

С) Эстетикалық

Д) Дене

Е) Құқықтық

41. Сынып жетекші мен оқушының тікелей қарым-қатынасының негізгі түрі

А) Сынып сағаты

В) Пікірталас

С) Сабақ

Д) Әңгіме

Е) Жиналыс

42. Оқушыларда адамгершілік қасиетті қалыптастыратын шара

А) Жарыс

В) Әңгіме

С) Тәрбие сағаты

Д) Сынып жиналысы

Е) Экскурсия

43. Оқу жылындағы жетістіктерді талдауға арналған шара

А) Жарыс

В) Әңгіме

С) Тәрбие сағаты

Д) Сынып жиналысы

Е) Экскурсия

44. Білімдарлардың сөз додасы

А) Жарыс

В) Әңгіме

С) Дебат

Д) Сынып жиналысы

Е) Диспут

45. Жоғары сынып оқушыларының пікір айтуын қалыптастыратын шара

А) Жарыс

В) Әңгіме

С) Дебат

Д) Сынып жиналысы

Е) Диспут

46. Демалыс лагерінде балалардың бос уақытын дұрыс өткізуге көмектесетін басты тұлға

А) Директор

В) Тәрбиеші

С) Дәрігер

Д) Мұғалім

Е) Жолдасы

47. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіретін шара

А) Тәрбие сағаты

В) Жиналыс

С) Конкурс

Д) Спорттық жарыс

Е) Әңгіме

48. Әншілер, бишілер конкурсы қай тәрбие түрін ұйымдастыру формасы

А) Экологиялық

В) Эстетикалық

С) Дене

Д) Құқықтық

Е) Адамгершілік

49. Оқушылардың денсаулығын шыңдауда маңызды

А) Тәрбие сағаты

В) Сынып жиналысы

С) Кітапхана

Д) Туристік жорық

Е) Интеллектуалдық ойын

50. «Кім миллион ұтып алады?» — қандай тәрбие шарасы

А) Тәрбие сағаты

В) Сынып жиналысы

С) Кітаппен жұмыс

Д) Туристік жорық

Е) Интеллектуалдық ойын

Н.4.02-07

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

БЕКІТЕМІН

Кафедра отырысы шешімімен

Кафедра меңгерушісі

___________ Мурзина С.А.

(қолы) (аты-жөні, тегі)

5В01000 Білім бағытындағы педагогикалық мамандықтар

(мамандық шифры, атауы)

2,3,4 курс, 3,5,7 семестр

Оқыту түрі: күндізгі

пәні бойынша

(атауы)

ІІ аралық бақылау

МАТЕРИАЛДАРЫ

«06» 10 2015 ж. № 2 хаттама

Көкшетау, 2015

І нұсқа

1. Тәрбие мақсаты

a) жеке адамды қалыптастыру

b) жоғарғы идеалды қалыптастыру

с) қатынасты қалыптастыру

d) білімді адамды тәрбиелеу

e) мәдениетті, білімді, қоғамға пайдалы тәрбиелеу.

2. Тәрбие дегеніміз

a) тәрбиешінің қызметі

b) жеке адамның дамуын басқару

c) педагогикалық қызмет

d) жеке адамның өзін-өз жетілдіру мақсатындағы іс-әрекеті

e) арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс

3. ҰШІ (КТД) әдістемесін жасаған жаңашыл педагог

a) Е.Н.Ильин

b) И.П.Волков

c) И.П.Иванов

d) И.А.Амонашвили

e) С.Н.Лысенко

4. Тәрбиенің мақсаты және міндеттері анықталады

a) ата-аналардың қалауымен және қызығушылығымен

b) елдің саяси басшысының шешімімен

c) халық ағарту министірлігінің шешімімен

d) қоғамдағы өзгерістермен және қоғамның қажеттілігімен

e) оқушылардың қызығушылығымен

5. Орта мектептегі ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері

a) жалпы білім беру мен жеке басты, жан-жақты дамуын қантамасыз ету

b) оқушыларды қазіргі заман талабына сай ғылым негіздерімен қаруландыру, таным қабілеттерімен білім қызығуларын арттыру

c) оқушылардың ынтасы мен білім құштарлығын тәрбиелеу

d) өздігінен білім алудың тиімді әдіс-амалдарын менгеру

e) оқушылардың ойлау қызметін ғылыми тұрғыда ұйымдастыру

6. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері

a) жеке бастың моральдік өрік-жігер қасиетін қалыптастыру

b) парасаттылық пен ар-ұятты тәрбиелеу

c) жеке бастын әдепттілік сезімін қалыптастыру

d) адамгершілік сезім, сана мінез-құлық нормаларын қалыптастыру

e) этикалық нормаларды қалыптастыру

7. <test>

Эстетикалық тәрбиенің мақсаттары

a) эстетикалық сезіммен талғамды тәрбиелеу

b) әсемдік жасай білу іскерліктері мен дағдыларын меңгеру

c) эстетикалық сезіммен талғамды, және творчестволық қабілеттерін дамыту, іскерлікпен дағдыны қалыптастыру

d) табиғаттағы әсемдікті дұрыс түсініп қабылдап білу

e) денені шынықтыру

8. Тәрбие принциптері дегеніміз

a) тәрбиешінің оқушыны тәрбиелеуде басшылыққа алатын педагогикалық талаптар

b) тәрбие жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру талаптары

c) педагогикалық теорияның негізгі ережелер

d) педагогикалық теорияға қойылатын негізгі талаптар жүйесі

e) білмеймін

9. Жан ұя тәрбиесінде басты рольді кім атқарады

a) анасы

b) әкесі

c) отбасы

d) әжесі

e) үлкен аталар және әпкелер

10. Тәрбие әдісі дегеніміз

a) тәрбие жұмысының формасы

b) жеке тұлғаның қалыптасу жолы

c) жеке тұлғаға ықпал өту тәсілі

d) тәрбие мақсатына жету жолы

e) тәрбиенің түрлі құралдары

11. Тәрбие тәсілі дегеніміз

a) тәрбие әдісінің деталі

b) тәрбие шараларының өткізілуі

c) дәстүрлі емес тәрбие жұмыстары

d) мақсатқа жету жолы

e) оқушыға мақсат көздеп ықпал ету

12 Жан-жақты мәдениетті тұлға дегеніміз

a) жеке тұлға бірнеше тілді игерген (басқа халықпен диалог жасауға ұмтынған)

b) өз ана тілін игерген адам

c) өз мәдениеттің, тарихын білетін адам

d) басқа халықтардың мәдениетінен хабары мол адам

e) басқа халықтардың салт-дәстүрін білетін адам

13 Адамның дамып жетілуіне кім ең алды жауапты

a) мектеп

b) бала-бақша

c) отбасы

d) құрбы-құрдастар

e) қоғам

14 Қазіргі мектеп жағдайындағы еңбек тәрбиесінің міндеттері.

a) оқушының кәсіби бағытына мүмкіндік туғызу

b) оның денсаулығын шынықтыру

c) жеке бастың моральдік – ерік жігерін қалыптастыру

d) жауапкершілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу

e) жоғарыда келтірілген жауаптарды қоса алғанда

15 Дене тәрбиесінің мазмұны

a) оқушылардың денсаулығын шынықтыру, дұрыс өмір сүрүге дағдыландыру

b) спорт және дене шынықтыру мәдениетін дамыту мен насихаттау

c) оқушылардың санитарлық – гигиеналық дағдыларын қалыптастыру

d) салауатты өмір салтына тәрбиелеу

e) жоғары жауптарды қоса алғанда

16 Жеке басты қалыптастыру және дамыту шарттары негізінен неге байланысты

a) тәрбиенің жалпы бағыты мен мазмұны

b) жеке адамның тұқым қуалаушылық және биологиялық ерекшеліктері

c) ата-аналардың материалдық жағдайларына байланысты

d) тұқым қуалаушылық, әлеуметтік орта және тәрбиеге байланысты

e) мәдениет, орта, тұқым

17 Азаматтық – саяси тәрбиенің міндеттері

a) ұлтаралық келісім және ынтымақтастық рухта тәрбиелеу

b) азаматтық пен ұлттық патриот сезімді қалыптастыру

c) жеке бастың саяси сана–сезімін мәдениетін және қоғамдық саяси белсенділігін қалыптастыру

d) жоғарыда келтірілген жауаптардың бәрін қоса алғанда

e) сұлулыққа тәрбиелеу

18 Жанұя тәрбиесінің негізгі түрі

a) адамгершілік тәрбиесі

b) еңбек тәрбиесі

c) ақыл-ой тәрбиесі

d) эстетикалық тәрбие

e) дене тәрбиесі

19. Ынталандыру әдістер тобын белгілеңіз

a) әңгіме, түсіндіру, үлгі-өнеге, жазалау

b) мадақтау, жазалау, жарыс, ойын,

c) жаттығулар, мадақтау, үйрету, талап қою

d) әңгіме, тәрбиелік ситуация, бақылау, үйрету

e) мадақтау, бұйрық, өтіну, ақыл айту

20. Оқушылардың сана-сезімін қалыптастыру әдістер тобын белгілеңіз

a) этикалық әңгіме, лекция, әңгіме, диспут

b) мұғалімнің беделі, қоғамдық пікір, түсіндіру, бақылау

c) жарыс, иландыру, баяндама, тапсырма беру

d) сендіру, түсіндіру, үлгі-өнеге, мадақтау

e) талап қою үйрету, жарыс, ақыл айту

21. Жеткіншек шақтағы негізгі әрекетті белгілеңіз

a) ойын

b) қарым-қатынас

c) оқу

d) еңбек

e) спорт

22. Орта мектептегі балалар коллективіне жатпайтынын белгіле

a) педагогикалық ұжым тәрбие жұмысының басты мақсаты

b) оқушылардың үлгерімі мен тәртібін жақсартудың маңызды педагогикалық құрал

c) педагогикалық қатысуды қажет етпейтін балалар бірлестігі

d) жеке басты қалыптастырудың қажетті шарттары

e) оқушылардың бір мақсатқа жету үшін жауапкершілікке, достыққа әрекеті

23. Жоғары сынып оқушылрына тән негізгі әрекетті белгілеңіз

a) ойын

b) қарым-қатынас

c) оқу

d) еңбек

e) спорт

24 ҰШІ (КТД) әдістемесін жасаған жаңашыл педагог

a) Е.Н.Ильин

b) И.П. Волков

c) И.П. Иванов

d) И.А.Амонашвили

e) С.Н. Лысенко

25. «Жұлдыз» бағдарламасының авторы кім?

a) Е.А. Дмитриенко

b) Г.А. Уманов

c) М. Кұрсабаев

d) С. Қалиев

e) И.П.Иванов

ІІ нұсқа

26. «Жұлдыз» бағдарламасындағы «Жас ұлан» қанша жастағыларға арналады?

a) 6-8 жас

b) 9-11 жас

c) 12-14 жас

d) 15-18 жас

e) 18-20 жас

27. «Атамекен» бағдарламасы қанша бағыттан тұрады?

a) 25

b) 30

c) 35

d) 20

e) 28

28. Тәрбиенің мақсатын кім анықтайды?

a) оқушы өзі

b) ата-анасы

c) мұғалім

d) мемлекет

e) мектеп

29. Мақсаттылықпен өзін-өзі тәрбиелеу қай жаста басталады?

a) 3-5 жас

b) 6-12 жас

c) 13-16 жас

d) 16-18 жас

e) 18-20 жас

30. Қазіргі таңдағы отбасы функциясының қандай түрі ақсайды?

a) экономикалық

b) әлеуметтік

c) үй-тіршілік

d) тәрбиелік

e) репродуктивтілігі

31. Жұлдыз бағдарламасындағы «Балапан» қай жастағыларға арналады?

a) 6-8 жас

b) 9-11 жас

c) 12-14 жас

d) 15-18 жас

e) 18-20 жас

32. Жұлдыз бағдарламасындағы «Балдырған» қай жастығыларға арналады?

a )6-8 жас

b) 9-11 жас

c) 12-14 жас

d) 15-18 жас

e) 18-20 жас

33. Тәрбие теориясы мен методикасын зерттеу проблемаларына жатпайтынын белгіле

a) жеке тұлғаның дамытып қалыптастыруда тәрбие процесінің мәнін белгілеу

b) тәрбие процесінің мазмұнын белгілеу

c) білім берудің мазмұнын анықтау

d) тәрбие әдісін белгілеу

e) тәрбие жұмысының жүйесін зерттеу

34. Сана сезімді қалыптастыру әдістері

a) әңгіме, лекция, дискуссия

b) мадақтау, жазалау

c) жарыс, ойын

d) оқу, еңбек

e) қарым-қатынас, іс-әрекет

35. Абай өзінің нешінші қара сөзінде отбасындағы тәрбиені сынға алды

a) 10

b) 15

c) 20

d) 32

e) 35

36 Адамның өмір сүретін әлеуметтік қоршауы

a) отбасы

b) мектеп

c) ұстаз

d) достары

e)орта

37 Ақыл-ой қабілетін қалыптастырудың негізгі құралы

a) мектепте оқыту

b) тәрбие

c) икемділік

d) мотив

e) шеберлік

38. Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістері

a) мадақтау, жазалау, жарыс, жаттығу жұмыстары

b) түсіндіру, әңгімелер, үлгі-өнеге, лекциялар, пікірталас

c) педагогикалық талап, үйрету, жаттығу, тапсырма, ситуация туғызу

d) педагогикалық байқау, шығармалар жазу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі сендіру

e) тұқым қуалаушылық, биологиялық ерекшеліктер, ата-аналардың материалдық жағдайы

39. Арнайы тәрбиелік міндеттерді шешуге арналған, мақсат көзімен ұйымдастырылған әдістемелік жолдар дегеніміз не?

a) тәрбие құралдары

b) оқыту әдістері

c) дидактика

d) оқыту функциялары

e) оқыту принциптері

40. Тәрбие әдісінің жеке бір бөлігі не?

a) адамның сенімі

b) мінез-құлығы

c) педагогикалық талап

d) тәрбие тәсілдері

e) педагогикалық байқау

41. Оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалап және көтермелеп отыруда педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы қалай аталады?

a) жарыс

b) мадақтау

c) тәрбиелеу

d) оқыту

e) дамыту

42. А.С.Макаренконың балаларды отбасында тәрбиелеу жөніндегі өте маңызды ғылыми және көркем әдебиеттерін атаңыз.

a) “Атан-аналар кітабы”, “Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялары”

b) “Мұнара үстіндегі тулар”, “Ұстаздық дастан”

c) “Семья және мектеп”,

d) “Мектептегі өзін-өзі басқарушылық туралы”, “Халық ағарту ісі және демократия”

e) “Адам тәрбиесі”, “Балалар әлемі”

43. Қайта тәрбиелеу процесін ұйымдастырғанда, педагогтар оқушылардың қандай ерекшеліктерін бақылаулары қажет?

a) отбасын

b) ортасын

c) жынысын

d) жас ерекшелігін

e) психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін

44. Төмендегі сендіру әдістерінің дұрысын көрсетіңіз

a) әңгіме

b) ойын

c) жарыс

d) жаттықтыру

e) нандыру

45. Тәрбиеші шеберлікке қандай жолдар арқылы жетеді?

a) іздену

b) дарындылық

c) тәжірибе жинақтау

d) білімділік

e) ойшылдық

46. Өзінде адамгершілік қасиеттерін баулып , теріс қылықтарды жоюға бағытталған, адамның жүйелі және саналы әрекеті дегеніміздің мазмұны нені көздейді ?

a) Ілгері дамыту

b) өзінің позициясын білу

c) мақсат кою

d) өзін — өзі бақылау

e) өзін — өзі тәрбиелеу

47.Адамның әдептілігін, сыпайылығын, өнегелілігін, қарапайымдылығын білдіретін қасиетті белгілеңіз

a) еріктілік

b) тындырымдылық

c) міндеттілік

d) ізеттілік

e) сыпайыгершілік

48 Ұжымдық істің мәні

a) әрбір және барлық балаларды әр жақты дамыту

b) қалыптастыру, әлеуметтік өмірге олардың белсенді, мейірімділікпен қызмет етуі

c) шығармашылық жолдастық қатынас

d) қамқорлық, сергектік, бойындағы рух

e) жоғардағы жауаптарды қоса алғанда.

49 «Жұлдыз» бағдарламасының мәні неде?

a) Жарқын өмір сүруіне, қиындықтарды жеңуіне , нағыз достар тауып, бақытты болуына көмектеседі

b) Баланың қоғамдық тілегімен және үйлесушілігін негізделген әлеуметтік табиғи мақсатқа сәйкестендіру

c) Беріктік, өзара қызығушылық, ынтымақтастық

d) Шығармашылық іскерлік жауакершілігі

e) өзара әрекетесуші жастардың ерекшелігін игере отырып, тең құқықты серік болуы

50. Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесіне жатпайтынды белгілеңіз

a) қайыпрымдылық, достық

b) елге, жерге, Отанға қайырымды

c) бойындағы бар асыл қасиетін халқына, ұлтына жасауға арнаған адамзат

d) немқұрайлық , жауапсыздық, талапсыздық т.б.

e) жоғарыдағы жауаптарды қоса алғанда

Ф.4.02- 05

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

БЕКІТЕМІН

Кафедра отырысы шешімімен

Кафедра меңгерушісі

___________Мурзина С.А. (қолы) (аты-жөні, тегі)

5В01000 Білім бағытындағы педагогикалық мамандықтар

(мамандық шифры, атауы)

2,3,4 курс, 3,5,7 семестр

Оқыту түрі: күндізгі

Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәні бойынша

(атауы)

қорытынды бақылау

Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәнінен

емтихан сұрақтарының тізбесі

1- Бөлім. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері бойынша сұрақтар:

1. «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні, міндеттері.

2. «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінің негізгі ұғымдары: тәрбие, тәрбие жүйесі, тәрбиедегі қарым-қатынас, тәрбие әрекеті, тәрбие жұмысы, тәрбиелік шар, тәрбие ісі, тәрбие технологиясы, тәрбие құралы, формалары мен әдістері және тәрбие тәсілдері, педагогикалық менеджмент.

3. «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінің философия, психология, физиология, педагогикалық және жас ерекшелігі психология, әлеуметтану, этнопедагогика және басқа да ғылым салаларымен байланысы.

4. Тәрбие жүйесі: мәні, құрылымы және негізгі компоненттері, олардың өзара байланысы.

5. Тәрбие жүйесін құру және дамыту міндеттері.

6. Қазіргі мектептегі тәрбие жүйесі мазмұнының проблемалары.

7. Тәрбие жүйесінің қалыптасу деңгейін анықтау өлшемі.

8. Қазақстан мектептеріндегі тәрбие жүйесі.

9. Мектептің тәрбие жүйесі мектептің біртұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы ретінде.

10. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар мектептің тәрбие жүйесінің субъектісі ретінде.

11. Мектептің тәрбие жүйесін басқару (педагогикалық менеджмент).

12. Мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары және оның қызметі.

13. Педагог-мұғалімнің тәрбиелік әрекеті.

14. Сынып жетекшісінің әрекеті мектептегі тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастырудың жағдайларының бірі ретінде.

15. Педагогикалық рефлексия сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының қажетті кезеңі ретінде.

16. Мектеп психологы, әлеуметтік педагог, күнұзақ тобының тәрбиешісі, балалар, ата-аналар және мектептегі басқадай бірлестіктер мектептің жалпы тәрбие жүйесінде.

17. Сыныптағы тәрбие жұмысының жүйесі мектептің тәрбие жүйесінің компоненті ретінде.

18. Мектептің және сыныптың тәрбие жұмысы жүйесінің өзара байланыстылығы.

19. Сыныптың тәрбие жүйесінде мектептің тәрбие жүйесі әрекетінің мақсатын, міндеттерін, мазмұнды бағыттарын, түрлерін және формаларын өзара байланысын қамтамасыз ету.

20. Сыныптың тәрбиелік жүйесі тәрбиелеуші және дамытушы орта ретінде.

21. «Орта» — тәрбие жүйесінің компоненті.

22. Педагогикалық ортаны құру оқушылардың тәрбие жүйесінің субъектілерінің әлеуметтенуі және қалыптасу проблемаларын шешу мүмкіндігі ретінде.

23. Сыныптың тәрбиелеуші ортасы және оны дамыту.

24. Сынып жетекшісінің тәрбиелеуші ортаны ұйымдастыру және дамыту технологиясы.

25. Тәрбие жұмысы, тәрбие жүйесінде оның мәні – тәрбие жұмысына педагогикалық қолдау.

26 Қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмасында педагогтың қызметі ретінде.

27. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы: міндеттері, мазмұны, қызметі.

28. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының көптүрлігі.

29. Мектептен тыс тәрбие жұмысы тәрбие жұмысының бөлінбес компоненті ретінде: міндеттері, ұйымдастыру принциптері мен мазмұны, формалары және әдістері.

30. Мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық талаптары.

31. Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің түрлері, қызметтері және міндеттері.

32. Мектептен және сыныптың мектептен тыс мекемелермен сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен және бірлестіктермен, білім, мәдени-ағартушылық ұйымдарымен, мәдени және ғылыми орталықтармен, ұлттық мәдени орталықтар, «Денсаулық» ұлттық орталығы және т.б өзара әрекеттесуі.

33. Оқушылардың мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының өзара байланысы.

2-Бөлім. МЕКТЕПТЕ ОҚУШЫЛАРМЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

34. Мектеп және сыныптың тәрбие жұмысы нәтижесінің психологиялық-педагогикалық диагностикасы.

35. Сынып жетекшісінің оқушылармен тәрбие жұмысының психологиялық-педагогикалық диагностикасы және оның негізгі қызметі.

36. Сыныптың педагогикалық процесінің диагностикалық жағдайын зерттеу әдістемесі.

37. Сыныптың оқу-тәрбие процесінің нәтижесі туралы ақпарат (бастапқы, тактикалық, жедел) диагностиканың негізі ретінде.

38. Сыныптың педагогикалық процесінің нәтижесі бойынша диагностикалық мәліметтер алудың зерттеу әдістемесі.

39. Оқушылардың жеке басының тәрбиелік жағдайының диагностикасы және сынып ұжымының даму деңгейі.

40. Оқушылар және сынып ұжымы диагностикасына қойылатын талаптар.

41. Оқушылар және оқушылар ұжымы диагностикасының шамамен алынған бағдарламасы мен әдістемесі.

42. Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар мен балалар ұжымының дамуын және мектеп пен сыныпта тәрбие жұмыстарының стратегиясын алдын-ала болжау, анықтау.

43. Тәрбие жұмысын жоспарлау көздері.

44. Тәрбие жұмысының жоспарын құруда педагогикалық талаптарды ескеру.

45. Тәрбие жұмысын жоспарлауда сынып жетекшісі, мұғалімдер, оқушылар және ата-аналардың өзара әрекеттесуі.

46. Мектеп пен сыныптың тәрбие жұмысының жоспары: түрі, құрылымы және мазмұны.

47. Мектептің және сыныптың сыныптан тыс тәрбие жұмысы жоспарының өзара байланысы.

48. Оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу формалары мен технологиясы.

49. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі формалары.

50. Тәрбие жұмысында қолданылатын белсенді әдістер, әдістемелік тәсілдер және құралдар.

51. Тәрбиелік шараларды ұйымдастырудың технологиясы.

52. «Сынып сағаты» оқушылармен сыныптан тыс тәрбие сабағы ретінде: міндеттері, қызметі, ерекшеліктері, негізгі компоненттері, құрылымы.

53. Сынып сағатының көптүрлігі және олардың өзара байланысы.

54. Сынып сағатын даярлау және өткізу технологиясы.

55. Сынып сағаты тақырыптарын таңдау.

56. Сынып сағатының мақсатын, міндеттерін, формаларын, мазмұнын, құралдарын, құрылымын және әдістемесін анықтау.

57. Сынып сағатын даярлау және өткізу технологиясы.

58. Сынып сағатын ұйымдастыру талаптары (сыныптан тыс тәрбие сабақтары): жүйелік, кешенділік, бірізділік, пайдалылық, қарапайымдылық, әрекеттілік және т.б.

59. Тәрбие жұмыстарын талдау формалары мен ерекшеліктері.

60. Сыныпта тәрбиелік шараларды ұжым болып талдау.

61. Сыныпта оқу жылында өткізілген тәрбиелік шараларды ұжым болып талдауды ұйымдастыру.

62. Мектеп және сынып ұжымын қалыптастыру және дамыту оқушыларды тәрбиелеуші дәне дамытушы орта ретінде.

63. Балалардың әр түрлі әлеуметтік топтарын бірыңғай бірлестікке ықпалдастыру.

64. Ұжымдық шығармашылық істер: қызметі, принциптері, құрылымы, ұйымдастыру алгоритмдері.

65. И.П.Иванов бойынша ұжымдық шығармашылық істердің сипаттамасы.

66. Ұжымдық әріптестіктің тұлғалық бағдарлығы.

67. Балалар ұжымында жеке оқушымен жұмыс істеу.

68. Дарынды және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалармен тәрбие жұмысы.

69. Сынып ұжымында оқушыларды өзін-өзі басқаруы: маңызы, принциптері, қызметтері.

70. Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамытудың нәтижелі шарттары.

71. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы оқушылар ұжымында өзін-өзі басқарудың жоғары органы ретінде.

72. Сыныпта оқушылар жиналысын ұйымдастыру және өткізудің әдістемесі.

73. Отбасы сынып оқушыларын тәрбиелеуші және дамытушы ортаны қалыптастырушы және баланың негізгі тәрбиешісі ретінде.

74. Сынып жетекшісінің оқушының отбасымен ұйымдастыру – педагогикалық жұмысы.

75. Ата-аналармен дәстүрлі және шығармашылық формадағы жұмыстар.

76. Педагогтар, оқушылар және ата-аналардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру әдістемесі.

77. Балалардың ұйымдары мен бірлестіктері сынып оқушыларын тәрбиелеуші және дамытушы ортаны қалыптастырушы ретінде.

78, Қазіргі кездегі балалар мен жастардың бірлестіктері: түрлері, құрылымы, бағыттары, мазмұны.

79. Балалардың бейресми ұйымдары мен бірлестіктері.

80. Сынып жетекшісінің оқушылардың ресми және бейресми ұйымдары немесе бірлестіктерімен жұмысы.

« 06 » 10 2015ж. Хаттама № 2

Н.4.02-07

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

БЕКІТЕМІН

Кафедра отырысы шешімімен

Кафедра меңгерушісі

___________ Мурзина С.А.

(қолы) (аты-жөні, тегі)

5В01000 Білім бағытындағы педагогикалық мамандықтар

(мамандық шифры, атауы)

2,3,4 курс, 3,5,7 семестр

Оқыту түрі: күндізгі

пәні бойынша

(атауы)

тест сұрақтары

«06» 10 2015 ж. № 2 хаттама

Көкшетау, 2015

<question>Тәрбие процесін оның мақсатына сай ұйымдастырудың тәсілдерінің жиынтығы

<variant>Тәрбие әдістемесі

<variant>Тәрбие принциптері

<variant>Тәрбие заңдылықтары

<variant>Тәрбие теориясы

<variant>Тәрбие әдістері

<question>Қоғамның талаптарына сай жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыруға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы бірлескен әрекет

<variant>Тәрбие процесі

<variant>Оқыту процесі

<variant>Тәрбие әдістері

<variant>Тәрбие теориясы

<variant>Тәрбие әдістемесі

<question>Тәрбие мақсатының қоғамның қажеттілігіне қарай өзгеруі тәрбиенің қай ерекшелігі

<variant>Қоғамдық құбылыс

<variant>Біртұтас процесс

<variant>Мақсатты процесс

<variant>Көпжақты процесс

<variant>Ұзақ әрі күрделі процесс

<question>Тәрбие процесіне отбасы, мектеп, қоғамның қатысуы тәрбиенің